Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Әдістемесін бекіту туралы


                                                                                                       Жоба

Алматы қаласы Әуезов ауданы

әкімі аппаратының «Б» корпусы

мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің

қызметін бағалау Әдістемесін

бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңынының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы       29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы            29 желтоқсандағы №110 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1..Қоса беріліп отырған Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2..Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылдың                                     04 наурыздағы № 1261 болып тіркелген (2016 жылғы 15 наурыздағы                              № 31 «Алматы ақшамы» және 2016 жылғы 15 наурыздағы № 33 «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған), «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 01 шешімінің күші жойылды деп танылсын. 

3. Осы нормативтік құқықтық акт Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

4. Осы шешімді интернет-ресурста орналастыру қамтамасыз етілсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысы Б.Ж.Әлияроваға жүктелсін.

6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әуезов ауданының Әкімі                                        А. Рақымбетов

Енгізуші:

Персоналды басқару қызметінің

(кадрлық қызмет) бас маманы                                   А. Тоқтарбаева

Келісілді:

Аппарат басшысы                                                      Б. Әлиярова

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                     С. Омарова