Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ


ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ 2016 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

 Салық

Әуезов ауданы қаламыздағы халық тығыз орналасқан, тынық аудан болып табылады. Аумағы 23 км, 285 мың адам тұрады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан қазынасына 69,5 млрд. теңге түсіп, салық түсімі 105,3%-ға, өсу қарқыны -107,9%-ға орындалып, 2015 жылмен салыстырғанда 5,1 млрд. теңгеге артық түсім түскен.

 

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту

Аудан экономикасының басым бағытын қызмет көрсету және сауда саласы құрап отыр (60%-дан аса). 2016 жылы қызмет көрсету саласында келесідей жаңа нысандар пайдалануға берілді: Еуропадаға ірі ритейлер «Carrefour»-француз дүкендер желісі ашылған «GrandParkAlmaty»  сауда орталығының бірінші кешені, «Almatymall», «Мәскеу» сауда орталықтары, «Прайм-Плаза» сауда орталығындағы «Алма» сауда желісі, «Керемет», «Хан тәңірі», «Голд Қазына» мейрамхана кешендері, «MCRada» медициналық орталығы, «АВТО СИТИ» әмбебап сауда орталығы, «Макдональдс» жылдам тамақтану мерамханасы, «CAU bu» қоғамдық моншасы. Аталған нысандар бойынша қазірдің өзінде 4 266 жұмыс орны ашылды.

Ауданда 18 өнеркәсіп кәсіпорны орналасқан. 2016 жылдың қаңтар-қараша  айларында өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) 76,2 млрд. теңге көлемінде өнім өндірген, яғни 2015 жылғы осы уақытпен салыстырғандағы нақты көлем көрсеткіші  98,22 %-ды, бөлшек тауар айналымы 273,6 млрд.тенгені, яғни 2015 жылғы осы уақытпен салыстырғанда 110,1 %-ды құрап отыр.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында                      өткен жылы сомасы 1,6 млрд. теңгені құрайтын 27 жоба, олардың 24-і субсидиялау, 1 жоба – 12,4 млн. теңгеге кепілдік беру және 3 жоба – 6,8 млн теңгеге қаржыландыру гранты бойынша мақұлданған.

Бұдан өзге «Индустрияландыру картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде томат өнімдерін шығарушы «Цин-Каз» ЖШС-нің 2011 жылы басталған қолданыстағы технологиялар желісін автоматтандыру және жаңарту жобасы 2016 жылы аяқталды. Жобаның құны – 784 млн. теңге. Сонымен қатар, «Тихаус» ЖШС-нің түйіршіктелген шәй өндіру (қаптау) цехын жаңарту жобасы да аяқталды, жоба құны – 513,9 млн теңге.

«Жібек жолы» өңірлік бағдарламасы аясында 525,5 млн теңгеге 11 жоба қаржыландырылды, бұл 133 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Тұрғындарды арзан, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында демалыс күндері Н. Сац атындағы театрдың жаңында 56 сауда орны бар ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеде Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар, Жабыл, Іле және Қарасай аудандарының шаруа қожалықтары мен аудан кәсіпкерлері тұрғындарға өз өнімдерін ұсынады.

Аудан аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып,заңсыз құрылыстар, оның ішінде жабайы сауда нысандарын жою  қолға алынған.Өткен жылы 73 заңсыз нысан сүріліп, 886 әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Көріктендіру

Аудан бойынша жайластырылған автомобиль жолдарының ұзындығы - 250 шақырым, жаяу жүргіншілер жолы– 92 шақырым, жүргіншілер зонасы 11 шақырымды құрайды.

Өткен жылы 10,51 шақырым автокөлік жолы мен 3,526 шақырым жаяу жүргіншілер жолы жөндеуден өтті.

Сонымен қатар, 6 көлік жолайрығы, 5 жерасты және 5 жерүсті өткел жолдары бар. 

Абай, Райымбек даңғылдары, Төле би көшесіндегі қоғамдық көлікке бөлінген жол жолақтары пайдалануға берілген, жол жолақтарының жалпы ұзақтығы - 11,9 км. Бұл қоғамдық көліктегі орташа қозғалыс жылдамдығының 20%-ға артуына мүмкіндік берді.

Аудандағы барлық магистральды көшелер жарықтандырылған. 10 мыңнан астам жарықшам бар, сыртқы жарық желілерінің ұзақтығы - 366,4 км.

Сыртқы жарықты жаңғырту мақсатында 140 дана  СЖБШ-тың автоматты жүйесін, 2328 дана шамды, 2752 м. оқшаулау сымын және  1309 м. кабельді ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

2 скверге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 3630 м² (1400 м) саябақ жолдары қайта жабдықталды.

Көшелер мен саябақтарда 13,8м²-ді гүлзарларға бөлу жұмыстары жүргізіліп, 1066 қоқыс жәшігі және 284 орындық орнатылды. 5835 дана ағаш пен бұта отырғызылды, бұл 2015 жылға қарағанда 1959 дана артық.

Аудандағы арық жүйесінің жалпы ұзындығы 91,54 км құрайды. Өткен жылы Сүлейменов көшесі мен Щепкин көшесінің аралығындағы Тоқтабаев көшесінің бойындағы, Саин көшесі мен Б.Момышұлы көшесінің аралығындағы Абай даңғылының бойындаағы 7,2 км. арық пен жауын суы кәріздерін қайта жабдықтау және салу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы санитарлық тазалау жұмыстарына күнделікті 130 дана арнайы техника және 250 адам, оның ішінде шет ұйымдардан да адамдар тартылады.

Аудан аумағындағы 1872 контейнер орналасқан 247 контейнер алаңына штабтық тәртіпте қызмет көрсетіледі, олардың тозығы жеткен 87-сі қайта жабдықтаудан өткізілді. 2016 жылы қатты тұрмыстық қалдық көлемі 65 мың тоннаны құрады.

Сонымен бірге, рұқсатсыз орнатылған билдордтар мен 235 жарнама құрастырмасының 42-сі алынып тасталды.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Жалпы аудандағы электр жүйесінің ұзақтығы 799,2 км, қосылған абоненттердің саны – 99020 немесе 2015 жылға қарағанда 0,2% артық. Ауданнның қуат жүйесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы 30,52 электр жүйесі салынып, қайта жабдықталды. Абоненттердің санының артуына қарамастан жүйелердің жалпы тозу деңгейі 12%-ға  (60% дейін) төмендеген.

Жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына келсек, өткен жылы жылуға 1816 нысан қосылған, оның 1712-сі тұрғын үй, 104-і әлеуметтік нысандар (мектеп, аурухана). Қайта жаңғырту, жаңарту және құрылысы үшін 2,14 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде 1,82 шақырым жылу жүйесі жөндеуден өтті. Желінің тозу деңгейі 76,5%. Сондықтан да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, 2,5 км су құбыры жөнделді. Жөндеу жұмыстарының арқасында тозу деңгейі 3%-ға, шығын - 8%-ға төмендеген, ал ауданның қамсыздандырылуы 75%-ды құрады.

Ауданның тұрғын үй қоры 1712 көппәтерлі тұрғын үйден және 6896 жеке тұрғын үй құрылысынан тұрады.

Бүгіндері ауданда 1970 жылға дейін салынған 565 (33% аса) және 1990 жылға дейін салынған 621 (36%)  үй бар. Үйлерді пайдалану мерзімі 50-60 жыл екенін ескерсек, олардың тозуы 80- 100%  құрайды.

Аталған түйткілді мәселені шешу үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту аясында өткен жылы жергілікті бюджет есебінен  39,1 млн. теңгеге 13 үйдің шатыры жөнделіп, 33,9 млн теңгеге 4 үйдегі 7 жеделсаты ауыстырылды. Тұрғындардың өз ақшасынаның есебінен 1387 үйге ішінара жөндеу жүргізілді.

Сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар бағдарламалар, оның ішінде «Ескі үйлер» бағдарламасы бойынша алаңы 18 мың шаршы метр  тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жылу қуатын теңгеріммен тұтыну мақсатында тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде  көппәтерлі тұрғын үйге 1977 жалпы үйлік жылу қуатын есептеу құралын орнату қажеттігі анықталды. Бүгіндері 1881 (95%)  құрал орнатылды, қалғаны - 98. Аталған жұмысты 2017 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай жылу есептеу құралын орнату кезінде төлем 30-40% азаяды.

ПИК қызметін жақсарту мақсатында, тек өткен жылы басқарма органдарының басшыларымен 35 жиналыс өткізілді. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының интернет-ресурсына тоқсан сайын ПИК-тің қаржылық қызметі туралы есептері орналастырылады.

2016 жылы бюджет қаржысы есебінен аудандағы көппәтерлі тұрғын үйдегі аулаларға ағымдағы аулаішілік жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 345,3 млн. теңге қаржыға 58 аула алаңы жөнделді.

Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданда 34,5 млн теңге көлеміндегі қаражатқа 7 аула  қайта жасақталып, жөнделді.

 

Әлеуметтік қолдау

Жыл басынан бері Алматы қаласы жұмыспен қамту орталығының аудандық бөліміне 3086 адам келген. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1900 адам, аумақты дамыту бағдарламасы бойынша 393 адам жұмысқа орналастырылды.

485 жалғыз басты мүгедек пен қарттарға аудандағы зейнеткерлік жасқа толған, мүгедектер мен қарттарға үйінде қызмет көрсететін 5 бөлімнің жұмысшылары әлеуметтік көмек көрсетеді.

Бұдан өзге, мүгедектерді әлеуметтік қолдаумен қамту 28,7 % артқан (2015 жылы 3,1 мың адам, ал 2016 жылы 8,8 мың адамға дейін). Мүгедектерге «Инватакси» және жеке көмекшілер қызметі ұсынылады.

Жалпы ауданда әлеуметтік қолдаумен қамтылғандардың саны 21,3 мың адам, жалпы төленген сома көлемі  - 931,1 млн теңге.

 

 

 

Денсаулық сақтау

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық және психикалық-әлеуметтік көмек тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Қазіргі уақытта ауданда 2703 мүмкіндігі шектеулі азамат (оның ішінде соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар) және 682 балатұрады. Тегін медициналық көмек кепілдігінің шеңберінде барлық мүгедек дәрі-дәрмекпен толық қамтылған.

Әуезов ауданында барлығы 57 медициналық ұйым жұмыс істейді. Олардың 12-сі мемлекеттік, оның 5-уі алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсететін және 45-і жеке ұйым.

Есептік мерзім кезінде 2016 жылы сәбилер өлімі бойынша көрсеткіш деңгейін 14,6%-ға төмендетуге қол жеткізілді, 2015 жылы бұл көрсеткіш 19,8 % құраған.

Жыл сайынғы профилактикалық скринингтік тексеру - қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау көрсеткішін көтеруге (2016 жылы - 66,7%, 2015 жылы - 52,6%) және дер кезінде толық көлемде қажетті медициналық көмек беруге мүмкіндік беріп отыр.

Тұрғындарға қол жетімділік пен қолайлы жағдай жасау үшін әр емханада қабылдауға алдын ала жазылу, автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді, бұл тәсіл кезекті азайтып, түйткілдерді шешуге зор мүмкіндік беріп отыр.

Әр медициналық ұйымда ауданымыздың тұрғындары өз талап-тілектерін білдіре алатын интернет-ресурс және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы ұйымдастырылған.

Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша хабарласу үшін сенім телефоны жұмыс істейді. 2016 жылдың есепті кезеңінде сенім телефоны арқылы 745 өтініш келіп түскен.

Ауданда «Салауатты өмір салтын» насихаттау белсенді жүргізіліп келеді. Осы тақырып аясында 42 мыңнан аса адамды қамтыған 657 шара (акциялар, ашық есік күндері, денсаулық фестивалі) өткізілді.

 

Білім беру

Ауданда 40 (32 мемлекеттік және 8 жекеменшік) жалпы білім беретін мекеме бар, онда 43 181 оқушы білім алады.

2016 жылы аудан мектептеріне 8 мыңнан аса бала қабылданды, оның ішінде бірінші сыныпқа қабылданғандары – 5843 бала. 2015 жылмен салыстырғанда бірінші сынып оқушыларының саны 743  балаға артқан.

Осыған қарамай аудан мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығы күшейіп, 9734 орынды көрсетіп отыр.

2016 жылы аудандағы мектеп бітірушілердің ҰБТ-дағы орташа балы -                       93,13 , бұл өткен 2015 жылғы көрсеткіштен 4,43 балға жоғары. ҰБТ-ға 1116 мектеп бітіруші қатысып,қорытындысы бойынша біздің аудан 4 орынды иемденді.

52 үміткердің 48-і «Алтын белгі» аттестатын растап, 85 түлек мектепті өте жақсы бітірді. №175, 153, 27, ҚТЛ (қыздар және балаларға арналған) ҰБТ-да жоғары көрсеткіштер көрсетті. 2015 жылмен салыстырғанда №5, 27, 72, 121, 127 мектептердіңкөрсеткіш нәтижелері көтерілген.

100-ден аса оқушы қалалық, республикалық және халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды.

2016-2017 оқу жылының басынан бері мектепке дейінгі балалар мекемесінің саны 19%-ға, яғни 2015 жылы 94 болса 2016 жылы 112 мекемегедейін жеткен. Олардың 13 076 орындық жүктемесі 14 413-ке дейін өскен.

657 орынға арналған 21 жекеменшік бала бақша ашылды (3 есеге өскен, олардың 20-сы коттеджде), олардың ішінде 496 орынға арналған 16 бала бақша «Балапан» бағдарламасымен жұмыс істейді. Сондай-ақ 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамтуды арттыру мақсатында мемлекеттік бала бақшалардың жанынан 231 баланы қамтитын 12 мектеп алдыдайындық тобы ашылды.

Нәтижесінде аудандағы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 78,4%-ға өскен (2015 жылы-76%).

Бала бақша орындарын автоматты жүйемен бөлу тетігі енгізілді, бұрындары ол қол күшімен жүргізілетін. Өткен жылы бала бақшаға 13 773 бала барып, кезек 220 балаға азайды.

 

Жастарды қолдау

Әуезов ауданында 6 жоғарғы оқу орны және 22 арнайы орта оқу орны бар, онда 27 520 студент білім алуда.

2016 жылы мәдениет саласы және жастарды патриоттыққа тәрбиелеубағытындаӘуезов ауданында 90-нан аса қоғамдық-мәдени шара өткізіліп, оған 156 мыңнан аса адам, соның ішінде студенттер де қатысты.

Сондай-ақ ауданда 6 жастар орталығы (аула клубтары) жұмыс істейді, онда 690 мектеп оқушысы және студенттер әртүрлі спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысады.

Тіл саясаты саласында 2016 жылы аудан мекемелерінде 50 мыңнан аса адам қатысқан шығармашылық байқаулар, акциялар, дөңгелек үстелдер және қаланың ғылым саласындағы қызметкерлерімен кездесу сияқты 70-тен аса шара ұйымдастырылды.

«Абай оқулары»,Шевченко оқулары»,«Көркемсөз оқу шеберлері»,«Тіл шебері», «Ана тілім-ардағым» атты іріктеу байқаулары өткізілді.  Аудан жүлдегерлері «Тіл шебері», «Тіл-тұнық ойдың кәусары» және «Ана тілім-ән жырым» атты қалалық байқауларға қатысып, 1-2-3 жүлделі орындарды жеңіп алды.

Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында  оқулар мен көрмелертақырыбына 18 байқау ұйымдастырылып, аталған шараларға 6 мыңнан астам адам қатысты.

 

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу

2016 жылдың қаңтарында жергілікті полиция қызметі ұйымдастырылды. Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің (учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар, жол-патрульдік қызметі және т.б.) саны 2,3 мың адамды құрайды, оның ішінде аудандағы бірлік саны – 275 адам.

2016 жылы барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 9,6%-ға қысқарды, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 1224-ге аз.

Барлық қылмыс түрінің ашылуы деңгейі жақсарды, оның ішінде жалпы қылмыс               6,9%-ға, ауыр және аса ауыр қылмыс 13,7%-ға ашылған.

Сонымен қатар,  қарақшылықпен, тонаумен, пәтер ұрлығымен, автомашиналарда және қоғамдық орындардағыұрлықпен және автомобильдерді ұрлаумен айналысқан 2 қылмыстық топ құрықталды.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу 14,7 %-ға өсіп, 7032 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қылмыстың алдын алу және шұғыл әрекет ету мақсатында аудан аумағында 2527 бейнебақылау камерасы орнатылып, 4262-ден 2015 жылы 6789-ға дейін көбейді, соның ішінде білім беру нысандарында 2015 жылы 427 данадан 2016 жылы 863 данаға дейін көбейді.

 

Жариялау

«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы  30 маусымдағы № 213-V Қазақстан Республикасы заңына, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкесӘуезов ауданы бойынша мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі Комиссия құрылған.

2016 жылдың 12 айында бөлім650 өтінішті қарап (оның ішінде 532-сімүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі Комиссияда қаралған), 34 сот отырысына қатысты.

 

Құжат айналымы

Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан әртүрлі мәселелер бойынша 2165 жолданым қабылданып, қаралды. Сұрақтың 4,5%-ы аптаға жетпей шешілсе, 95,5%-ы  бір айдың ішінде шешілген, 1 өтініш қарауда. Олардың 873-і коммуналдық-шаруашылыққа, 303-і көріктендіруге, 54-і білім беруге, 408-і әлеуметтік салаға және т.б. қатысты.

Сондай-ақ Әуезов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсындағы «Әкімге сұрақ» айдары және «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындармен кері байланыс орнатылған. 2016 жылы әкімнің интернет-ресурсына - 769, Instagram-ға -784 өтініш түскен.

Барлық сұрақ қаралып, құзыреттілік шеңберінде шешімін тапқан. «Әкімге сұрақ» айдары аудан әкімінің тұрғындармен бейресми нысандағы қатынас түрі болып табылады және ол Сіздердің ат салуларыңыздың арқасында шешуін талап ететін, өте маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмауға мүмкіндік береді.

Бекітілген кестеге сәйкес аудан басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Есепті мерзім ішіндеаудан әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауында 411 адам тіркеліп, 418 мәселе көтерілген. Бұл 2015 жылмен (488 адам) салыстырғанда 77 адамға кем.

Қабылдауда түскен өтініштің 11-і оң шешімін тапқан, 2015 жылмен  салыстырғанда 4 өтінішке артық; бас тартылғаны -1, 2015 жылмен  салыстырғанда 1 өтінішке артық; түсіндірілгені – 377, 2015 жылмен  салыстырғанда 104 өтінішке кем; басқа субъектілерге қарау үшін жолданғаны – 29, 2015 жылмен  салыстырғанда 8 өтінішке артық.

 

Тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулерін және пікірлерін жинауға арналған арнайы жәшіктерді орналастыру орындарының мекенжайы

1.     Алматы қаласы, Мамыр-1 шағынауданы, Шаляпин көшесі, 21/1 - Қазақ қатынас жолдары университеті

 2.     Алматы қаласы,Достық шағынауданы, Садуақасов көшесі, 27 - №153 мектеп-гимназиясы

 3.     Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 54 -  №2 Балалар қалалық клиникалық  ауруханасы

4.     Алматы қаласы, Төле би көшесі, 287 «А» - Алматы жаңа технологиялар колледжі

 5.     Алматы қаласы, Мамыр шағынауданы, Степная көшесі, 21 -  №158 жалпы білім беретін  мектеп

6.     Алматы қаласы,Жандосов көшесі, 65 – Алматы энергетика және электрондық технологиялар колледжі