Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының Қаржы-шаруашылық бөлімі


Әуезов аудан әкімінің

2017 жылғы 06 қарашадағы

№ 29/ө өкімімен бекітілген                                                                            

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының Қаржы-шаруашылық бөлімі туралы

Е Р Е Ж Е

Бөлім басшысы - Қураласова Гүлнәр Андасбекқызы

Тел.: 303-42-60

1.Жалпы ережелер

1. Аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша - бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы жетекшілік ететін құрылымдық бөлімі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Ремпубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы мәслихатының, Алматы қаласы әкімінің және Әуезов ауданы әкімінің актілерін, өзге де заңға тәуелді нормативті құқықтық актілерді, «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені және осы ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.

3. Бөлім басшысы лауазымға аудан әкімінің өкімі бойынша қабылданады және одан босатылады. Қаржы-шаруашылық бөлімнің бас маманын (бұдан әрі бөлімнің бас маманы) аудан әкімінің өкімі бойынша қабылданады және одан босатылады.

4. Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану шараларын аудан әкімі жүргізеді.

5. Бөлім қызметкерлері өз қызметтерін білікітілік талаптарына сәйкес  жүзеге асырады.

2.     Бөлімнің  негізгі  міндеттері

Аудан әкімі аппаратын қаржылық, шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін жүзеге асыру;

Бюджет жобасын, шығыс сметасын жасау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

Мекеменің бухгалтерлік-шаруашылық қызметін бухгалтерлі есепке алуды ұйымдастыру;

Қаржылық және штат тәртібін қатаң сақтау, сметаның баптар бойынша орындалуын, есептесу жағдайын, материалдық құндылықтардың сақталуын қатаң қадағалауды қамтамасыз ету;

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді  мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

Қаржылық және статистикалық есептерді жасау және оларды тиісті қаржы органдарына тапсыру;

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын, бөлімнің құзыретіне қатысты қызметтік хат-хабарларды  қарау;

Қаржы-шаруашылық құжаттарын бөлімнің бекітілген істер номенклатурасы бойынша жүргізу, сақтау және мұрағатқа өткізу;

Аудан әкімі аппараты қызметкерлері үшін қажетті жағдай жасау, олардың орналасуы, жұмыс орнын жиһазбен, байланыс құралдарымен, ұйымдастыру техникасымен камтамасыз ету мәселелерін шешу болып табылады.

3.     Бөлімнің  негізгі  функциялары

Қазіргі заманғы технологиялар мен ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде озық формалар мен есепке алу және бақылаудың әдістері арқылы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру;

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;

Мүліктер, міндеттемелер және шаруашылық операцияларды, түскен негізгі қаражатты, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алу;

Сметаның баптар бойынша орындалуын және есеп айырысу жағдайын қатаң бақылау;

Жалақы бойынша қызметкерлермен уақтылы есеп айырысуды қамтамасыз ету;

Бақылау органдарының сұрауы бойынша аудан әкімі аппаратының  қызметі, оның мүліктік жағдайы, кіріс және шығысы туралы белгіленген тәртіппен толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты уақтылы беру;

Мүлікті түгендеу тәртібін, шаруашылық операцияларының жүргізілуін бақылауды қамтамассыз ету.

               4.Құқықтары

Қаржы құжаттарын тіркеу үшін кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау шегінде нұсқау беруге;

Бөлімнің жұмысы үшін құрылымдық бөлімдерден мекеменің қаржы- шаруашылық жағдайы жөнінде талдау деректерін талап етуге және алуға;

Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер, ұсыныстар мен нұсқаулар беруге;

Бөлім қызметкерлеріне тиісті жұмыс жағдайын жасауға және біліктілігін көтеруін қамтамасыз етуге

Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқы бар;         

5. Жауапкершілігі

Осы Ережеге сәйкес, бөлімге, жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың сапалы және уақтылы орындалуына  бөлім басшысы жауапты болып табылады.

 Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттерін атқару барысында қызметтік жабық немесе қызметтік сипаттағы мәліметтерді жариялағандығы үшін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және қызметтік талаптарына сәйкес дербес жауапты болып табылады.

Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттерін сапалы және уақтылы орындалуына  дербес жауап береді.

6.Өзге бөлімдермен өзара іс-әрекеттері.

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімдерімен, аудан әкімінің Интернет-ресурсымен, қалалақ  мекемелердің аумақтық бөлімдерімен және өзге де бөлімдермен ұйымдастыру-басқару құжаттарына сәйкес өзара іс-әрекеттерді жүзеге асырады.