Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.09.2019
Мұғалімдер күніне орай, жарыс өтті

2019 жылдың 28 қыркүйегі күні, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, № 133 жалпы білім беретін орта мектептің спорт залында, Мұғалімдер күніне орай, аудан аумағында орналасқан мектептердің мұғалімдері арасында, волейбол мен шахматтан және үстел теннисінен жарыс өтті. 


Бұл спорттық шара Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын, «ҚР 2011-2020 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауданда жастар арасында дене шынықтыру мен спортты көтеру және дамыту мақсатында өткізілді. 


Жарысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жасұлан Иманбеков және Әуезов аудандық спорт координаторы Берік Ақбаев қарсы алды. Олар мұғалімдерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт, еңбекте табыс және алдағы бәсекеде жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді. Жеңіске жеткен командалар аудан әкімінің кубоктарымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.


28.09.2019