Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

31.05.2018
Спорттың ұлттық түрлерінен жарыс өтті

2018 жылдың 31 мамыры күні, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Әуезов ауданы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы «Фэмели» саябағында, аудан аумағында орналасқан арнайы орта оқу орындарының оқушылары арасында спорттың «арқан тарту», «бұқа тартыс», «батпан көтеру» және «тымақ ату» сияқты төрт түрінен жарыс ұйымдастырды. 


Аталмыш іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 

Сайысқа 100-ден астам оқушы қатысты. Жеңімпаздарға аудан әкімінің мақтау грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

31.05.2018