2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.07.2017
ҚР Парламент Мәжілісінің депутатымен кездесу өтті

2017 жылдың 28 шілдесі күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының мәжіліс залында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағусова «Қазақстан – 2050» ҚР Елбасының стратегиясын қолдайтын Қоғамдық қорының еңбек ұжымы қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының бастауыш партия ұйымының төрағаларымен кездесу өткізді.


Аталмыш кездесуге «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасының орынбасары Қ. Т. Табеев, «Қазақстан – 2050» ҚР Елбасының стратегиясын қолдайтын Қоғамдық қордың президенті Е. Б. Қасымов, партия активі, кіші және орта бизнес өкілдері және партияның аудандық филиал қызметкерлері қатысты. 

Кездесу барысында денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетке шығу жасының ұлғайту заңнамасы мәселелері қаралды. Гүлжан Қарағусова Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауын басты тақырып етті, экономиканы реформалау және Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар маңызды міндеттер қойылғанын айтты. 

«Биылғы жолдауында мемлекет басшысы республикада басталған «Қазақстан–2050» стратегиясын нығайту, жаңғырудың үшінші толқынына аса көңіл бөлді және бәсекеге қабілетті мемлекетті жасау жаңа өмірдің шарттары деді. Стратегия негізінде ұлт Жоспары бес институционалдық реформалар бойынша қаланған. Негізгі басымдықтар – экономиканы жедел технологиялық жаңарту, сандық технологиялар саласының жаңа перспективаларды құрау. Президентіміз, Халқымыздың көсбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы арқылы біз өзімізге маңызды міндеттерді көреміз», – деді ол. 

Гүлжан Қарағусова сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің қызметі туралы айтты және мемлекеттік бағдарламаларға, жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлікке байлынысты сұрақтарға жауап берді. Мәжіліс депутаты халықпен ашық диалог құрудың маңыздылығын айтып,, ол арқылы халықтан жаңа ұсыныстар ала аламыз - деді. Кездесуге қатысушылар сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. 

Қатысқандардың ішінде Парламент Мәжілісінің депутатына жеке өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. 

Мысалы: - Медицина университеттеріндегі Педиатрия және Терапия факультеттерін қалпына келдтірді ме? Жауап: - Бұл мәселемен ұзақ уақыт бойы айналысып, қалпына келтіруге қол жеткізді. 

- Еңбек кітапшасында 1997-2005 ж.ж. аралығы жазылмаған, не істесе болады? Жауап: - 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана тағайындалатын болды. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына еңбек өтілі) істеп шыққан өтілін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналар аударылған кезеңін (зейнетақы жарналары аударылған нақты өтілі) қосады». Ведомствода түсіндіргендей, егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 %-ын құрайды. 

Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады, өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда КД 100 %-ын құрайды. «Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді», - деп, Г. Қарағусова атап өтті. 

- 7 бала тәрбиелеп отырған, көпбалалы ана жеке тұрғын үйіне табиғи газды тегін орнатып беруді сұрады. Е. Б. Касымов бұл сұрақты өз құзіретіне алып, жылыту маусымына дейін, шешілетінін айтты.

28.07.2017