Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

29.01.2015
Соғыс ардагерлеріне қамқорлық көрсетілді

Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының және «Жас Отан» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге, еңбек майданы мен жалғыз басты қарттарға қамқорлық көрсету мақсатында, әртүрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. 

2015 жылдың 29 қаңтарында, Алматы қаласындағы энергетика және электронды технологиялар колледжінің оқушылары-жасотандықтар, Ұлы Отан соғысының ардагері Марченко Дмитрий Андреевичтің үйіне барды. Олардың мақсаты өскелең ұрпақты қарттарға қамқорлық көрсете отырып, олардың өткен өмірлерінен үлгі алу, жақсылықты үйрену, халықытың салт- сана әдет–ғұрпын бағалай отырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. 

Марченко Дмитрий Андреевич 1923 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. «І дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен», «Қызыл Жұлдыз» төс белгісімен, «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Г.К. Жуков», «Ерлігі үшін» және басқа да атақ ордендермен марапатталған. Әңгіме барысында, жастар соғыс ардагерінің аузынан, өзі куә болған сұрапыл соғыс жайында естіді. 

Сонымен қатар өздерінің ойларында жүрген әртүрлі сұрақтар қойып, қарияның кешегі ауыр тағдырдан бүгінгі бейбіт өмірге дейінгі оқиғаларын қызыға тыңдасты. Жастар қарияның айтқан әңгімесінен талай-талай өздеріне тылсым әңгімелер жайында естіді. Осындай әртүрлі әңгімеммен сусындаған жастар Дмитрий Андреевичтің үйіне жиірек келіп тұратындарын айтып, ол кісіге зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі.

29.01.2015