Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30.01.2015
Ардагерлер үйінде сенбілік өтті

2015 жылдың 30 қаңтарында Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының және «Жас Отан» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Алматы қалалық «Ардагерлер үйінің» айналасына, сенбілік өткізді. 

Қазір бұл үйде 330-ға жуық адам өмір сүріп жатыр. Олардың 30 пайыздан астамы қазақ қарттары. Мұнда 7 Ұлы Отан соғысының және 111 еңбек ардагерлері бар. Өкініштісі бұл жердегі қарттардың барлығы бірдей жалғыз басты емес, өз балаларының мейірімінен айырылғандар да бар. «Ардагерлер үйіне» «Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшелері жиі келіп тұрады. Бұл жастарды адамгершілік пен мейірімділікке тәрбиелейді. 

Бұл жолы ардагерлер демалатын қысқы бақты қоқыстан тазартып, ауладағы қарларды күреп, қоқыстарын шығарып, темір - терсектерді жинақтауға көмектесті. Қарттар жастарға алғыстарын айтып, өз өмірлеріңді бағалап, ата-аналарыңды құрметтеңдер деген тілектерін де жасырмады. Жастар да өз кезегінде ата-әжелеріңізді келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, оларға сүйіспеншілік пен қамқорлық танытып қуантып қайтты.

30.01.2015