Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

28.12.2017
Балаларға арнайы жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды

2017 жылдың 28 желтоқсаны күні, Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Алматы қаласы Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру мақсатында, Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының қызмет алушы балаларға арнайы жаңа жылдық іс-шаралар өткізілді. 


Осы күні «Қаз Мұнай Газ» АҚ қызметкерлері балаларға тәттілер мен ойыншықтар табыстады. Сыйқырға толы мерекені тағатсыздана күтетін бүлдіршіндер үшін бұл сыйлықтар көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жағымды әсер тарту етті. 

Сонымен қатар, дәл осы күні «Мемлекеттік қуыршақ театры» КМҚК шақыруымен Орталық бүлдіршіндері жаңа жылдық шыршаға қатысты. Тәрбиеленушілер театр әртістері, Аяз ата және Ақшақармен бірге жаңа жылдық шыршаны жағып, бірге би белеп, тақпақ айтып, өз ақ тілектерін жолдады. Жаңа жылдық шырша аяқталғаннан кейін, театр әртістерінің қатысуымен, «Су асты Патшалығындағы Жаңа жыл» атты ертегіні тамашалады. Қойылым соңында театр әкімшілігі мүмкіндігі шектеулі жандарға өз тараптарынан тәттілер сыйлады. Балаларға деген шексіз махаббаты мен мейірімі үшін, қуыршақ театры ұжымына, «Әуезов аудандық мүгедекетерді бейімдеу және оңалту орталығы» КММ ұжымы атынан, алғыс хат табыс етілді. 

Сонымен қатар қызмет алушыларға «Nestle Food Kazakhstan» ЖШС тарапынан жаңа жылға сыйлық ретінде тәттілер үлестіріліп берілді.

28.12.2017