Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2018
Т. Рысқұловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

2018 жылдың 31 мамыры күні, Әуезов ауданының әкімі аппаратының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, НарХоз университетінің алдында Т. Рысқұловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.  


Іс-шараға Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбыраева, ауданы әкімі аппаратының, Қазақстан Республикасында жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері, жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері, ардагерлер қауымдастығы қатысты. 

«Ер есімі – ел есінде» дейді дана халқымыз. Тарих беттерінде ерекше аталып, келешекке өшпестей етіп ерлік пен елдіктің, теңдік пен еркіндіктің үлгісін қалдырған осынау алаштың арда туған азаматтары, бүгінгі біз таңдаған Тәуелсіздік жолында жанын қиды. Сол ерлердің есімі егемен Қазақстанның тағылымды тарихында алтын әріптермен өрнек таппақ. Ұлттың ұстыны, ар-ожданы болған тұлғаларымыз, кешегі Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханұлы, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Санжар Асфендияров, Халел және Жанша Досмұхамбетовтер және т.б. сардарлардың салған сүрлеуі санаға серпін, бойға рух, көңілге медеу, жанға демеу беріп келеді.

Сондықтан да, кешегі қайсар ұрпақтың елім деген ерлігі мен жерім деген жігерін, рухы мен табандылығын бүгінгі буын, келер ұрпақ ешқашан да ұмытпай, әрқилы саяси зобалаңдар кезінде құрбан болған бауырларымыздың рухына тағзым ету – перзенттік парыз. Ұлан-ғасыр дархан даламызда осындай батыл перзенттердің басқан ізі, салған өрнегі мен іс-әрекеттері бейбіт болашаққа жол бастамақ. Ынтымағы жарасқан еліміздің ырысы артып, мерейі өсе берсін!

31.05.2018