Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімі


                                                                        Әуезов аудан әкімінің

                                                                               2017 жылғы 06 қарашадағы №29/ө

                                                                        өкімімен бекітілді 

Әуезов ауданы әкімі  аппаратының көріктендіру бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ 

Бөлім басшысы - Мақсұт Айдос Әділжанұлы

Тел.: 303-25-37

1.     Жалпы ережелер.

         1.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен қатар, қала және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларын, осы Ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.

         2.ОсыЕреже Қазақстан Республикасының 23.01.2001 ж. №148-ІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 01.07.1998ж. №258-І «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы», 15.07.1997ж. №160-І «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ІV сайланған Алматы қалалық мәслихаты ХІХ сессиясының 2009 жылғы 25 маусымдағы  ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХІ сессиясының 2008 жылғы 2 шілдедегі «Алматы қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау ережелерін бекіту туралы» № 119 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №220 шешіміне,  ІV сайланған Алматы қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы VІ сессиясының №45 шешімімен бекітілген Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесіне сәйкес әзірленді.

         3.Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімі күрделі құрылыс және басты жолдарды, жаяу жүргінші жолдарын, саябақтарды, саябауларды, жасыл желектерді, сыртқы көше жабдықтарын қайта жабдықтау бойынша аудандық және қалалық деңгейде тендер ұтып алған мердігер ұйымдар мен мекемелердің, сондай-ақ, Қалалық инфроструктураға жататын аумақтарды көріктендіруге қатысты коммерциялық жұмыстырды іске асырушы жеке және заңды тұлғалардың жұмысын қызметін іске асыру үшін құрылған

         4.Көріктендіру бөлімі аудан аумағындағы жолдарды уақытылы күтіп баптау жұмыстарын атқаратын арнайы мекеммен  келісім шарт негізінде жұмыс атқарады(жол пайдалану басқармасы, арнайы автошаруашылық және т. б.);

         5. Қоршауларды, дуалдарды, көгалжайларды, барлық үлгідегі көрнекіліктерді және өзге де қондырғыларды безендіру, саябақ орындықтарын орнату жұмыстарын қадағалайды;

         6.  Көшелер мен жолдардағы жер үсті және жер асты суларын ағызуға арналған, арналарды, құбырлар мен кәріздерді тазарту, жауын кәрізінің құбырларын, жаңбыр қабылдау құдықтарын және арық жүйелерін тазалау жұмыстарын қадағалауды іске асырады.

         7. Бөлімнің құрылымы мен саны Әуезов ауданы әкімі аппаратының бірыңғай штаттық кестесіне негізінде анықталады.

2Мақсаты мен міндеттері

8. Бөлімнің негізгі мақсаты:

         Көріктендіру бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мына қызметтер мен міндеттерді іске асырылады:

         Санитарлық-эпидимиалогиялық игілігі мен қазіргі және келешек ұрпақтың денсаулық жағдайына кері әсер етпейтін қолайлы қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету қағидаларын;

         Стратегиялық жоспарлар, бағдарламалар, орташа мерзімдік жоспарлар, болжамдар, мемлекеттік сатып алу және ауданды көріктендіру мәселелері бойынша құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинақтап, әзірлеу;

         Осы Ереженің мақсаты – қала аумағын қысқы және жазғы маусым кезіндегі тазалау тәртібін орындау жөніндегі жұмыстар мен мұраттарды жүзеге асыру, тазалықты және көліктің, жаяу жүргінші қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тазалау жұмыстарын орындау талаптарын белгілеу және қала аумағының санитарлық жағдайын күтіп-ұстау және көріктендіру талаптарын бұзғандарды жаупкершілікке тарту болып табылады.

Алматы қ. АЖБ бірлесе қоғамдық автобус көліктерінің бағыттарын құруға және өзгерістер енгізуге қатысады.

Көшелерге, жаяу жүргінші жолдарына, көгалжайларға, үйлердің қасбетіне құрылыс материалдарын, отын, көмір, шөп, сабан, улы химикаттар, металл сынықтарын, минералдық тыңайтқыштар және өзге де металдарды жинау;

Көшелердің қозғалыс және жаяу жүру бөліктерін, су қоймаларын, жағалауды, құрылыс салынбаған бос аумақтарды және жасыл желек аумақтарын, сондай-ақ, ортақ пайдаланатын орындарды кез-келген қоқыс түрімен (темекі тұқылы, шөлмектер, қағаздар және т.б.) және тұрмыстық қалдықтармен ластау;

         қолданыстағы салынған құрылыстарға (жол төсемдері, жол жиегі, құдық қақпақтары, суағардың тор жабулары, астаушалар мен науалар, өткізу құбырлары мен кәріз құбырлары, геодезиялық  белгілер және т.б.), жол және жер жұмыстарын жүргізу кезінде жасыл желектерге зақым келтіру, сондай-ақ, оларды топырақпен жауып тастау; жылумен, сумен жабдықтау және кәріз жұйелеріндегі  ақауларды жою үшін жаяу жолдарға, көгалжайларға және көшенің қозғалыс бөлігіне су ағатындай етіп апат жұмыстарын жүргізу;

         өз бетінше хабарландырулар, жарнамалар, жарқағаздар, хабарламалар  және т.б. ілу;  

         жолдарды тазалау үшін ас тұзын және жасыл желектерге зиян келтіретін басқа да заттарды пайдалану, көгалжайларды таптау, сындыру, үзу немесе жасыл желектерді кесу, автомашиналармен, мотоциклмен және өзге де көліктермен (арнайы көліктерден басқасы) жүру, көгалжайлар мен көгалды  қоршаулардың маңына жолаушылар көлігінің аялдамаларын жасау, өзге де өртке қарсы ережелерді бұзу;

         ағаштарды электр сымдарын, сым темірлер, әткеншек тартуға пайдалану, белгіленген агрономиялық  мерзімдерден тыс және арнайы қызметтермен келісілген ағаш кесу ережелерін сақтамай ағаштардың  басын кесу, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің келісімінсіз өз бетінше ағаштар мен бұта көшеттерін кесуді іске асыру, өз бетінше көгалды қоршаулар жасау.

         9. Бөлімнің негізгі міндеттері:

         - Ауданды көріктендіру жұмыстарын кешенді дамыту жүйесін жасау;

     - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бағынысындағы кәсіпорындардың қызметін қаржыландыруға берілген қаржыларды пайдалану тәртібін белгілеу және олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

         - саябақтар, гүлзарларды көгалдандыру және дамыту, арық жүйелері мен бұрқақтарды, көше жарықтарын қайта жөндеу, жолдарда жөндеу және күтіп –ұстау жөніндегі старетегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

         - Қазақстан Республикасының Задарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің  қаулыларын, Алматы қалалық Мәслихатының шешімдерін орындау;

         - Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген өзге де қызметтерді іске асыру.

         Көріктендіру бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

-  Ауданды көріктендіру мәселелері бойынша аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен, аудан қызметтерімен, дербес бөлімдермен, Алматы қаласы әкімдігінің Департаменттерімен өзара тығыз байланыстажұмыс істейді;

- Аяқталған құрылыстарды, жөндеу жұмыстарын, көріктендіру объектілерін пайдалануға беру жөніндегі қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады;

-  Белгіленген тәртіп бойынша, азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын және заңды  тұлғалардың хаттарын уақтылы қарауды ұйымдастырады.

3. Құқығы      

        10. Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті төрағаларының жалпы пайдаланылатын   көлік жолдарын жөндеу және күтіп-ұстау, саябақтарды дамыту, арық жүйелерін қайта жаңарту, көшелерді жарықтандыру мәселелері бойынша есептерін тыңдауға;

         - ауданды көріктендіру мәселелеріне қатысты мәжілістерге,  отырыстарға қатысуға;

         - механикалық тазалауға жататын көшелердің, алаңдар мен өтпе  жолдардың бірінші тізімін, сондай-ақ, оларды жылдың қысқы және жазғы маусым кезінде тазалау кезегін;

         - меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардың, ұйымдардың және ведомстволардың  күшімен тазалануы тиіс, қала аумақтарының тізімін жасау;

         - қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғат  байлығын  сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

         - жағалаулардың, бақтардың, саябақтардың, саяубаулардың, жаяу өтпе жолдарының, қызметтік-техникалық ғимараттар мен үймереттердің, құрылыс алаңдарының, сауда және сауық мекемелерінің және т.б. санитарлық жағдайына жауап беретін ұйымдарды бақылау;

         - көріктендіру  бөлімінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша,

белгіленген тәртіппен аудан әкімдігінің, көріктендіру бөлімінің мүдделерін соттарда, өзге де органдарда ұсынуға;

- ПИК органының басшыларына эпидемиологиялық жағдайға байланысты, аумақтың тазалығын тексеру рейдтерін өткізу  және тазалау туралы ұсыныстар беруге;

         - аудан аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ететін мекемелермен тызыз байланыс орнату;

4. Жауапкершілігі 

 11. Осы Ережеге сәйкес, бөлімге, жүктелген міндеттерінің, мақсаттарының және құқықтарының уақытылы және сапалы орындалуы   жауапкершілік бөлім басшысына жүктеледі.

Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттеріне  сәйкес, мақсаттарын және қызметтік міндеттерін атқару барысында қызметтік құпия немесе жабық ақпараттарды  жариялағандығы үшін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және қызметтік талаптарына сәйкес, тікелей жауапты.

Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттерін сапалы және уақтылы орындамағандығы үшін тікелей жауапты.

     Бөлімді  басқару жұмысын Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі лауазымға  тағайындайтын және одан босататын басшы іске асырады.

    Бөлім басшысы:

бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, өкілетті орган-аудан әкіміне, әкімнің орынбасарына, аппарат басшысына тікелей бағынады. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның қызметтерінің іске асырылуына дербес жауап береді.

Қазақстан Республикасының заңнамаларында және осы Ережеде  белгіленген құзыретіне сәйкес, бірыңғай бастама қағидалары бойынша әрекет етеді және бөлімнің қызмет  мәселелерін дербес шешеді;

         бөлім қызметкерлерінің  міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

         заңнамаларға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған орган бекіткен лауазымдар номенклатурасына) сәйкес, бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босатужөнінде ұсыныс береді;

         Бөлімді мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады.

                          5Өзге бөлімдермен өзара іс-әрекеттері

         12. Әуезов ауданы әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен,  қалалық құрылымдық бөлімдерімен ұйымдастыру құжаттамалардың негізінде өзара іс-әрекеттері жүзеге асырылады.