Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі


Әуезов ауданы  әкімінің

06 қараша 2017 жылғы

№ 29/ө өкімімен бекітілді

                                                                             

Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 Бөлім басшысы - Қуанышев Бекжан Орынбайұлы

Тел.: 303-25-58

1. Жалпы ереже

1. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (бұдан әрі мәтінде) Әуезов ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.

         Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының  «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдары, «ҚР тіл туралы», «ҚР мәдениет туралы», «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы», «ҚР туризм және спорт туралы», Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтінің Жарлықтары мен қаулыларын, Алматы қаласы Мәслихатының өкімдері, Алматы қаласы әкімінің және Әуезов ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аталған ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.

        2. Бөлім басшысын аппарат басшысының ұсынуымен аудан әкімі тағайындайды және қызметінен босатады.

       3. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және босату немесе ауыстыру, сонымен бірге жазаға тарту шараларын бөлім бастығының келісімі арқылы аппарат басшысының ұсынуымен аудан әкімі жүргізеді.

      4. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерді бөлісуі бөлім басшысының қатысуымен лауазымдық нұсқаулық бойынша жүргізіледі.

5.    Бөлім жұмысы әкімнің орынбасары бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі.

     6. Бөлімнің есебі жұмыс қорытындысы бойынша аппарат басшысының белгілеген нысан мен уақытқа байланысты жасалады.

2.Бөлімнің  негізгі мақсаты:

7. Бөлімнің негізгі мақсаты мен міндеттері:

        Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша мәдени іс-шаралар мен тілдерді дамыту саясаты мен спортты дамыту бағытында  жұмыс жүргізу және тиісті құрылымдық қызметтермен жүргізілетін жұмыстарды үйлестіру, оны атқару;

        білім саласындағы спорт, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында, мәдениет және тілді дамытуда жұмыстарды үйлестіру.

        8. Бөлімнің  негізгі  міндеті:

        аудан әкімінің қарауына жобалар, шешімдер мен өкімдер әзірлейді және енгізеді, қабылданған шешімдерді іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

        аудан әкімі және әкім орынбасарының жауапты құзыретті өкілдермен кездесуін ұйымдастырады, өз құзыретінің шеңберінде мәдени, тіл, білім және спорт салаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Алматы қаласы мен Әуезов ауданы әкімдерінің өкімдерін жүзеге белсенді асыруға бағытталған мәселелерді зерттеу, ұсынымдарды әзірлеу және іс- шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіпорын басшыларын, қызмет бөлімдерін, коммерциялық құрылымдарын тарта отырып, ғылыми – тәжірибелік конференцияларын, дөңгелек үстелдер, семинарлар, баспасөз конференцияларын, акциялар, кездесулер және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады;

        қала әкімінің аппаратына мәдениет және тілдерді дамытуға қатысты реформа бағыттарын, мемлекеттік құжаттарды түсіндіру және насихаттау шаралары туралы  ақпараттар әзірлейді;

        жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында жастар саясаты ісі жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды үйлестіреді;

        Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің бөлім құзіретіне қатысты мәселелері бойынша шешімдерін, өкімдерін орындау жөніндегі жұмыстарын іске асырады. 

3. Бөлімнің құқығы

9.Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ережесіне сәйкес бөлім өз қызметі барысында құқылы:

        бөлім құзіретіне кіретін аудан әкімі өкімдерінің, шешімдерінің жобаларын әзірлейді;

        белгіленген тәртіп бойынша бөлімге жүктелген жұмыстарды орындау үшін, аппарат бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелер мен аудан қызметтерінен, сондай-ақ, мекемелерден, ұйымдардан қажетті мәліметтер, ақпараттар, анықтамалар сұрауға;

        бөлімнің жалпы жұмысын жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;

        аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, қалалық және аудандық қызметтердің өзара байланыста жұмыс істеуіне. 

4. Жауаптылық

        10. Осы Ереже бөлімге жүктеп отырған мақсат, міндеттер мен құқықтардың сапалы және уақытылы орындалуына бөлім басшысы жауапты.

        Бөлім мамандары ҚР заңнамасына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға, сонымен қатар жасырын немесе қызметтік сипаттағы ақпараттарды жария етпеуге дербес жауапты.

5. Бөлімнің басқа құрылымдық бөлімдермен өзара бірлесе іс-әрекеті

        11. Бөлімнің басқа құрылымдық бөлімдермен өзара бірлесе отырып іс-әрекеттер жасауы ұйымдастыру-реттестіру құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.