Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлiмi


Әуезов ауданы әкімінің

2017 жылғы 06 қарашадағы

№ 29/ө  өкімімен

бекітілген

Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлiмi туралы

ЕРЕЖЕ

Бөлім басшысы - Мұхаметжанов Олжас Қосбалтаұлы

Тел.: 303-25-43

1.      Жалпы ережелер

1. Коммуналдық шаруашылық бөлiмi Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлімі болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрі және бұрыштама мөртабаны бар.

2. Бөлім бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады, өзінің өндірістік қызметін ауданның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына сәйкес іске асырады, осы қызметіне байланысты өз міндеттерін атқарады және құқықтарға ие болады.

3. Коммуналдық шаруашылық бөлiмi аудандағы ПИК жүргізген жұмыстарды бақылау және үйлестіру, сонымен қатар коммуналдық қызметтердің ісін жүзеге асырады.

4. Коммуналдық шаруашылық бөлiмiнің құрамдық саны және штаттық кестесін Алматы қаласы әкімінің аппараты белгілейді және Әуезов ауданының әкімі бекітеді.

2. Мақсаты мен міндеттері

 5. Ішкі аулаларды көріктендіру, санитарлық тазалау, жасыл желектер мен тұрғын үй қорын күтіп-ұстау және қысқы маусымға жылу жүйесіне қосылуды дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету.

Су-кәріз құбырларын, газ, жылу және электр жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеу және тұрғын үй қорын  күтіп-ұстау жоспарларының орындалуын қадағалау;

 Негізгі міндеттері:

 Аудандағы аула аумағын көріктендіру және санитарлық тазалау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға мониторинг жасау ;

Ауданның тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын дамытуға, оны көріктендіруге, үй-коммуналды шаруашылық нысандарын пайдалануға беру тиімділігін арттыруға ат салысу;

 Су құбырларын, газ, жылу және электр жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі жылдық және болжау жоспарларына қатысу;

  Ішкі істер органдарымен бірлесіп өз бетінше құрылыс салу фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу жұмыстарын жүргізу;

  Жеке тұрғын үй құрылысын салу жөнінде азаматтарға көмек көрсету;

  Жеке меншігінде үйі бар азаматтарға көмек көрсету;

Әуезов ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй қорын күтіп-ұстау және оны қысқы маусымға жылу жүйесіне қосуды, сонымен қатар көріктендіру, коммуналдық қызметтердің жұмысы жөніндегі комиссия отырысына материалдар әзірлеу;

Аудан тұрғындарын қабылдау, хаттар мен шағымдарын қарау.

Тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту, жол картасы, аула аумағын көріктендіру бағдарламаларына қатысу.

3.  Құқығы   

6. Аудан әкімі аппаратының Ережесіне сәйкес бөлім өз қызметі барысында құзырында:

Бөлім қызметіне байланысты аудан әкімінің мәжілісіне, аула аумақтарын көріктендіру жиналысқа қатысу, санитарлық тазалық, тұрғын үйді күтіп-ұстау және оны қысқы маусымға жылу жүйесіне қосу туралы сұрақтарына қатысты жұмыстарына қатысу.

Белгіленген тәртіп бойынша бөлімге жүктелген жұмыстарды орындау үшін, аппарат бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелер мен аудан қызметтерінен, ҮЕҰ, сондай-ақ, мекемелерден, ұйымдардан қажетті мәліметтер, ақпараттар, анықтамалар сұрауға.

Аудан әкімі аппаратының және бөлімінің жалпы жұмысын жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге.

Аудан әкімі аппаратының, қалалық және аудандық қызметтердің тиісті бөлімдерімен, ҮЕҰ өзара байланыста жұмыс істеуге құқығы бар.

4.     Жауапкершілігі

7. Осы Ереже бөлімге жүктеп отырған мақсат, міндеттер мен құқықтардың сапалы және уақытылы орындалуына бөлім басшысы жауапты.

Бөлім мамандары ҚР заңнамасына сәйкес, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға, сонымен қатар жасырын немесе қызметтік сипаттағы ақпараттарды жария етпеуге дербес жауапты.

                                 5. Өзге бөлімдермен озара іс-әрекеттері

 8. Бөлімнің басқа құрылымдық бөлімдермен өзара бірлесе отырып іс-әрекеттер жасауы ұйымдастыру – реттестіру құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ауданның ахауалды мәселелерін шешуге және жұмыс жоспарына қосуға ұсыныс енгізеді.