Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.06.2018
Қалалық жас ақындар айтысы өткізілді

2018 жылдың 29 маусымы күні, Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Жазушылар Одағының ғимаратында, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел ордасы – Астана!» атты қалалық жас ақындар айтысы өткізілді. 


Аталмыш шараға Алматы қаласының мемлекеттік мекемелерінің ресми өкілдері, зиялы қауым, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ тілшілері, әдебиет сүйер қауым, студент жастар мен оқушылар және тағы басқалар шақырылды. 

Айтысқа Алматы қаласының әр ауданынан 16-30 жас аралығындағы 2 ақын қатысып, бақ сынады. Әуезов ауданы әкімі аппаратының атынан шыққан екі айтыскер ақынымыз жүлделі орындарды иеленді. Мәселен, Әуезов ауданынан қатысқан үміткер Мырзаханұлы Қанат бас жүлдеге ие болса, тағы бір үміткер Айтбай Мөлдір жүлделі бірінші орынды иеленді. Наурызбай ауданы әкімі аппаратының атынан қатысқан үміткер Ибрагим Алтынбек жүлделі екінші орынға ие болды. Жетісу ауданы әкімі аппаратының атынан қатысқан үміткер Садырұлы Жалғас жүлделі үшінші орынды иеленді. Айтыстың жүлдегерлері мен қатысушылары арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

29.06.2018