Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.09.2019
Білім беру мәселелері талқыланды

2019 жылдың 4 қыркүйегі күні Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов, аудандық білім бөлімінің, ювеналды полицияның және ауданның басқа қызметтері басшыларының қатысуымен, 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша және 2019-2020 оқу жылының басындағы білім беру ұйымдарының жұмысына талдау жүргізу бойынша, кеңейтілген жиналыс өткізді. 


Жиналыс барысында Сайран Сайфеденов ағымдағы жылдың 19 тамызы күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен, Білім форумы өткенін атап өтті. Сол білім форумында шаһар басшысы қаланың білім беру жүйесін дамыту перспективалары мен міндеттері туралы ерекше атап өткен болатын. Қала басшысы мектеп тек қана білім беріп қана қоймай, өмірге дайындау, жеке тұлғаны тәрбиелеу және тұған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек екенін атап өтті. Мұғалім – білім беру жүйесіндегі негізгі және қоғам үшін маңызды мамандықтың беделін нығайту қажет екендігін тілге тиек етті. 


Іс-шараны қорытындылай келе, аудан әкімі еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын және Қала басшылығының тапсырмаларын негізге ала отырып, күрдел, әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асыруға шақырды. Сосын тиісті шешімдер қабылданып, белгіленген мерзім ішінде орындайтын, тапсырмалар берілді.


04.09.2019