Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі


Әуезов ауданы әкімінің

2017 жылғы 06 қарашадағы

№ 29/ө  өкімімен

бекітілген

 

Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі туралы

Е Р Е Ж Е

Бөлім басшысы - Хусаинов Олжас Бақытжанұлы

Тел.: 303-25-71

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі (әрі қарай мәтін бойынша - бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының  «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, еліміздің Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы Мәслихатының, Алматы қаласы әкімінің және Әуезов ауданы әкімінің актілерін және басқа да заңнамалық нормативтік-құқықтық актілерді, «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы ережені және осы ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.

Бөлімнің басшысы және бас маманы лауазымына Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысының ұсынысымен Әуезов ауданы әкімінің өкімі бойынша қабылданады және одан босатылады.

Бөлім қызметкерлерін қызметке қабылдау, ауыстыру, кызметтен босату және тәртіптік жаза қолдану шаралары, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысының ұсынуымен, бөлім басшысымен келісу арқылы аудан әкімімен іске асырылады.

Бөлім қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттерін бөлу бөлім басшысымен  іске асырылады.

Бөлім жұмысын Алматы қаласы  Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысымен және орынбасарымен бекітілген жоспарға сәйкес іске асырады.

Бөлімнің атқарылған жұмыстары нәтижесі туралы есептілігі, Алматы қаласы  Әуезов ауданы әкімінің орынбасары және аппарат басшысы белгілеген үлгіде және мерзімде іске асырылады.

2. ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МАҚСАТТАРЫ

Бөлімінің негізгі міндеттері:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі, құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу жөніндегі, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия жоспарын, Алматы қаласында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы  іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі Әуезов ауданы бойынша Ведомствоаралық штабтың жоспарын, террористік тұрғыдан осал объектілерді, алқа билер, кәсіпқой емес медиаторлар туралы, тиісті органда нормативтік-құқықтық актіні тіркеу және талдау жүргізу, жалпы құқықтық түсіндіру жұмыстары, мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның жұмысын 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұйымдастыру болып табылады.   

Бөлімнің негізгі қызметі:

аудандық қызмет басшыларымен және бөлімшелерімен, құқық қорғау органдарымен және тағы басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдарымен бөлімінің қызметі мәселесі бойынша өзара қарым-қатынасты жүзеге  асыру;

Әуезов ауданы әкімінің мүддесін қорғау мақсатында сот отырыстарына қатысу;

Әуезов ауданы әкімінің қабылдайтын шешімдері мен өкімдеріне келісу жұмыстарын жүргізу;

бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын  қарастыру;

Әуезов ауданы комиссияларының жұмысына қатысу;

Әуезов ауданы әкімі және аудан әкімінің аппарат басшысы белгілеген өзге де өкілеттік шараларды іске асыру.

3. ҚҰҚЫҒЫ

Бөлім, «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты туралы» Ережеге сәйкес, өз құзіреті шегінде құқылы:

Бөлімнің құзырына жататын сұрақтар бойынша,  аудан әкімнің мәжілісіне, құқық қорғау органдары мен басқа да  мемлекеттік органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысуға;

Бөлімнің қызметіне жататын мәселер бойынша аудандық қызметтер мен бөлімшелерден, құқық қорғау органдарынан, тағы басқа құзыретті мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президенті мен  Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Алматы қаласы әкімінің қаулыларын, Алматы қалалық Маслихатының, Алматы қаласы әкімінің актілерінің, бағдарламаларының, жоспарлардың орындалуына қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ақпараттар мен өзге де мәліметтерді сұратуға;

 бөлімнің құзырына жататын сұрақтар бойынша, аудан әкімінің қарастыруына ұсыныстар енгізуге;

 бөлім қызметкерлеріне тиісті жұмыс жағдайын және біліктілігін көтеру жұмыстарын қамтамасыз етуге;

4. ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Осы Ережеге сәйкес бөлімге жүктелген міндеттердің, мақсаттардың және құқықтардың уақытылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік бөлім басшысына жүктеледі.

Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттеріне сәйкес, мақсаттарын және қызметтік міндеттерін атқару барысында құпия немесе қызметтік мәндегі ақпараттарды  жариялағандығы үшін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, тікелей жауапты.

Бөлім қызметкерлері лауазымдық міндеттерін сапалы және уақтылы орындалуына жеке жауапты.

5. БӨЛІМНІҢ ӨЗГЕ БӨЛІМШЕЛЕРМЕН  ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ.

Әуезов ауданы әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен, аудан әкімінің Интернет-ресурсымен, қалалық мекемелердің құрылымдық бөлімдерімен қарым-қатынас ұйымдастыру-басқару құжаттамалардың негізінде өзара іс-әрекеттері жүзеге асырылады.