Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкiмi аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi


Әуезов ауданы әкімінің

2017 жылғы 06 қарашадағы

№ 29/ө  өкімімен

бекітілген 

Әуезов ауданы әкiмi аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық

қамтамасыз ету бөлiмi туралы

Е Р Е Ж Е 

Бөлім басшысы - Әбділда Мұхит Бақытұлы

Тел.: 303-42-54

1.     Жалпы ережелер

         1. Әкiм аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi (әрі қарай мәтін бойынша - бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» ҚММ-нің құрылымдық бөлімі болып табылады.

2. Бөлiм, өз қызметiн Қазақстан Республикасының «Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекттік қызмет туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентiнің Жарлықтарын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, Қазақстан Ремпубликасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелерін, сондай-ақ, Алматы қаласы әкiмiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, аудан әкімі аппаратында іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық,  «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» ҚММ туралы ережені және осы Ереженi басшылыққа ала отырып iске асырады.

3. Бөлімнің басшысы және бас маманы лауазымына Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысының ұсынысымен Әуезов ауданы әкімінің өкімі бойынша қабылданады және одан босатылады.

4. Бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, жылжыту және жұмыстан босату Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысының ұсынуымен, бөлім басшысымен келісу арқылы аудан әкімімен іске асырылады.

    5. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерді бөлісуі бөлім басшысының қатысуымен лауазымдық нұсқаулық бойынша жүргізіледі. 

2. Мақсаты мен міндеттері

         6. Бөлімнің негізгі мақсаты:

 аудан әкімі аппаратында құжаттармен жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру;

 құжаттандырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, ақпараттық-іздестіру жүйесін құру және жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау және құжаттарды ұйымның  ведомстволық мұрағатына өткізуге әзірлеу;

 ұйымдағы құжат айналымын  қысқарту;

 бөлімдер мен қызметтердің орындаушылық тәртібіне ай сайын талдау жасау болып табылады.

         7. Бөлімнің негізгі міндеттері:

         тамалық қамтамасыз ету бөлiмi негізгі міндеттеріне сәйкес мына қызметтерді іске асырады:

         құжаттарды бастапқы өңдеу; қосымша қарау, тіркеу, сақтау, жеткізу және тарату жұмыстарын іске асыру;

         ұйым басшысының кіріс құжаттарын уақтылы қарауын ұйымдастырады;

         барлық кіріс құжаттарының белгіленген мерзім ішінде қаралуын бақылауды іске асырады, аудан әкіміне құжаттардың орындалу нәтижелері туралы тұрақты ақпарат береді;

         әкім аппаратындағы іс жүргізу туралы нұсқаулықты әзірлейді;         ұйымның істер номенклатурасын жасайды, тұрпаттық (үлгілік) істер номенклатурасын әзірлейді, істердіің сақталуын және оларды белгіленген тәртіп бойынша ведомстолық мұрағатқа өткізгенге пайдалануды қамтамасыз етеді;     

         бөлім, ішкі саясат, коммуналдық шаруашылық, көріктендіру, әлеуметтік сала, мәдениет және тілдерді дамыту, өнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік құқық бөлімдерімен бірлесіп, аудан тұрғындарымен кездесулер, жиындар әзірлеу, өткізу және ресімдеу шараларын ұйымдастырады;

          әкім аппаратының бөлімдері мен мен аудан қызметтеріне, іс жүргізуді ұйымдастыру, Құжаттармен жұмыс ережесін қолдану, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша әдістемелік, консультативтік көмек көрсетеді;

         әкiмге  жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөнінде талдамалық анықтамалар және ақпараттар береді;  

         бөлім мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын сақтау, Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жұмыстарын іске асыру жұмыстарын үйлестіреді;

         мұрағат істерінен көшірмелер беруді іске асырады;

         ресми бланкілерді есепке алуды бақылайды;

         бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауын ұйымдастырады. 

3.     Құқығы   

    8.Бөлім өз құзырына жататын сұрақтарға сәйкес құқылы:

         аудан бөлiмдерiнiң, қызметтерi мен басқармаларының, кәсiпорындарының, ұйымдарының, мекемелерiнiң азаматтардың өтiнiштерiн қарау, Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын, Алматы қаласы әкiмiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуы бойынша бақылау жүйесiн жетiлдiру және орындаушылық тәртiптерiн тексеруге;

аудан басшыларынан нұсқаулық құжаттарды, Алматы қаласы және аудан әкiмдерiнiң тапсырмаларын орындау барысында қажеттi ақпараттар мен мәлiметтердi талап етуге;

әкім аппараты бөлімдерінің құжаттандыруды ұйымдастыру жұмыстарын тексеру және тексеру нәтижелеріің қорытындысын шара қолдану үшін аудан әкіміне ұсынуға;

белгіленген ереже талаптары бұзылып дайындалған құжаттарды толықтырып өңдеу үшін кері қайтаруға;

ағымдағы iс жүргiзудi жетiлдiру үшiн, ұсыныстар, ескертулер, хаттар, ақпараттық-сараптау мәлiметтерiн енгiзуге, орындаушылық тәртiбiн көтеруге, жеке және заңды тұлғалардың  өтiнiштерiнiң уақтылы, сапалы және толық қаралуын бақылауға;

4.     Жауапкершілігі

 9. Осы Ережеге сәйкес, бөлімге, жүктелген міндеттерінің, мақсаттарының және құқықтарының уақытылы және сапалы орындалмауы үшін  жауапкершілік бөлім басшысы жүктеледі.

Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттеріне  сәйкес, мақсаттарын және қызметтік міндеттерін атқару барысында қызметтік құпия немесе жабық ақпараттарды  жариялағандығы үшін, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және қызметтік талаптарына сәйкес, тікелей жауапты.

Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттерін сапалы және уақтылы орындамағандығы үшін тікелей жауапты.

                                 5. Өзге бөлімдермен озара іс-әрекеттері

         10. Әуезов ауданы әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен,  қалалақ құрылымдық бөлімдерімен ұйымдастыру құжаттамалардың негізінде өзара іс-әрекеттері жүзеге асырылады.