Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.11.2017
Жастар арасында «тоғыз құмалақтан» жарыс өтті

2017 жылдың 30 қарашасы күні, Әуезов ауданының әкімі аппараты мен Д. Қонаев атындағы Колледждің ұйымдастыруымен, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, аудан аумағында орналасқан арнайы орта оқу орындары арасында «тоғыз құмалақ» ойынынан жарыс өтті. 


Жарыстың міндеті «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау және аудандағы жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтыруға әрі спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ынталандыру болып табылды. 

Жарысқа Әуезов ауданында орналасқан 10 колледжден жинақталған командалар қатысып, әр команда 2 ұл және 1 қыз баладан құралды. Жарыстың шарты бойынша командалар топқа жеребе тастау арқылы бөлініп, жарысқа қатысатын әр студенттің студент билеті, команданың жарысқа қатысу туралы өтініші және денсаулығы туралы дәрігердің мөрі қойылған анықтама қағазы болуы міндеттелді. 


Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды Алматы технико-экономикалық қатынас жолдар колледжі иеленді, 2 орынды Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі мен АВИМЕД медицина колледжі, ал 3 орынды Д. А. Қонаев атындағы Колледжі мен Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі иеленді. Жеңімпаздарға аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

30.11.2017