Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.09.2019
Қала күніне орайластырылған «дөңгелек үстел»

2019 жылдың 10 қыркүйегі күні, Әуезов ауданы әкімі аппаратының қолдауымен, Қазақстан Жазушылары кітапханасында Алматы күні мерекесіне орай, «Алматы – кемелденген балашақтың қаласы» атты «дөңгелек үстел» өтті. ң ашылу өтіп, шолу жасалды. Алматының даму тарихын көрсететін бейнефильм көрсетілді. 


Кітапхана меңгерушісі Елена Ағайса қатысушыларды Алматы күнімен құттықтап, Алматы күніне арналған кітап көрмесіне шолу жасады. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы Алматының мыңжылдық тарихына тоқталып, «Алматы – Ұлы Жібек жолы бойында» тақырыбында кітап жазып жатқаны жайлы айта кетті. «Алматы көшелері», «Астаналардағы көшелер» атты еңбектердің авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сәбит Иманғалиев кітаптарымен таныстырды. 


Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжінің оқушылары «Алматы – жасампаздық пен жарқын болашақ кепілі» тақырыбында баяндамалар жасады. Жастар өз шығармашылығынан Алматы туралы өлеңдер оқыды. «Алматы ең алғашқы махаббатым» атты әнімен кеш аяқталды. Белсенді атсалысқан жастар алғыс хатпен марапатталды.


10.09.2019