Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.06.2018
Ұлттық домбыра күні аталып өтті

2018 жылдың 29 маусымы күні, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында, Елбасы Н. Назарбаевтың қол қойған жарлығына сәйкес, Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай, мерекелік «Күй кеші» өткізілді. 


Іс-шара барысында № 1 Музыкалық мектептің директоры Бұлбұл Оспанова жас өнерпаздарға сәттілік тілеп, күй кешінің шымылдығын ашып берді. 

Әуезов ауданында орналасқан оқу орындарының талантты жастары қатысқан күй кеші төл мәдениетімізді шыңдай түсті. Қалалық және республикалық деңгейде өткен байқаулардың жеңімпазы болып табылатын топтар арасынан «Мұрагер», «Балдаурен» домбырашылар ансамблдерін атап өтуге болады.

29.06.2018