Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.08.2018
Ақпарат

Спорт күні мерекесі қарсаңында, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2018 жылы 31 шілде күні ауданымыздың аула клуб жастары мен жасөспірімдері арасында спартакиаданың алғашқы ойындары өтті. Жарыс «Фэмели» саябағына қарасты алаңда («Сарыарқа» кинотеатрының батыс жағында орналасқан алаң) өткізілді. Аудандық жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңнің жеңімпаздары келесі кезеңге қатысуға жолдама алады.

Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. Жарыстың міндеті: «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, ынталандыру болып табылды. Спартакиада 3 түрлі спорт түрінен өтті: шахмат, дартс және асық ату.

Спартакиадаға жалпы 40-тан астам жастар мен жасөспірімдер қатысты.

Екінші кезеңнің қорытынды ойындары 2018 жылдың 4 тамыз

күні 15:00-де «Фэмели» саябағына қарасты алаңда («Сарыарқа» кинотеатрының батыс жағында орналасқан алаңда) өткізілетін болады.



 

 

 

 

01.08.2018