2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Әуезов ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде қаралған мәселелердің нәтижелері туралы АНЫҚТАМА
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде қаралған мәселелердің нәтижелері туралы АНЫҚТАМА


Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылдың 27 қаңтары мен 8 ақпан аралығындағы есеп беру кездесуінде қаралған мәселелердің нәтижелері туралы
АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы Президентінің 05.02.2016 ж. № 190 "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтары мен 8 ақпан аралығында Әуезов ауданының әкімі халықпен 5 есеп беру кездесуін өткізді. 

Есептік кездесу барысында аудан тұрғындарынан келіп түскен (224) ауызша сұрақтарға (105 адам) аудан әкімі түсініктеме берді (114 сұраққа толық жауап берілді). Комиссия немесе жергілікті жерге барып қарау қажет 110 мәселе бойынша әкім аппаратының және аудан қызметінің жауапты қызметкерлеріне тапсырма берді. 

Есеп беру кездесулерінің талдауы көрсеткендей, негізінен аудан тұрғындарын абаттандыру және коммуналдық сипаттағы, атап айтқанда жолдарды, тротуарларды асфальттау; арық желілерін жөндеу; апатты ағаштарды кесу және санитарлық кесу; ауданды санитарлық тазалау; су құбыры және канализациялық желілер мәселелері бойынша ("Достық", "Таугүл-3" ш/а.), аулаларды, көшелерді жарықтандыру; коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, үйді күрделі жөндеуге жинақтау; ПИК қызметі, сондай-ақ аулаларды абаттандыру, балалар алаңының жоқтығы, ТКШ жаңғырту және т.б. мәселелер алаңдатады. 

Кәсіпкерлікке қатысты базарларды жаңғырту, кәсіпкерлік қызмет (дүңгіршектер, сауда және тамақтану нысандары) және т.б.; Әлеуметтік сала – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) енгізу, дәрі-дәрмектерді тегін беру, жұмысқа орналастыру, Мамыр ш/а емхана құрылысы бойынша және т.б. мәселелер айтылды. 

Сонымен қатар, автобус маршруттарын ұзарту және өзгерту, жылдамдықты шектеу, автокөліктерге арналған тұрақ орындары, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларының қанағаттанарлықсыз жұмысы, аулаларда, балалар алаңдарында автокөліктердің тұрағы, жаяу патрульдеу және т. б. сияқты құқық тәртібі мәселелері көтерілді. 

Осы мәселелерді жүзеге асыру мақсатында, Әуезов ауданының әкімі С. Т. Сайфеденов 2020 жылдың 14 ақпанында "Әуезов ауданы әкімінің 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап 08 ақпанына дейінгі есеп беру кездесулерінде айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" әзірленіп, бекітілді, оның орындалу нәтижелері келесі:

- 19 мәселе оң шешілді, мысалы: 

 1) Ақсай-4 ш/а тұрғындары жол жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін барлық құрылыс материалдары, бетон, асфальт және т.б. қалдықтар ағаштар астында қалғаны жөніндегі ескерту ШЖҚ МКК «Алматы Су» көмегімен жойылды. 

2) Ақсай-4 ш/а № 32 үйдің алдында шамдар жарықсыз қалған - жарық қалпына келтірілді; Ақсай-3 ш/а № 2/1-пәтерде және Жетісу-3, № 1 үй, 4 пәтерде жылу жоқ - мәселе шешіліп, қарыздар жойылды; 

3) 2 ш/а, № 42 үйдің жанында ҚТҚ жинау үшін контейнерлер санын ұлғайту туралы – мәсел шешілді, "Тәртіп" АҚ күшімен қосымша контейнерлер орнатылды; 

4) Жұбанов көшесіндегі № 7 үйдің жанындағы контейнерлік алаңға тұтқалары бар баспалдақты орнату туралы - мәселе шешілді, тұтқалар орнатылды. 

- тұрақты бақылауды орындауда - 8 сұрақ (ҰОС қатысушылары мен аудан зейнеткерлері үшін тегін дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз ету туралы; Қарсити СО аумағында ТҚС кәсіпкерлерінің түнгі уақытта тыныштықты бұзуы туралы; антисанитарлық, аулалар ішінде автокөлік қою туралы (Жұбанов к-сі, 82-үй Өтеген батыр бойынша); Таугүл-3, Тастақ-1, Алмас ш/а учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы; Жетісу-1, 10А, 6 ш/а. жаяу патрульдеу туралы және т.б. 

- 83 мәселе бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде түсіндірілді.3, 5 шағын ауданы Жетісу-3 шағын ауданда тротуарларды жөндеу және салу туралы, Абай даңғылынан Сайран ш/а № 13-17 үйлерінее дейін, (Өтеген батыр көшесінен аудан прокуратурасына дейін және садовников көшесіне дейін); Тастақ-1 ш/а 21 үйдің, Сүлейменов көшесіндегі 32 үйдің ауласының абаттандырылуы туралы; Тастак-1 ш/а 13 үйдің артындағы жарықтандыру туралы, Рыскулбеков көшесіндегі 35 үйдің жанындағы арық жүйесінің жоқтығы, Сайын көшесінде арық жүйелері тазаланбайтыны, Абай даңғылындағы арық жүйелерінің тазаланбайтындығы туралы, № 54 автобустың маршруттық қозғалысын қайта қарау (Саин-Райымбек көшесіне дейін ұзарту), Мамыр-3 ш/а "Алматы-2" вокзалына дейін қоғамдық көлік жоқ. Абай даңғылы бойынша Сайран көлі аялдамасын ауыстыру туралы, аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы (ұрлық, бомж, автокөлік тұрағы және т.б.).