Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімнің көмекшісі


Әуезов ауданы  әкімінің

06қараша 2017 жылғы

№ 29/ө өкімімен бекітілді

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі көмекшісінің лауазымдық 

нұсқаулықтары 

Нүсіпбек Алмаз Нұрпетханұлы, тел.: 303-42-69

1.       Жалпы ережелер

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының әкімнің көмекшісі (әрі қарай - әкімнің көмекшісі) лауазымына қолданыстағы заңнамаларда белгіленген, аудан әкімінің өкімінің негізінде қызметке алынады  және  босатылады.

Әкімнің көмекшісі қызметтік міндеттерін ала отыра атқарады.

2.     Құқығы

Әкімнің көмекшісі:

аудан әкімінің тапсырмасын орындау мәселелері бойынша аудандық қызметтер мен бөлімшелерден, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан  мәліметтер, ақпараттар, материалдар мен өзге де құжаттарды сұрауға;

Алматы қаласы әкімінің аппаратынан келетін  құжаттармен кедергісіз танысып отыруға.

3.     Міндеттері

  Әкімнің көмекшісі:

аудан әкімі аппараты бөлімдерінің өзара іс-қимылын жүзеге асырады Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, нормативтік құқықтық актілердің, қала және аудан әкімдері тапсырмаларының, аудан әкімі аппаратының жұмыс жоспарларының орындалуын қамтамасыз етеді;

аппарат бөлімдері мен аудан қызметтерінің әкіінің жоспаралама мәжілістерінде берген тапсырмаларын орындаулары жөнінде ақпараттар жинайды және әкімге ұсынады;

аудан әкімінің лауазымды тұлғалармен, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен, аудандағы мекемелермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, барлық деңгейдегі депутаттармен, жоғары тұрған басшылармен жүргізілетін өзара іс-қимыл шараларын іске асырады;

әкімнің тапсырмаларының орындалу барысын бақылауға алады және аудан әкіміне тапсырмалардың орындалу мерзімінің сақталуы туралы жүйелі түрде ақпарат беріп отырады;

барлық бөлімдердің құзырына қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;

азаматтардың хаттары мен өтініштері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

4.     Жауапкершілігі

Әкімнің көмекшісі құзырына жататын сұрақтар бойынша, аудан әкімі берген тапсырмалардың тиісті деңгейде уақтылы және сапалы атқарылмағандығы үшін, жауапқа тартылады.