Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Алматы қаласы бойынша Әуезов ауданы халық тығыз орналасқан аудандардың бірі болып табылады және қаланың Бас жоспарының функционалдық аймақтарға бөлу деңгейі бойынша, қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Тиісінше, аудан экономикасы көбінесеқызмет көрсету мен сауда саласы негізіндекөрсетілген (60 % астам). Ауданның аумағы 23,5 ш. км. Жалпы халық саны 288437 адамды құрайды. 

Бюджет 

«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» МКМ бөлінген жылдық қаржы 6,7 млрд құрады, 2017 жылдың 29 желтоқсан күніне игерілген қаржы сомасы 6,7 млрд теңге, немесе 100 %. 

Салық 

2017 жылдың 28 желтоқсан күні мемлекеттік салық түсімі 100,5 % орындалды. Салық болжамы 82,1 млрд. теңге болса, нақты салық түсімі 82,5 млрд. теңгені құрайды. Салық өсімі мен бюджеттік міндетті төлемдер бойынша өткен жылмен салыстырғанда 12,9 млрд теңгені, немесе 119 % құрады. 

Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту

Биыл ауданда іске қосылған жаңа қызмет көрсету нысандары: қыркүйек айында 500 жұмыс орыны бар, екінші ойын-сауық орталығы «MOSKVA Metropolitan» пайдалануға берілді. 12 млрд. теңге қаржы жұмсалды. Осы жылдың желтоқсан айында «Grand Park Almaty» екінші ойын-сауық орталығының құрлысы аяқталады. Жалпы ауданы 60 мың м2, 8 млрд. астам қаржы жұмсалды, сондай-ақ 10 қызымет көрсету нысандары, 3 мыңнан астам жұмыс орындарымен пайдалануға берілді (мейрамхана кешендері, кафе ТЖО және т.б.). 

Келесі жылы Саин 16 көшесі бойынан жаңа «OBI» әлемдік стандарт құралдары мен жабдықтары, құрлыс материалыдарына арналған неміс заңғар дүкені ашылады. Жоспар бойынша қала тұрғындарына 200 жұмыс орындары болады. Жұмсалатын қаржы құны шамамен 5 млрд. теңге. 

Сондай-ақ, ауданда 18 өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан. Жалпы қалалық өнеркәсіп өнімдерін шығару бойынша аудандағы өнеркәсіп секторы 11 % алады. 2017 жылдың 10 айында өнеркәсіп кәсіпорындарымен (шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) 72 млрд. теңгеге өнім өндірілді, оның ішінде 2016 жылдағы тиісті кезеңге нақты индекс көлемі 102,5 %-ды құрады. Ірі және орта кәсіпорындарда нақты жұмыс істейтін жалдамалы қызметкерлердің саны 35 966 адам. Сол секторда жұмысбастылардың орташа жалақы мөлшері 133 607 теңгені құрайды. 2017 жылдан бастап аудан бойынша жалпы тіркелген заңды тұлғалардың саны 16 209 құрады (ресми жарияланған күнінен к. 8 895), оның ішінде шағын – 16 006 (ресми жарияланған күнінен к. 8 729), орта – 122 (ресми жарияланған күнінен к. 155), ірі – 48 (ресми жарияланған күнінен к. 44). 

«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы 2017 жылғы жобалар бойынша субсидиялау бағдарламасының 1 бағыты шеңберінде, Алматы қаласының өңірлік үйлестіру кеңесімен аудан бойынша 264 млн. теңгеге, 57 жұмыс орны бар 10 жобасы мақұлданды. Сонымен қатар, 2017 жылы автоматтандыру және жаңғырту, қолданыстағы технологиялық желілерді шығару бойынша томат өнімдерін шығаратын 2011 жылы басталған ЖШС «Цин-Каз» жобасы аяқталды. Жобаның құны 784 млн. теңге. ЖСШ «Белкамит» металл құрастырылым өндірістері бойынша 60 млн. теңге сомасын оңтайландыру мақсатында өндірістік-технология үдірістері цехты қайта құру жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі қаңтар-қазанда 307,6 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл тиісті кезеңде 115,8 % құрады, 2016 жылғы кезеңге негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 38,4 млрд. теңгені құрады. 

Азық-түлік белдеуін дамыту және тұрғындарды арзан, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Н. Сац атындағы театрдың жаңында 56 сауда орны бар ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеде Алматы облысы Еңбекші қазақ, Талғар, Жамбыл, Іле және Қарасай аудандарының шаруа қожалықтары мен аудан кәсіпкерлері тұрғындарға өз өнімдерін ұсынады. 

Аудан аумағында әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, дер кезінде тиісті шаралар қолданылып отырады. Атап айтқанда, заңсыз құрылыстар, оның ішінде жабайы сауда нысандарын жою қолға алынған. Өткен жылы 330 заңсыз нысан сүріліп, 1 102 әкімшілік хаттама толтырылды. 

Көріктендіру 

Жалпы аудан бойынша 255 км. созылған 204 көше және жол өтпелеріне қызмет көрсетіледі. (110 км. созылған қалалық маңызы бар – 64 көше, 20 км. созылған аудандық маңызы бар - 103 көше, 123 км. созылған – жергілікті маңызы бар көше). 

Аудандағы барлық магистральды көшелер жарықтандырылған, жарық нүктелерінің саны 10,5 мың дана, электр желілерінің ұзындығы 370 шақырым. 27 көшеде 89 км. созылған жаяу жүргіншілердің жолын жинастыру жұмыстары және 93 км. созылған арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. 

Ағымдағы жылы Автомобиль жолдары және қоғамдық көлік басқармасы жолдарға жалпы 413,3 млн. теңге сомасына жоладырға орташа жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстар жүргізілді. (1,5 км. – Қабдолов көшесіне, 800 метр – Койчуманов көшесіне, 600 метр - Жұбанов көшесіне, 1,2 км. - Яссауи көшесіне, 500 метр – шағын Момышұлы көшесіне, 300 метр - шағын Өтеген батыра көшесіне, ул. 650 метр - Тепличная көшесіне, 200 метр - тура жол Сайран ы/аудан, 250 метр – жол Жетісу-3 ы/аудан. 

«Таусамал» ы/ауданына дейін Саин көшесінен бастап Жандосов көшесінде жолды кеңейту, жаяу жүргінші жолдарын жасау 2 км. созылғын жөндеу жұмыстары, Қарғалы өзеніндегі автомобиль көпірін және велосипед жолдарын толық қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта Мұстафин, Рысқұлбков, Сүлейменов, Жандосов (Саин-Тимирязов көше.), Тимирязов (Жандосов-Желтоқсан көшел.) көшелерінде қайта жөндеу жұмыстары БРТ бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Ұзындығы автомобиль жолдары - 8,7 км, 16,7 км. – жаяу жүргіншілердің жолдары, 5 км - велосипед жолдары. Табиғат ресурстары басқармасының аясында арық жүйесінің құрласы жалпы 255 млн. теңге cомасына ұзындығы 7,6 км. 5 телім бойынша жұмыстар аяқталды. 119 млн. теңге сомасына, жалпы ұзындығы 6,8 км. «Дубо», «Дубок -1» және «Алтын-Бесік» ы/аудандарында 3 телім бойынша арық жүйесінің құрласы басталды. 

Әуезов ауданының әкім апаратымен кезекті жөндеу, көркейту жұмыстары және МАФ-ты орнату мына көшелерде жүргізілді: 

1. 65,8 млн. теңге сомасына 1,5 км. – Жұбанов көшесімен Өтеген батыр көшесінен бастап Саин көшесіне дейін. 

2. 96 млн. теңге сомасына 1,91 км. – Өтеген батыр көшесімен Абай даңғылынан Төле би көшесі. 

2017 жылы қараша айында Әуезов ауданында аялдама кешендерінің саны – 177, ағымдағы жылы 100 аялдама қояды. (30 - инвестрлар, 10 – аудандық әкішілік, 60 – СМЭУ,(25 – орнатылған, 35- жасалуда) 

Ауданда көкалдандыру аймағының алаңы 77 га., суғарылатыны 28 га. Биыл 14,5 мың м2 алаңға Береговой көшесімен Шаляпина көшесінен Жандосов көшесіне дейін қосымша гүлзар егілді, Жандосов көшесімен Алтынсарин даңғылынан Саин көшесінің сол жағына - 940 п/метр дейін бұталы қоршау егілді, Жандосов көшесімен Саин көшесінен Береговой көшесінің оң жағына 622 п/метр бұталы қоршау егілді, 209 тал қыш құмыралар және қосымсша гүлзарлар орнатылды (көпжылдық – 5256 м2, канн – 626 м2, қызғалтақтар – 844 м2, раушан гүлдер – 2300 м2). 

Ауданда 247 контейнерлік алаңдар қызымет көрсетеді, оның ішінде 104 тереңдетілген түрі, 1 872 контейнер орнатылған. Жыл басынан қалалық ТҚ полигонына ораташа есеппен 82,5 мың тонна қалдықтар қашығарылды. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 

Ауданның тұрғын үй қоры 1707 көппәтерлі үйлерді құрайды, 226 ПИК қызмет көрсетеді және 7 мыңы жеке тұрғын үй құрылыстары. 1495 үйлерде 1819 ЖЕҚ орнатылған. Барлық көппәтерлі тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар жылу жүйелеріне уақытында қосылған. 

Бүгіндері ауданда 1970 жылға дейін салынған 565 (33 % аса) және 1990 жылға дейін салынған 621 (36 %) үй бар. Үйлерді пайдалану мерзімі 50-60 жыл екенін ескерсек, олардың тозуы 80- 100 % құрайды. Аталған түйткілді мәселені шешу үшін «2020 жылға дейін өнірлерді жетілдіру» бағдарламасы шенберінде жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы 53 үйлерде жөндеу жұмыстары жүргізілді: - 14 үйде 104,1 млн.тенгеге шатырды жөндеу; - 63,7 млн.тенгеге 6 үйде дәліздерге және кіреберістерге жөндеу жұмыстары өткізілді; -8,7 млн. 2 үйде инженерлік жүйені жөндеу жұмыстары өткізілді; -31 үйде 68 жеделсаты 422,5 млн.тенгеге ауыстырылды; Тұрғындардын есебінен 549 үйде жеңіл жөндеу жұмыстары өткізілді.

Жылу қуатын теңгеріммен тұтыну мақсатында тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйге 1977 жалпы үйлік жылу қуатын есептеу құралын орнату қажеттігі анықталды. Бүгіндері 1881 (95 %) құрал орнатылды, қалғаны - 98. Аталған жұмысты 2017 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Тәжірбие көрсетіп отырғандай жылу есептеу құралын орнату кезінде төлем 30-40 % азаяды. 

Ауданның қуат жүйесіне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы 30,52 электр жүйесі салынып, қайта жабдықталды. Жалпы аудандағы электр жүйесінің ұзақтығы 799,2 км, қосылған абоненттердің саны – 99 020 немесе 2016 жылға қарағанда 0,2 % артық. Абоненттердің санының артуына қарамастан жүйелердің жалпы тозу деңгейі 12 %-ға (60 % дейін) төмендеген. 

Өткен жылы электр қуатына белгіленген орташа төлем 2016 жылмен салыстырғанда 3,8 % өскен. Төлем көлемі негізінен өңірлік және өңіраралық электр қуатын беру бағасының көтерілуіне байланысты болып отыр. Жылумен қамтамасыз ету жұмыстарына келсек, өткен жылы жылуға 1807 нысан қосылған, оның 1707 тұрғын үй, 100 әлеуметтік нысандар (мектеп, аурухана). Өткен жылы қайта құруға, жаңғыртуға және құрылыс жұмыстарына 5, 39 млрд.тенге бөлінді. Барлығы 7,023 км құрайтын жылыту жүйелерінде жөндеу жасалды. Желілердің тозуы 76,5 % құрады, шығындар 0,02 %-ке азайды. 

Аудан бойынша су құбыры 382 км құрайды, ағымдағы жылы 44 км жаңа су құбыры ауыстырылды, тозу деңгейі 7 8 % төмендеген. Ауданда «Достық» (ұзындығы 52 мың метр, құны 2,5 млрд. теңге) және «Алтын бесік» ықшамаудандарының (20 мың метрге созылған, құны 741 млн.) кәріс жүйесі және құрлыс жұмыстары бойынша қайта жөндеу жұмыстары аяқталды «Таугүл-3» ықшамауданында 2 млрд. теңге сомасына су құбыр торабына және кәріс жүйесіне құрлыс жұмыстары жүргізілуде, ұзақтығы 40 мың метр, жұмысты бітіру уақыты 2018 жыл шілде айы. Асқаров, Жұбанов, Момышұлы, Төле би, шағын Саин көшелерінде құрлыс және инжинерлік жүйе бойынша қайта құру жұмыстары аяқталды. 

Әуезов ауданында 966 аула бар. Ағымдағы жыл 787 млн. теңгеге 50 ауланы жөндеу жұмыстарынан өткізді. Келесі жылы аймақтағы 65 аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аулаларды жөндеу кезінде ЛЭД жарықтандыруды 424 сауалнама арқылы анықтады. 

Әлеуметтік қолдау 

Біздің мемлекет аға буынға ерекше көңіл аударады. Ауданда 44 060 зейнеткерлер тұрады, олардың ішінде 72 – Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлері, 3940 – еңбек майданына қатысушылар, 5 мыңы көптікөргендер және 15 адамның жас мөлшері 100 асқан. 

Ауданда зейнетақы және жәрдемақы алатын 70,5 мың адам бар. (жәрдемақы алатын адамдар 25 мың, зейнетақы алатын адамдар 45 мың). Әлеуметтік көмек жұмыстары 5 бөлімнен тұратын үйге қызымет көрсету жұмыстары жүргізіледі және зейнетақы жасына жеткен, қартайған және 480 жалғыз басты мүгедектерге көрсетіледі. 

Ауданда Жұмыспен қамту бөліміне 11 айдың ішінде 4 мың адам жүгінді. Олардың ішінде 2397 адам жұмыспен қамтылды 2017 жылы қаңтар мен қараша ай аралығында жалпы 5мыңнан жоғары жаңа жұмыс орындары құрылды. 

Сонымен қатар, биыл әлеуметтік көмек сомасы (56 адамға) 1,7 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балалардың жәрдемақы сомасы (370 балаға) 4,5 млн. теңге, тұрғынүй жәрдемақы сомасы (406 адамға) 4 млн. теңге төленді. Жалпы ауданда әлеуметтік қолдаумен қамтылғандардың саны 6,8 мың адам, жалпы төленген сома көлемі 92,4 млн теңге, оның ішінде 3,4 мың адам мүгедектер. 

2012-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында мүгедеттердің өмірін жақсарту және құқығын қамтамасыз ету іс-шаралар Жоспарында 536 төлқұжат берілді және 267 жабдықталған объектілер жүзеге асырылды. 

Денсаулық сақтау 

Аудандық денсаулық сақтаужүйесіне 11 мемлекеттік, 38 жеке медициналық мекеме және 201 дәріхана кіреді, оларда 620 дәрігер, 1304 орта және 485 кіші медициналық қызметкерлер және 575 басқа қызметкерлер жұмыс істейді. 

Тұрғындарға қол жетімділік пен қолайлы жағдай жасау үшін әр емханада қабылдауға алдын ала жазылу, автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі жұмыс істейді, бұл тәсіл кезекті азайтып, түйткілдерді шешуге зор мүмкіндік беріп отыр. 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық және психикалық-әлеуметтік көмек тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Қазіргі уақытта ауданда 2689 мүмкіндігі шектеулі азамат (оның ішінде соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғалар) және 673 балатұрады. Тегін медициналық көмек кепілдігінің шеңберінде барлық мүгедек дәрі-дәрмекпен толық қамтылған. 

Әр медициналық ұйымда ауданымыздың тұрғындары өз талап-тілектерін білдіре алатын интернет-ресурс және пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы ұйымдастырылған. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша хабарласу үшін сенім телефоны жұмыс істейді. 

2017 жылдың есепті кезеңінде сенім телефоны арқылы 684 өтініш келіп түскен. Ауданда «Салауатты өмір салтын» насихаттау белсенді жүргізіліп келеді. Осы тақырып аясында 40 мыңнан аса адамды қамтыған 689 шара (акциялар, ашық есік күндері, денсаулық фестивалі) өткізілді. 

Есептік мерзім кезінде 2017 жылы сәбилер өлімі бойынша көрсеткіш деңгейін12,1 %-ға төмендетуге қол жеткізілді, 2016 жылы бұл көрсеткіш 14,6 % құраған. Жыл сайынғы профилактикалық скринингтік тексеру - қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау көрсеткішін көтеруге (2016 жылы –58,3 %, 2017 жылы –66,1 %) және дер кезінде толық көлемде қажетті медициналық көмек беруге мүмкіндік беріп отыр. Мұның бәрі қала тұрғындарының денсаулығына жағымды әсер етті және болашақта өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі. Көптеген денсаулық сақтау көрсеткіштері бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде оң динамика байқалады. 

Өткен жылы мемлекеттік, жұмыс берушілер мен азаматтардың бірлескен жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген болатын. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу арқылы денсаулық сақтау жүйесі бәсекелестік ортада жұмыс істеуге көшеді, бұл медициналық қызметтің сапасын тек жақсарта түсері анық. 

Қазіргі уақытта «Рахат», «Сұңқар», «МедЛин», «Хак», «Тау Сұңқар» сияқты жеке медициналық клиникалар базалық медициналық қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік тапсырысқа ие. 

Білім беру 

Ауданда 40 (32 мемлекеттік және 8 жекеменшік) жалпы білім беретін мекеме бар, онда 44 804 оқушы білім алады. 2017 жылы аудан мектептеріне 7 мыңнан аса балақабылданды, оның ішінде бірінші сыныпқа қабылданғандары – 5124 бала. 

2016 жылмен салыстырғанда жалпы аудан мектептеріндегі оқушылар саны 1623 балаға артты. Осыған байланысты аудан мектептеріндегі оқушы орындарының тапшылығы 3047,5 орынды көрсетіп отыр. 

2017 жылы аудандағы мектеп бітірушілердің ҰБТ-дағы орташа балы 99,64, бұл өткен 2016 жылғы көрсеткіштен 3,51 балға жоғары. ҰБТ-ға 1360 мектеп бітіруші қатысып, қорытындысы бойынша біздің аудан қалада 2 орынды иемденді. 99 үміткердің 99-ы үздік білімдерін дәлелдеп, жалпы орта білім туралы аттестат пен «Алтын белгі» белгісіне, 178 түлек мектепті өте жақсы аяқтап, үздік аттестатқа ие болды. № 175, 97, 173, 126, 139, 119, 130, «Білім-Инновация» лицей-интернаты (ұлдарға арналған) ҰБТ-да жоғары көрсеткіштер көрсетті. 160-тан аса оқушы жалпы білім беретін пәндерден өткізілген қалалық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанды. 

2017-2018 оқу жылының басында мектепке дейінгі мекемелердің саны 113 бірлікті құрады, ондағы бала саны 14529 балаға жетті. 

2017 жылы аудан аумағында 640 орынға арналған 17 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның ішінде 330 орындық 8 балабақша «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Сондай-ақ 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен қамтуды арттыру мақсатында мемлекеттік бала бақшалардың жанынан 103 баланы қамтитын 5 мектепалды дайындық тобы ашылды. Оңтайландыру мақсатында мемлекеттік балабақшаларда қосымша 425 орынға арналған 17 топ ашылды. 

Нәтижесінде аудандағы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 79,4 %-ға өскен (2016 жылы-78,4 %). 

01.12.2017 жылға балабақшадағы кезек 13 309 құрайды, оның ішінде 3 пен 6 жас аралығындағы кезектегі балалардың саны 4 177. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы кезекте тұрған балалардың саны 1 104 балаға кеміді. 

Жастарды қолдау

2017 жылы мәдениет саласымен жастарды патриоттыққа тәрбиелеу бағытында Әуезов ауданында 90-нан аса қоғамдық-мәдени шара өткізіліп, оған 156 мыңнан аса адам қатысты. 

Аудан төңірегінде 24 мәдени демалыс орталықтар бар, соның ішінде, 1 театр, 4 кинотеатр, 3 кітапхана, 7 аула клубы, 3 музыкалық мектеп, 4 ойын-сауық орталығы және 2 мемлекеттік спорт мектебі жұмысын атқарып келеді. 

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік тілді дамыту, тіл саясатын жүзеге асыру мақсатындағы негізігі басымдықтарының бірі «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруы болып табылады. 

«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарына сәйкес 20-ға жуық аудандық байқаулар өткізілді, соның ішінде, «Абай оқулары», «Тіл мерейі», «Ана тілім - ән жырым», «Тіл парасат». Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және ұлт бірлігін нығайту басты бағыттардың бірі болып табылады. 2017 жылы аудан мекемелерінде 50 мыңнан аса адам қатысқан шығармашылық байқаулар, акциялар, дөңгелек үстелдер және қаланың ғылым саласындағы қызметкерлерімен кездесу сияқты 70-тен аса шара ұйымдастырылды. 

Әуезов ауданы бойынша ағымдағы жылда мәдени іс-шаралардың ішінде тілге тиек ететін шараның бірі болып Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырылған жоғарғы оқу орындары мен арнайы оқу орындарының жалпы білім беру пәндері мен арнаулы пәндер арасында өткен ғылыми жобалар сайысын атап өтуге болады. 

Аудан әкімі аппаратының алдында тұрған тағы бір міндеттердің бірі бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Осы мақсатта жыл басында «Спортты Алматы» қалалық бағдарламасы негізінде тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін 20 мыңнан аса адам қатысқан 30-дан астам спорттық шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу 

Ағымдағы жылдың басынан «Безопасный двор» бағдарламасы бойынша 594 бейнабақылау камералары орнатылды. Жалпы ауданда 1570 көпқабатты үйлердегі 855 ауланы қамтитын 7153 бейнебақылау камералары, 421 жеке тұрғын үйлерде 1203 камералар орнатылған. Сондай-ақ 19 сауда үйлерінде және 5 әмбебап базарларда 1134 бейнебақылау камералары орнатылған. 

Есепті кезеңде полицияның учаскелік инспекторлары 8156 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Жалпы салынған айыппұл саны 49,9 млн. теңге, төлетілді 20,6 млн. теңге және 4110 ескерту жасалды. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында 10524 қылмыс жасалды, қылмыстың ашылу деңгейі 23,9 %. 

Азаматтардың хал актілерін тіркеу 

2017 жылы тұрғындарға көрсетілген мемлекеттік қызметтің саны 21297, онын ішінде 13484 – «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ арқылы, 2453 – Электрондық Үкімет Порталы «egov»арқылы, 5360 мемлекеттік орган арқылы. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бұзылмаған. 

Өткен жылы азаматтардың хал актілерін тіркеудің барлық түрі бойынша: туу - 7271, өлім - 1999, неке тіркеу - 3421, неке бұзу - 1255, әкелікті тану - 663, бала асырап алу - 46, акт жазбаларын қалпына келтіру - 87, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту - 186, түзету, өзгеріс, толықтыру енгізу туралы қорытынды жасау – 304 құрады. 

Бөлім қызметкерлері неке және отбасылыққа қатысты 67 сот отырысына қатысты. Мемлекет бюджетіне 11274276 теңге баж салығы өндірілді. 

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға жол бермеу және қызмет сапасын көтеру мақсатында, ай сайын Әуезов ауданы ХККО-ның инспекторларына құжаттарды қабылдау барысында жіберілген кемшіліктерге талдау жасай отырып, семинар-сабақтар өткізіледі. Қала тұрғындары арасында кездесулерде, БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстары жүргізуде. Бөлім мамандары өткізілген Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңкеғе белсенді қатысып, азаматтарға туындаған сұрақтарына жауап беріп, кеңес берді. 

Құжат айналымы 

Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан әртүрлі мәселелер бойынша 1992 жолданым қабылданып, қаралды. Сұрақтың 22,2 %-ы аптаға жетпей шешілсе, 77,8 %-ы бір айдың ішінде шешілген, 1 өтініш қарауда. Олардың 520-і коммуналдық-шаруашылыққа, 303-і көріктендіруге, 59-і білім беруге, 214-і әлеуметтік салаға және т.б. қатысты. 

Сондай-ақ Әуезов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсындағы «Әкімге сұрақ» айдары және «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындармен кері байланыс орнатылған. 2017 жылы әкімнің интернет-ресурсына - 725, Instagram-ға -659 өтініш түскен. Барлық сұрақ қаралып, құзыреттілік шеңберінде шешімін тапқан. 

«Әкімге сұрақ» айдары аудан әкімінің тұрғындармен бейресми нысандағы қатынас түрі болып табылады және ол Сіздердің ат салуларыңыздың арқасында шешуін талап ететін, өте маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмауға мүмкіндік береді. 

Бекітілген кестеге сәйкес аудан басшылығы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді. 

Есепті мерзім ішіндеаудан әкімі мен оның орынбасарларының қабылдауында 352 адам тіркеліп (359 мәселе көтерілген). Бұл 2016 жылмен (411 адам) салыстырғанда 59 адамға кем. Қабылдауда түскен өтініштің 7-і оң шешімін тапқан, 2017 жылмен салыстырғанда (11) 4 өтінішке кем; бас тартылғаны 1, 2016 жылмен салыстырғанда ұқсас; түсіндірілгені – 335, 2016 жылмен салыстырғанда (370) 35 өтінішке кем; басқа субъектілерге қарау үшін жолданғаны 12, 2016 жылмен салыстырғанда (29) 17 өтінішке кем.