Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



2019 жылғы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі жөніндегі АҚПАРАТ


2019 жылғы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің

тұрғындармен есептік кездесуі жөніндегі

АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығын орындау барысында 2019 жылы қаңтардың 14-нен ақпанның 4-не дейін Әуезов ауданы әкімі А. Өскенбаевтің 8 есептік кездесуі өткізілді:

- Қазақ қатынас жолдары университетінің акт залы (Мамыр-1 ш/а);

- Қазақ қатынас жолдары университетінің акт залы (Жетісу-1 ш/а);

- №104 жалпы білім беретін мектептің акт залы;

- Алматы жаңа технологиялар колледжінің акт залы;

- №175 «Жаңа Ғасыр» мектеп-гимназиясының акт залы;

- Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің акт залы;

- № 116 жалпы білім беретін мектептің акт залы;

- № 133 жалпы білім беретін мектептің акт залы;

Кездесуге қатысқан тұрғындардың саны 2158 адамды құады.

Есептік кездесу кезінде барлығы 73 адам шығып сөйлді.

Сын ескертпелер – 1.

Тұрғындардан түскен алғыс саны – 3.

8 есептік кездесуде барлығы 120 сұрақ, оның 99-і ауызша, 21-і жазбаша түрде берілді.

- қалақұрылысы және сәулет

-         - 11

18

- коммуналдық шаруашылық

-         - 16

15

- ПИК қызметі

-         - 8

29

- көріктендіру

-         - 31

35

- құқық қорғау

-         - 6

15

- көлік

-         - 5

7

- экология

-         - 7

8

- әлеуметтік сала

-         - 6

9

- тұрғын үй

-         - 8

4

- білім беру                                                      

-         - 3

1

- денсаулық сақтау

-         - 4

3

- кәсіпкерлік

-         - 8

7

- жер туралы

-         - 1


- басқа сұрақтар

-         - 3

1

- алғыс

-         - 3

11

Барлығы:

120

167

Есептік кездесу барысында аудан тұрғындарынан түскен ауызша (99)және жазбаша қойылған сұрақтарға аудан әкімі түсінік берді. Комиссиямен немесе мекенжайға барып қарауды қажет еткен сұрақтар бойынша әкім аппараттың жауапты қызметкерлері мен аудан қызметтеріне тапсырма берді.     

         8 кездесудің қорытындысы бойынша жасалып, Әуезов ауданының әкімімен бектілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, өтініш иелеріне заңда белгіленген тәртіппен жауап берілетін болады.

Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, қала басқармалары мен аудан қызметтерінің басшылары, ҮЕҰ, БАҚ, ПИК, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің өкілдері, ардагерлер, учаскелік полиция инспекторлары және аудан тұрғындары қатысты.

Кездесу өткізілетін орын мемлекеттік рәміздермен және «Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі», «Отчетная встреча акима Ауэзовского района с населением» баннерімен безендірілді.

Кездесу барысында 2 микрофон жұмыс істеп, ауызша және хатшылық арқылы жазбаша да беріліді.

         Аталған шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында: «Алматы» ТК, «Алматы Акшамы», «Вечерний Алматы», Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында жарық көрді.

         БАҚ-тағы жарияланым саны – 5 (ТК-1, баспа басылымдары: «Вечерний Алматы» - 1, «Алматы Акшамы» - 3), Әуезов ауданы әкімінің интернет-            ресурсында - 8.

Әуезов ауданының әкімі 2018 жылға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде баяндама жасады.

         Есептік кездесудегі сұрақтардың сараптамасы аудан тұрғындарын толғандыратын көріктендіру және коммуналдық сипаттағы, оның ішінде, жолды, жаяу жүргінші жолдарын асфальттау, арық жүйелерін жөндеу, қауіп төндіріп тұрған ағаштарды кесу және саитарлық кесу; иесіз иттерді аулау; аулаларды санитарлық тазалау; су, канализация құбырларын жүргізу («Достық», «Таугүл-3» ш/а); аулаларды жарықтандыру, коммуналдық төлемдер, оның ішінде, үйді күрделі жөндеуден өткізуге арналған жинақтау қоры; коммуналдық төлем тарифтерәнің көтерілуі, аулаларды көріткендіру, балалар алаңын салу және т.б. мәселелерді көрсетті.

         Кәсіпкерлікке қатысты Н.Сац театры жанындағы ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі азық-түліктердің бағасының өсуі және олардың сапасы, қайта орнатылып жатқан дүңгіршектерді бұзып алу және т.б; әлеуметтік салаға қатысты, мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматын енгізу,                  «Мамыр-2» ш/а емхана құрылысы мәселелері айтылды.

         Сонымен қатар қоғамдық көлікке қатысты, автобус бағыттарын ұзарту, қалпына келтіру және бағыттары өзгерту; жылдамдықты шектеу белгілерін орнату; автомашиналардың тұрақ орындары; сондай-ақ, құқықтық тәртіп бойынша: АІІБ учаскелік полиция инспекторларының қанағаттанарлықсыз жұмыстарына; аулалар мен балалар алаңындағы заңсыз тұрақтар; «Сайран» автобекетінің айналасында автобустар мен жекеменшік машиналардың шоғырлануы және т.б. сұрақтар көтерілді.

         Тұрғындардың көңіл-күйі бір қалыпты.

         Әуезов ауданының әкімі А.Өскенбаевтің атына алғыс білдірілді.