Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017
«Менің тұңғыш Президентім!» тақырыбында іс-шара өтті

2017 жылдың 30 қарашасы күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалдың бастамасымен, № 122 жалпы білім беретін мектептің бастауыш партия ұйымында, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ!» жобасы аясында және Тұңғыш Президент күніне орай, бастауыш сыныптар арасында «Менің тұңғыш Президентім!» тақырыбында іс-шара өтті. 


Іс-шараның мақсаты қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылды. 

Іс-шара барысында оқушылар Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолына тоқталып, Елбасының еліміз үшін аянбай еңбек еткендігі жайында айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік рәміздерге жеке-жеке тоқталып, тарихын айтты. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енгендігі, ҚР – ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданғандығы, Астананың ауысқандығын және жақында болып өткен ЭКСПО-ға да тоқталды. Іш-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Оқушылар осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендіктерін сезінді. Іс-шара «Менің елім!» (сөзі: Н. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов) әнімен аяқталды.

30.11.2017