Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.09.2019
Аудан активі Елбасының Жолдауын талқылады

2019 жылдың 5 қыркүйегі күні, Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденовтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылау бойынша Әуезов ауданының активі өтті. 


Шараға Алматы қалалық Мәслихат депутаттары, Әуезов ауданы әкім аппаратының бөліс басшылары, аудандық қызметтердің, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің бастықтары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, «Жас Отан» жастар қанатының, бизнес құрылымдарының өкілдері және ардагерлер қауымдастығы қатысты. 


Шара барысында Сайран Сайфеденов Жолдау 5 үлкен блоктарға және 26 бағытқа бөлінгенін, оның ішінде әрқайсысында бірқатар маңызды мәселелер көтерілгенін айтты. Сондай-ақ, Алматы қаласының депутатттары Шавкет Умаров пен Сергей Козлов, аудандық № 2 соттың төрағасы Ербол Тулеев, № 2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Рабандиров және тағы басқалар өз пікірлерімен бөлісті.



Жиынды қорытындылай келе, Сайран Сайфеденов Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында, аудандық ақпараттық-насихат тобының жұмысын күшейтіп, аудан аумағында орналасқан барлық мемлекеттік мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларына ауданның әр тұрғынына Жолдаудағы негізгі басымдылықтарды жеткізуді тапсырды.


05.09.2019