Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі


Әуезов ауданы әкімінің

2017 жылғы 06 қарашадағы № 29/ө

     өкімімен бекітілген


 Әуезов ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі туралы 

Е Р Е Ж Е

Бөлім басшысы - Нұрлыбекова Гүлнәр Сырбекқызы

Тел.: 277-33-81

1.     Жалпы ережелер

     Аудан әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  (әрі қарай мәтін бойынша - АХАТ бөлімі) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайды, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін  атқарушы органы болып табылады . Мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары,белгіленген үлгіде бланкілері болады.

Азаматтықхал актілерін тіркеу бөлімі  өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Жарлықтары мен қаулыларын, Алматы қаласы Мәслихатының шешімдерін, Алматы қаласы әкімінің және Әуезов ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы  ережені және осы ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.

Бөлім басшысы лауазымына аппарат басшысының ұсынысымен аудан әкімінің өкімі бойынша қабылданады және одан босатылады.

Бөлім қызметкерлерін қызметке қабылдау, ауыстыру, кызметтен босату және тәртіптік жаза қолдану шаралары, аудан әкімінің аппарат басшысының ұсынуымен, бөлім басшысының келісуімен іске асырылады.

Бөлім қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттерін анықтау, қызметтік нұсқаулықтарға сәйкес  бөлім басшысымен іске асырылады.

Бөлім жұмысын, Әуезов ауданы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес іске асырады.

Жұмыс қорытындысы бойынша бөлімнің есептілігі Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысымен белгіленген мерзімдер мен нысандарда іске асырылады.

АХАТ бөлімінің мекенжайы: 050062, Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесі, 98 үй.

2.     Қызметі мен міндеті

     Бөлімнің негізгі қызметі:

1.азаматтық хал актілерін  мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, оның ішінде баланың тууын, әке болуды анықтауды, неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, бала асырап алуды, атың, әкесінің атын және тегін ауыстыруды, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу.         

Бөлімнің негізгі міндеті:

          2.азаматтық хал актілерінің жазбаларын өзгерту, толықтыру және түзету, қалпына келтіру және жою тәртібін жүргізу.

         3.азаматтық хал актілерін тіркеу барысында зияткерлік меншік

құқықтық қорғау саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

         4.құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатың қамтамасыз ету.  

    5.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру.

    6.азаматтық хал актілерін тіркеу туралы акт жазбаларының бірінші даналарынан мұрағаттық қорын  қалыптастыру және оны есепке алуды, сақталуың қамтамасыз ету.Электрондық мұрағаттық қорын қалыптастыру.

7.азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды және актілік жазбалардың көшірмелерін беру жұмыстарын ұйымдастыру.

         8.азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қатаң есептегі гербілі бланкілеріне бақылау, сақтау және қолдану жұмыстарын ұйымдастыру.

9.азаматтық хал актілерді тіркеу мәселелері бойынша, ақпараттарды және статистикалық есептерді дайындау.

         10.субвенция бойынша есеп дайындау және

         11.аудан әкімінің мүддесін қорғау мақсатында сот үрдістеріне қатысу.

         12.азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша, АХАТ органдарының жұмыс тәжірбиесін жинақтау және оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.

         13.бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Әуезов ауданы  әкімінің және Алматы қаласы Әділет депртаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қарауына ұсыныстар енгізу.

         14.бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын  қарастыру.

         15. Әуезов ауданы әкімімен және аудан әкімнің аппарат басшысымен белгіленген өзге де қызметтерді іске асыру.

3.Құқығы

  Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты туралы Ережеге сәйкес, бөлім өзінің құзіреті шегінде құқылы:

  Әуезов ауданы әкімінің мәжілістеріне, басқа да мемлекеттік мекемелермен бөлімнің қызметіне қатысты мәселелері бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысуға;

          бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша Әуезов ауданы    

  әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;

          қызметтік  міндеттерін атқару үшін, көзделген тәртіппен қажетті  ақпараттар мен мәліметтерді  алуға;

          бөлім қызметкерлерінің еңбек жағдайын және біліктілігін көтеруін  

  қамтамасыз етуге;

  Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге құқықтарын жүзеге асыру.

4. Жауапкершілігі

Бөлімінің осы ережемен жүктелген қызметтерінің, құқықтары мен міндеттерінің уақытылы және сапалы орындалуына бөлім басшысы жауапты.

Бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамалары мен лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға , қызметтік сипаттағы немесе құпия ақпараттарды жариялауға дербес жауапты.

  Бөлім қызметкерлері жүктелген қызметтік міндеттерін сапалы және   

  уақытылы орындалуына тікелей жауапты.

                                 5. Өзге бөлімдермен өзара іс-әрекеттері

         Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен, аудан әкімінің Интернет-ресурсымен, қалалық құрылымдық бөлімдерімен өзара іс-әрекеттері ұйымдастыру-реттеушілік  құжаттамалардың негізінде  жүзеге асырылады.

6. Бөлімінің  қызметін ұйымдастыру

          Кезекті жылға бөлімді қаржыландыру субвенция түрінде қарастырылған және Республикалық бюджеттің қаржылығымен жүзге асырылады.

          Бөлімді материалдық-техниқалық, құжаттық, ақпараттық-техниқалық қамтамасыз етуді тиісті органдар мен әкім аппаратының бөлімшелері орындайды.

          Бөлімінің құрылымдық және штатық кестесін Әуезов ауданын әкімі бекітеді.