2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.07.2017
Жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы

2017 жылдың 29 шілдесі күні «Нұр Отан» Әуезов аудандық филиалының «Білікті ұстаз» бастауыш партия ұйымы «БАҰО» «Өрлеу» АҚ басқармасында, партияның «Жастар – Отанға!» жобасын жүзеге асыру барысында, «Жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу – «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 


Ғылымдар филиалының директорының орынбасары, саяси ғылымдар докторы, доцент Толқын Әуелғазина іс-шараны ашып, Мемлекетіміздің Елбасының бекіткен «Мәңгілік ел» идеясының міндеттеріне байланысты тұрақты және гүлденген Қазақстанды қалыптастыру үшін заңды және объективті негізделген курс бар екенін айтты. Оның айтуынша, бүгінде отбасында және мектепте патриоттық сезімін дамытуға ерекше назар аударған жөн, өйткені балалық пен жастық шақ – өз Отанына деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін, өз халқын қадірлеуге, ел тарихын үйрену үшін ең берекелі кезең. Сонымен қатар, қазіргі заман және болашақ ұрпақпен байланыс орнатылуы, ел тағдырына жастардың қатыстылығын сезіндіру, оның тарихы болуы тиіс. 

Осыған байланысты, Елбасының басшылығымен, «Нұр Отан» партиясы осы бағытта маңызды әрі жүйелі жұмыстар жүргізеді. Өз сөздерінде дөңгелек үстелге қатысушылар бір пікірге келді, әрбір қазақстандық үшін «Мәңгілік Ел» өз еліне және өз халқына деген адалдық және сүйіспеншілікпен байланыстырылады. Сонымен қатар, білім беру және жастарды патриоттық тәрбиелеу-еліміздің дұрыс болашағы, бүгінгі таңда басты мәселенің бірі стратегиялық мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен партия қызметін дамыту болып табылады. Бұл педагогтардың кәсіби жұмыстарында көрсетілуі тиіс, сапалы оқытумен қатар жастардың бойында ерте жастан бастап патриоттық сезімге баулу және тәрбиелеу олардың міндеті.

29.07.2017