Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.12.2017
Жас акындардың сайысы ұйымдастырылды

2017 жылдың 29 желтоқсан күні, Әуезов ауданы әкімі аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының, «ХХІ ғасырда ұлттық сананы жаңарту, ұлттық бірегейлікті сақтау» аясында, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің Әуезов ауданының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен мектеп оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай, «Тәуелсіздік тұғырым» атты аудандық деңгейде жас ақындар айтысы өткізілді. 


Айтыстың мақсаты тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген құндылықтарды, елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты дәріптеу арқылы ақындық өнерді дамыту, ұлттық өнеріміздің және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілін білу деңгейін көтеру, жас, дарынды ақындардың қабілеттерін арттырып, көрсету, қазақ тарихында өзіндік орындары бар ұлы тұлғаларымыздың асыл мұраларын дәріптеу болды. 

Айтысқа 18 үміткер, яғни 9 жұп тапсырыс беріп, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Жас ақындар айтысын бағалау үшін Әуезов аудандық филиалының саяси Бюро кеңесінің мүшесі, «Игілік» журналының редакторы Меруерт Әйтенова; Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Мұратқан Шоқан; Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының төрайымы Жаңыл Апетова және тағы басқалар шақырылды. Бас жүлде Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мектеп-интернат, колледжнің оқушысы Орынбай Дастанға бұйырды. 1 орынды Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің студенті Калиев Ибрахим иеленсе, 2 орын Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің студенті Ерназар Бота және Алматы мемлекеттік электронды технологиялық колледж студенті Муратов Жеткерген бөлісті. 3 орынды Алдажаров Жәнібек Алматы бағалау және құрылыс колледжінің студенті, Жунусов Ерғазы Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің студенті, Бейсенбеков Абай 173 мектеп-лицей оқушысы иеленді. 

Барлық қатысқан үміткерлер алғыс хатпен марапатталды. Жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.

29.12.2017