Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.09.2018
«Тіл – парасат!» атты қалалық байқауға әуезовшылар қатысты

2018 жылдың 28 қыркүйегі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айгерім Исалиеваның қатысуымен, Алматы қаласының № 200 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында, Алматы қаласы арнайы орта оқу орындарының қазақ ұлттары емес оқушыларының арасында «Тіл – парасат!» атты қалалық байқау өтті. 


Аталмыш іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру аясында және Алматы қаласы Тілдерді дамыту сы 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіліп отыр. 

Шараның мақсаты аудандағы жастар арасында мемлекеттік тілді жетілдіру және насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ тілінде сөйлеуді дамыту болып отыр. 

Байқауға Әуезов ауданынан Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айша Жұмабекова дайындаған, түрік оқушысы Найля Мемишева қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.


28.09.2018