Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.09.2019
Отбасылар күніне орай, эстафета өтті

2019 жылдың 30 қыркүйегі күні, Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, № 1 мектеп-гимназияның спорт залында, Отбасы күніне орай, ауданның көпбалалы және аз қамтылған отбасылары арасында, эстафета өтті. 


Бұл спорттық шара Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын, «ҚР 2011-2020 жылдарға арналған дене шынықтыру мен спортты дамыту» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауданда тұрғындары арасында дене шынықтыру мен спортты көтеру және дамыту мақсатында өткізілді. 


Жарысқа қатысушыларды Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жасұлан Иманбеков қарсы алды. Ол сайысқа қатысушыларды Отбасы күнімен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт, еңбекте табыс және алдағы бәсекеде жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді. Жеңіске жеткен командалар аудан әкімінің мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.


30.09.2019