Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.09.2019
Колледждер басшыларымен жиналыс өткізілді

2019 жылдың 12 қыркүйегі күні Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов, Алматы мемлекеттік көпсалалы колледжінде, 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша және 2019-2020 оқу жылының басындағы арнайы-орта оқу орындарының жұмысына талдау жүргізу бойынша, кеңейтілген жиналыс өткізді. 


Әуезов ауданы Полиция басқармасының ювениалды полиция бөлімшесінің басшысы міндетін атқарушы, полиция майоры Жадыра Қаңтарбаева ағымдағы жылдың 8 айда атқарылған жұмысы жөніндегі мәліметпен бөлісті. 

Аудандағы жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жөнінде Әуезов ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Игорь Тен мәлімдеді. 

Жиналыс барысында Сайран Сайфеденов ағымдағы жылдың 19 тамызы күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен, Білім форумы өткенін атап өтті. Сол білім форумында шаһар басшысы қаланың білім беру жүйесін дамыту перспективалары мен міндеттері туралы ерекше атап өткен болатын. 


Іс-шараны қорытындылай келе, аудан әкімі еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын және Қала басшылығының тапсырмаларын негізге ала отырып, күрдел, әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асыруға шақырды. Сосын тиісті шешімдер қабылданып, белгіленген мерзім ішінде орындайтын, тапсырмалар берілді.

12.09.2019