Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.03.2016
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті.

2016 жылдың 31 наурызы күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастырумен, партияның «Стоп, қылмыс!» жобасы аясында, Қазақ қатынас жолдар университетінің мәжіліс залында «Жетісу» ПИК-і» бастапқы партия ұйымында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өтті. 

Кездесуді полиция полковнигі Алтынхан Надырханов кіріспе сөзімен ашты. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе.Әрбір құқық бұзушылық пен қылмыс бір отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқық бұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық. 

Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық. «Жетісу» бастауыш партия ұйымының төрағасы Аркен Кенжебай өз баяндамасында келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы дәуір қасіреті. Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. 

Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, көлік айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау, тағы сол секілді қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылатыны туралы айта өтті. 

 Жобаның басты мақсаты құқық бұзушылықтардың профилактикасы, құқық бұзушылықтарды «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру болып табылады.

31.03.2016