Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.03.2018
Қалалық Мәслихат депутаты жастармен кездесті

2018 жылдың 29 наурызы күні Алматы қаласының мәслихат депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Кенжехан Матыжанов, Әуезов ауданы аумағында орналасқан, «Сауран» қайырымдылық мекемесінде студент жастармен кездесті. 

Кездесу барысында Кенжехан Матыжанов жастарды Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде айтылған бастамалардың болашағымыз үшін маңыздылығын баяндады. Ол бірінен соң бірі жарық көрген екі бірдей жаңа құжаттың халықтың әлеуметтік ахуалын көтеруді көздеуге тікелей бағытталғандығына жан-жақты түсінік беріп өтті. 

Бұдан әрі, халық қалаулысы өз сөзін Жолдаудың жетінші қадамында: «адамзат өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеялы, Қазақстанның партиоттары» - деген Елбасының сөзімен байланыстыра келе, еліміздің бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатына қол жеткізуде сала мамандары үшін де, жастар үшін де жайбарақаттылық дегеннің болмау керектігін тілге тиек ете отырып, жастарды рухани тұрғыдан жігерлендірді. 

Іс-шара барысында қанымызға сіңіп кеткен кейбір келеңсіз қағидағар мен түсініктерді өзгертіп, ұлттық рухымызды жаңаша жаңғыртудың маңыздылығын ұғынған жастар екі бірдей маңызды құжаттардағы айтылған мәселелер төңірегінде өз ойларымен бөлісті.

29.03.2018