Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.05.2019
Аудан әкімі орташа жөндеу учаскелерін аралап шықты.
Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев "Комфорс" ЖШС-мен жүзеге асыратын орташа жөндеу учаскелерін Ю. Ким, Шаймерденов, Алматы, Пятницкий, Центральная, Сайын (Сайын және Жандосов көшелерінің қиылысы) және Ақсай-1 ықшамаудандағы Сайын көшесінен спорт мектебіне дейінгі өтпе жолдар аралап шықты.

Аралау барысында әкімі мердігерлік ұйым өкілдерімен жұмыс мерзімдерін, көлік қоятын қалталар мен тротуарларды жоспарлауды, сондай-ақ басқа да жұмыс сәттерін талқылады. Мәселен, Алматы көшесінің бойында жолдың төменгі бөлігінде су басуды жою мақсатында және арық желісін салу мүмкін еместігіне байланысты жаңбыр суларын ағызу және жинақтау үшін коллектор салу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, жұмыс сапасына, құрылыс қоқыстарын шығаруға, ағаш түбірлерін бұзуға қатысты ескертулерді жою бойынша тапсырмалар берілді. Айта кету керек, 2019 жылы Әуезов ауданында Сайын көшесінің Жандосов, Шаляпин және Абай көшелері қиылысындағы жол айрықтарындағы 3 тоннель және 14 көшені жөндеу жұмыстары жоспарланған.

30.05.2019