Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданының 2018 жылға әлеуметтік-экономикалық дамытуның қорытындысы


Өткен жыл маңызды оқиғаларға толы болды, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру бойынша міндеттер қойылды олар: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «Ұлт жоспары-100 қадам», «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және басқада бағдарламалық құжаттамалары.

2018 жылдың қаңтарында, біз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде лайықты түрде төрағалық ету үшін Орталық Азия мемлекеттерінің алғашқысы болдық, бұл бізге Қазақстанды әлемдік деңгейінде айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді.

Дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудің жеңілдету рейтінгісінде Қазақстан әлемнің 190 елінің қатарына алғаш рет кірді, «Бір белдеу – бір жол» мегажобасы сәтті жүзеге асырылуда және де Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция қабылданды.

Елбасының бастамасы бойынша, 2018 жылдың қазанында Алматыда БҰҰ-ның жаңа аймақтық орталығы ашылды, бұл Орталық Азия аймағындағы тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту үшін маңызды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, адамның негізгі байлығын дамыту мемлекет табысының кілті болып табылады.

Сондықтан әрбір басшыға өз жұмысындағы көзқарасты өзгертуге және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың басты басымдылығын белгілеуге тапсырма берілді.

Ал қазақстандықтардың әл-ауқаты ең алдымен табыстың тұрақты өсуіне және өмір сапасына байланысты.

Осыған байланысты, ауданда мемлекет басшысы жолдауының негізгі басымдылықтарын және Әуезов ауданында келесі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі нәтижелерін белсенді іске асыруда:

Бірінші: Халықтың табысының (кірісінің) өсуі.

Елбасының ең маңызды бастамасы – ең төменгі жалақының 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін өсуі.

Біздің ауданда бұл 10 мыңнан астам меншік нысандарының ұйымдарын шарпыды, бұл аудандық кәсіпорындардың 15 мыңға жуық қызметкерінің ең төменгі жалақысын көтеруді білдіреді.

Ірі және орта кәсіпорындарда, жалдамалы жұмысшылар саны 34 398 адам жұмыспен қамтылған. Аталған сектордағы жұмысшылардың орташа жалақысы 155 881 теңге.

ЕКІНШІ. БИЗНЕС ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ.

Мемлекет басшысы бизнестің тұрақты өсу көздерін қалыптастыру, жеке инвестицияларды ынталандыру қажеттігін атап өтті.

Себебі, бұл жаңа жұмыс орындарын құратын бизнес болып табылады және қазақстандықтардың көпшілігін табыспен қамтамасыз етеді.

Ауданымызда 18 өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан, 2018 жылдың 11 айы ішінде 88,3 млрд. теңгеге азық-түліктерді шығарды.

2018 жылдың басынан бері ауданда 83,5 млрд, теңгеден астам салық түсімдерімен қамтамасыз етілген немесе 2017 жылмен салыстырғанда 113%, бұл инвестициялық ахуалдың жақсаруын көрсетеді. Осылайша аудандағы инвестиция көлемі 2018 жылы 56,2 млрд. теңгені құрады.

Аудан экономикасы негізінен қызмет көрсету және сауда саласы болып табылады, бұл 60% құрайды.

2018 жылы ауданда жаңа іскерлік нысандар іске қосылды оның бірі «OBI» неміс маркалы құрылыс гипермаркеті, 240 жұмыс орны құрылды, 6,3 млрд.теңгеге инестицияланды.

«OBI» компаниясы 11 еуропалық елдерде ұсынылған және үйге, құрылыс пен көгалдандыруға арналған бөлімдерді ұсынатын халықаралық гипермаркет желісі.

Сондай-ақ, 2018 жылы Қазақстанда теңдесі жоқ «Falcon Eurobus» электр автобустардың үшінші буыны құрастыру зауыты ашылды, 1300 жұмыс орны құрылды, салынған инвестиция 14 млрд.теңгені құрады. Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылы «Даймлер Бенд» компаниясымен тиісті келісімге қол қойылған, 2018 жылы бұл келісім жүзеге асырылды.

Зауыт заманауи қауіпсіздік жүйелерімен және жоғары өнімділігі, Еуро 5 стандарты бар ыңғайлы автобустардың өндірісін құрастыруды жоспарлап отыр.

«Grand Park» сауда-ойын сауық орталығының 3000-нан астам жұмыс орны бар екінші кешені ашылды, мұнда ойын-сауық орталығы, заманауи балалар ойын алаңдары, фудкорттар, бутиктер құрылған.

Жалпы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша соммасы 1,7 млрд.теңгеге 6 жобасы мақұлданды, 345-тен астам жұмыс орны құрылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 60 адам өтініш берді, оның 30-ы соммасы 421 млн теңгеге несие алды.

«Сайран» автовокзалына жаңғырту жұмыстары жүргізілуде оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес аудандық тартылысқа келтіре отырып орталық жасау жоспарлануда.

Осы мақсатта автовокзалда 120 конструкцияларға демонтаж жасалды (100 сауда нысандары, 20 кафе) көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізді.

Енді автобус станциясы айтарлықтай өзгерді, оның алдыңғы жағы ашылды, белгілер 3 тілде орнатылды, қауіпсіздік камералары, WI-FI аймақтары, мұз айдыны, заманауи таксомоторлы автотұрақтар қойылды.

Көліктік логистика қайта қаралады, станция алаңы мен жаяу жүргінші аймағы кеңейеді, туристік автобустарға автотұрақ, субұрқақтар және жасыл желектер пайда болады.

Аудан арқылы 39 автобусты, 5троллейбусты маршрут қызмет көрсетеді, сонымен қатар ауданда 700 автобус қызмет көрсететін 10 автобустық, 3 троллейбустық соңғы пункттері жұмыс жасайды және 190 аялдама кешендері орнатылған, оның 16 жаңа үлгідегі аялдамалар.

Жалпы, көлеңкелі экономикамен күрес мақсатында ауданда заңсыз орнатылған 365 дүңгіршіктер мен павильондарға демонтаж жасалды (анықтама: «Сайран» вокзалы аумағында 120 дүңгіршектер, ал «Кар Сити» ЖШС аумағында 180-і жойылды,аудан аумағындағы 65 дүңгіршіктер) 10 заңсыз автотұрақ анықталып олармен жұмыс жүргізілуде. Жұмыс осы бағытта жалғасуда.

«Қолма-қолсыз экономиканы» дамыту үшін ауданның базарларында деректерді берудің жаңа функциясы бар 493 жаңа кассалық аппараттар орнатылды.

2019 жылы «Арыстан» және «Сары Арқа» базарларын жаңғырту басталады, олардың орнына жерасты автотұрағымен, өркениетті және ыңғайлы сауда деңгейімен заманауи сауда орталығы пайда болады.

Осылайша, біздің ауданда ел Президентінің бизнесті жүргізу үшін жағдай жасау жөніндегі бастамалары жалғасатын болады.

ҮШІНШІ. ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ МЕН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚҰРУ.

Біздің ауданымыз қаладағы тығыз орналасқан ауданның бірі болып табылады, оның аумағы 23 км2 , шамамен 300 мың адам тұрады.

Бес әлеуметтік бастамасының аясында ауданда «7-20-25» тұрғын-үй бағдарламасы белсенді іске асырылуда.

Осылайша, сапалы тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауданда 15 жаңа тұрғын үй салынады, оның 7-і 2018 жылы пайдалануға берілген.

(Анықтама: жаңа тұрғын үй құрылысының 11 нысанасы 1)Жандосова к-сі Сүлейменов және Щепкин к-і арасы Алматы қ-сы «ПКС» ЖШС, КБ Групп ЖШС, 2)Саин к-ң батысы, Жандосов к-ң солтүстігі «BIGroup» ЖШС, 3)Жетісу-3 ы.а.- «Алтын Сапа» ЖШС, «BIGroup» ЖШС, 4)Абай д-ғы оңтүстігі, Өтеген батыр к-нің батысы – «NOVEC» ЖШС, 5) Ақсай-4 ы.а. -«NOVEC» ЖШС, 6) Жетісу-1 ы.а. – Момышұлы к-сі шығысы, Аба д-ң солтүстігі – «НСК Астана-Құрылыс» АҚ, 7) Ақсай-3 ы.а. – Момышұлы к-ң батысы, Маречек к-ң оңтүстігі Алматы қ-сы «DK65» ЖШС, 8) Шаляпин к-ң солтүстігі, Алтынсарина д-ң батысы, 12 ы.а. – «Компания ТДА Строй» ЖШС, «MBAConstruction» ЖШС, 9) Қойшыманов к-ң солтүстігі, Саин к-ң шығысы 6 ы.а. – «АктлеуоваКурбанкуль» ЖК, «Капстройгрупп-Т» ЖШС, 10) Жандосов к-сі мен Сүлейменов және Щепкин к-сі арасы - Алматы қ-сы «ПКС» ЖШС, «Астана строй инвест» ЖШС Корпарациясы, 11) Қабдолов к-сі,14 «Тексан Реформ Констракшн» ЖШС, «Бату-құрылыс» ЖШС).

Алданған үлескерлер мәселесін шешу шеңберінде, 12 ықшамауданындағы тұрғын үй құрылысының жалғасы іске қосылды, оның өткізуі 2019 жылдың 1 тоқсанында жоспарланып отыр, осылайша 13 алданған үлескерлер өз пәтерлеріне көшу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мәселе 2017 жылдан бері созылып келген. 2018 жылы аудандағы алданған үлескерлер мәселесі толығымен шешілді.

Сондай-ақ, «Ескі тұрғын үй» бағдарламасы аясында «Bi group»ЖШС бірлесе ескі тұрғын үйлерді сүру және Сүлейменов к-сі бойына жалпы аумағы 1025 кв.м. жаңа үйлерді салу жоспарлануда. Тиісті келісімдерге қол қойылды.

Сүлейменов көшесіндегі алғашқы кезектегі сүру және құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Жалпы алғанда, бізде 92 ескі үй бар, алдағы 2-3 жыл ішінде 42 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс тұрақты бақылауда.

(Анықтама үшін: Ауданда 92 ескі үйлер бар олар: Сүлейменов к-сі,42, Жандосов к-сі,4д) Мамыр ы.а. Кассин к-сі – 6д, Мамыр.а. Спортивная к-сі – 2д, Мамыр ы.а. Садовый бульвар к-сі – 2д, Мамыр ы.а., Солнечный проезд-2д, Мамыр ы.а. Степная к-сі – 1д, Мамыр ы.а. Центральная к-сі – 3д, Мамыр ы.а. Цветочная к-сі- 1д, Мамыр ы.а. Таугуль – 5д, Мамыр ы.а. ПМК -610- 12д, Дубок ы.а.-9д, Пятницкий-1д, №1 ы.а.-1 д.)

Ауданның тұрғын үй қоры 1726 көппәтерлі үйлерден тұрады, аталған үйлерге 226 ПИК қызмет көрсетеді. Жеке меншік үйлер саны 7 мың.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы Басқармасымен және Алматы қаласы дамыту орталығымен 1716 үйді қамтыған, 217 ПИК-не электрондық желілерді қостыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Берілген электрондық құжат айналымының көмегімен тұрғындар жөндеу жұмыстарына өтініш бере алады, ПИК –і смета шығындардың бағасын және қаржылық қызмет туралы есеп ұсыну, онлайн жиналыстар өткізу және т.б.мүмкіндіктеріне ие.

1617 үйлерге жалпы үйдің жылу қуатын есептейтін құрылғы орнатылды, бұл аудан тұрғындарына нақты жылумен қамтамасыз ету қызметтеріне ақы төлеуді 40% дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Орташа құны 650 000 теңге болатын құралдарды орнату бюджеттік қаражат есебінен қайтарымды негізде 4 жылға бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Өткен жылы 50 ПИК жекеменшік қаражаты есебінен 378 көпқабатты тұрғын үй жөндеу жұмыстарынан өтті, онда шатыр, кіреберістер, сыртқы қабырғалар, көпіршелер мен инженерлік коммуникациялар жөнделді.

Сонымен қатар, «2020 жылға дейін өңірлерді жетілдіру» бағдарламасы аясында аудан бойынша қаражат есебінен қайтару негізінде 77 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді және 64 жеделсаты қондырғылары ауыстырылды.

2019 жылы 100 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Өздеріңіз білетіндей ауданда аулалардың жөндеу жұмыстары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әуезов ауданында жалпы аула саны -966.

Соңғы 3 жылда 173 аула жөндеуден өтті, бұл жалпы санның 20% -ын құрайды.

2019 жылда Ақсай ы.а. – 1,1а,2,3,3а,3б,4,5, Мамыр ы.а.-1,2,3,4, №10А ы.а. «Таугуль» ы.а., Тастақ-1 ы.а. және №1 ы.а. 206 аула аумағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда екенін атап өткім келеді.

Осылайша, бұл барлық аудандық аулалардың 40%-ын жабуға мүмкіндік береді.

Бұл жерде резеңке жабындары, жаңа балалар ойын кешендері, қоқыс жәшігі, орындықтар, футбол спорт алаңдары және сыртқы жарықтандыру орнатылады. Бұл жұмыстар келесі жылдары өз жалғасын табатын болады.

Ауданды абаттандыру мақсатында, 2018 жылы 738 ағаш кесіліп және орнына 1900 ағаш отырғызылды, 67 мың м2 көгалдармен жабылған. Аудандағы жасыл аумақтың аумағы 77 га құрады.

Ауданда 4 жер асты және 5 жер үсті өткелдері бар.

2 жер асты өткелдерінің қабырғаларына графикалық безендірулер жүргізілді (Саин көшесі Ұлықбек көшесінің оңтүстігі; Саин көшесі Ұлықбек көшесінің солтүстігі).

Сайран көлінің батыс жағалауындағы абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Мұнда асфальт төселді, ыңғайлы орындықтар, қоқыс жәшіктері, кіші сәулет түрлері, спорттық алаңдар орнатылды, жарықтандыру, көгалдандыру, ағаштарды бұзу және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Ян Гейл жобасы бойынша 2019 жылы 8 ықшамуданында жаяу жүргінші аумағына құрылыс, сонымен қатар қазіргі заманғы балалар, тренажер, баскетбол алаңдарын, жүгіру жолдарын, брусчатка, бейнебақылау, ЛЭД жарықтандыруы, ыңғайлы орындықтар мен алаңдар және иттерді серуендету үшін алаңдар құрылысы жоспарлануда. Жалпы құрылыс мерзімі 7 ай.

Ауданда 111 шақырым ұзындықта қалалық маңызы бар 64 көше, 20 шақырым ұзындықта аудандық маңызы бар 37 көше, 124 шақырым ұзындықта жергілікті маңызы бар 103 көшелер қызмет көрсетіледі.

Жалпы аудан бойынша 255 шақырым ұзындықта, аумағы 2 463 470,61 м2 204 көшелер мен өтпелер тазаланады.

Күнделікті ауланы тазалау бойынша жұмыстар қадағаланады, сонымен қатар, қыс кезеңінде мұздан тазарту және апатсыз шатырдағы сүңгілерді құлатуды іске асырады.

Аудандағы аулалардың тазалық талабына сәйкес болмағандықтан 40 әкімшілік хаттама толтырылып 2 млн 625 мың теңге(1125 АЕК) соммада айыппұл салынды.

Ауданда сондай-ақ, 247 контейнерлі алаң қызмет көрсетіледі, оның 104 босаңба түрдегі, онда 1872 контейнер орналасқан. 2018 жылдың басынан, қатты тұрмыстық қалдықтарды қалалық полигонға шығару орташа алғанда 94 мың тоннадан астамды құрады.

2019 жылға «Тәртіп» АҚ бірлесе 28 контейнерлі алаңды жаңарту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта аудан бойынша 93 шақырым ұзындықта қызмет көрсететін арық желілері бар.

2018 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша (жауын-шашын кезінде тұрғын үй ғимараттарының жертөлелерін су басу, еріген суларды ішкі аула аумағынан бірыңғай қалалық жүйеге шығару) су тасқыны қаупі бар жерлерді түгендеу және тексеру жұмыстары жүргізілді.

Осылай су басу қаупі бар 32 пункт анықталып, 15-де жөндеу жұмыстары жүргіліді, 17 жөндеу жұмыстары әліде жүргізілу үстінде.

Соңғы 2 жылда Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы 15 шақырым ұзындықта арық желілерінің құрылысы бойынша жұмыстары жүргізілді.

2019 жылға жалпы соммасы 58 млн теңгеге, 4 шақырым ұзындықта арық желілердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына және ұзындығы 24 шақырымда жаңа құрылысқа жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша өтініш берілді.

Ауданда 2000-ға жуық арық люктер бар, 2018 жылы люктерді ұрлау жиілеп кетті арық люктер қызмет көрсету компаниясы тарапынан берілген люктарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы құқық қорғау органдарымен ауданда 250 люктарды ұрлау факт анықталды, тергеу жұмыстары жүргізіліп қылмыстық істер қозғалды.

Желілердің жөндеу жұмыстары:

2018 жылы аудан аумағында ұзындығы 1063 м құрайтын арық жүйелеріне ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды.

Аудан аумағында барлық магистралды көшелер жарықтандырылған, жалпы жарық шамдары 11 мың дана, ұзындығы 377 шақырымды құрайды.

2018 жылдың соңына дейін Мамыр, Школьный, Дубок, Достық ықшамаудандарында 35 шақырым ұзындықта сыртқы жарықтандыру жүйелерінің құрылысы аяқталды, жарық нүктелерінің саны – 503 дана.

2018 жылдан бастап «Достық» ықшамауданында сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы басталып, ДСҚ жоспарына сәйкес қашықтығы 33,3 шақырымға 1136 жарықтандыру нүктелері жоспарланған болатын, 2018 жылы қашықтығы 17,5 шақырымға 584 жарықтандыру нүктесі орнатылып, 2019 жылға қашықтығы 15,8 шақырымға 552 жарықтандыру нүктесі жоспарланып отыр.

Осы жұмыстар біткенде ауданның жарықтандыруы 87% құрайды. Бұл жұмыс келесі жылы жалғасатын болады.

«Достық», «Алтын бесік», «Таугүл-3» ықшамаудандарында су және кәріз желілерін дамыту бойынша жұмыстары аяқталды.

Төле би көшесінде жылу желілердің қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, ал келесі жылы ұзындығы 5,8 шақырым жылу магистралін қайта құру жоспарлануда.

2019 жылы 28 көшеге және ұзындығы 15,9 шақырымда өтпелі жолдарға, ұзындығы 10 шақырым жаяу жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

ТӨРТІНШІ. ЕЛБАСЫ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ.

2018 жылы мекетепке дейінгі мекемелердің саны 30%-ға артты, 152 ден 45-і мемлекеттік қалғаны 107 жекеменшік.

2018 жылдың ақпан айынан бастап «Мектепке дейінгі балалар ұйымына кезекке қою» мемлекеттік стандарт енгізілді. Енді бұл процесс толығымен автоматтандырылған, сондықтан балабақшада кезекке қою үшін әрбір ата-ана тек электрондық цифрлық қолтаңбаны алып өтініш беруі керек.

2018 жылы 913 орынға 25 жекеменшік бала бақшалар ашылды, оның 11-і, 640 орынға «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Жылдың соңына дейін 250 орынға 6 бала бақшалар ашылады.

ҰБТ-нің қорытындысы бойынша ауданымыз 2018 жылы 102 балл нәтижесін көрсетті, 105 түлек «Алтын белгі» белгісіне ие болды.

2018 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша №123 мектеп-гимназиясының түлегі Құдайбергенова Шиара 140 ұпай жинап Қазақстан бойынша ең жоғарғы нәтижеге кол жеткізгенін ерекше атап өткім келеді.

Біздің ауданның барлық 32 мектебі Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибесінің негізінде білім беру мазмұнына ауысты.

Оқушы орындарының тапшылығын төмендету аясында 2019 жылға Мамыр-5 ы.а. 1200 орынға мектеп құрылысы жоспарлануда.

Оқу үдерісінің жағдайын жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында №123 мектеп ғимаратының сейсмикалық күшейтуімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, осыған ұқсас жұмыстар ағымдағы жылдың желтоқсан айында №139 мектеп-гимназиясында аяқталды, №113 мектеп-гимназиясының жұмыстары аяқталуда.

Мамыр ықшамауданында Алматыдағы жалғыз халықаралық турнирлерді өткізуге болатын, жаңа теннис орталығы ашылды.

Бұл жерде көпбалалы отбасыдағы балалар үшін 50% жеңілдік, ал 2 балалы отбасыларға 10% жеңілдік қарастырылған.

Сонымен қатар, ауданда 27 мың студент оқитын 6 ЖОО, 20 АООО орналсқан.

БЕСІНШІ. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ.

Ауданның денсаулық сақтау жүйесіне 11 мемлекеттік және 38 жеке медициналық мекемелер кіреді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық клиникалар мен ауруханалар қағазсыз, цифрлық медициналық құжаттарды басқаруға көшеді.

Осыған байланысты, осы жылдың аяғына дейін 30 қағаз түрінен бас тарту жоспарлануда, яғни, қағазсыз жұмыс процесіне бірте –бірте көшу.

Ауданда денсаулық сақтау мекемелеріне тіркелгендердің 98%-ы электронды денсаулық паспортымен қамтамасыз етілген, 100% мобильдік қосымшамен қамтамасыз етілген.

Пациенттердің күту уақыты 22%-ға, кезекте күту-35%-ға, науқастың дәрігерге тағайындалуы -2,5 есеге және дәрігердің шақыруына 1,8 есеге төмендеді.

Медициналық мекемелердің заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталуы - 95% құрайды.

Ауданның барлық денсаулық сақтау мекемелерінде цифрлау аясында ДАМУ МЕД бағдарламасы жұмыс істеуде.

Ауданда №2 балалар клиникалық ауруханасының қосымша ғимараты клиникалық диагностикалық педиатриялық орталықтың құрылысы аяқталды.

2019 жылға Мамыр ықшамауданында бір ауысымда 100 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын салу жоспарлануда.

1 қаңтардан бастап Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, ауруларды емдеудің жаңа тәсілдерін енгізген медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп 20% өседі.

Аудандағы денсаулық сақтау мекемесінде 616 дәрігер, 1313 орташа және 513 кіші медқызметкерлер, сондай-ақ 568 тағыда басқа жұмысшылар қызмет етеді.

Емханалардың есеп беру кезеңі бойынша 468 660 тұрғындарға қызмет көрсетілді, оның «Дәрігер қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет бойынша 310 842, egov арқылы 88 965 қызмет көрсетілді. Дәрігерді egov арқылы үйге шақыру -42 928.

Емханаларға тіркелу -34 462, egov арқылы-4 149.

Әуезов ауданының мәдениет және патриоттық тәрбиелеу саласында 7 жастар орталығы жұмыс істейді, онда әртүрлі спорттық секциялар мен 700-ден астам оқушылар мен студенттерге өнер үйірмелері тегін жұмыс істейді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жыл басынан жеке инвесторлардың қаражатынан ауданда 10 балалар спорттық алаңы, 11 WorkOut үшін алаң ашылды.

2019 жылға 30 футбол алаңын, 15 баскетбол және 20 WorkOut үшін алаңының ашылуы жоспарлануда.

Бүгінгі күнде ауданымызда 16%-ы қарт адамдар. Сондықтан, Қазақстанда бірінші рет «Белсенді ұзақ өмір сүру» қалалық бағдарламасы іске асырылды, онда 1 мыңнан астам қатысушылар тартылған, аудан емханаларында қарт адамдарға арналған клуб іске асырылуда.

Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында ауданда белсенді ұзақ өмір сүру орталығын дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, №6 емханасында «Лайықты жас» жұмыс клубы, №16,18,15,10 емханаларында жаңа клубтар ашылды. №3 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (Қарттар үйі) «Достық», «Шұғыла», «ЖасАрт» аула клубтарында сауықтыру, спорттық іс-шаралар, мәдени-демалыс жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Нархоз университетіндегі қаржы колледжінде компьютерлік сауаттылықты дамыту мақсатында ардагерлер мен зейнеткерлерге апталық компьютерлік курстар ашық.

Соғыс және еңбек ардагерлері үшін қайырымдылық акциялары өткізілді, «Егде жастағы адамдар айлығы», патриоттық әндердің вокалдық жарыстар, «Туған жер» атты тақырыптық кітап көрмесі, ақындар мен жазушылардың қатысуымен шығармашылық кездесулер өткізілді.

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құру мәселесіне ерекше назар аударылуда.

Ауданда мүгедектерге арналған қол жетімді ортаны құрметтеу үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысаналарын түгендеу (паспорттау) бойынша жұмыс тобы құрылды.

Бүгінгі күнде 536 нысана паспортталды, оның 380-і бейімделді. 2019 жылға бейімдеу бойынша жоспары 92 нысананы құрайды.

Қазіргі уақытта аудандағы барлық мемлекеттік мектептерде, ЖОО мен АООО, денсаулық сақтау мекемелерінде, мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар зейнетақы төлеу орталығы, Ардагерлер үйінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділік қамтамасыз етілген, 2018 жылға бейімдеу бойынша жоспары 100% орындалды. (Анықтама: 113 нысана бейімделді).