Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі


 Әуезов ауданы әкімінің

2017 жылғы 06 қарашадағы № 29-ө

өкімімен бекітілген

 

Әуезов ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ 

Бөлім басшысы - Жумадельев Дамир Төлегенұлы

Тел.: 303-42-57

1.     Жалпы ережелер

1.Аудан әкім аппаратының Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі, (бұдан былай бөлімі) Мемлекеттік мекеме «Алматы қаласы әкімдігінің Әуезов ауданы әкімінің аппаратының құрымдық» бөлімі болып табылады, Әуезов ауданы әкімінің тікелей басқаруымен және бөлім басшысының басқаруымен жұмыс істейді.

2.Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Кәсіпкерлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметтінің Жарлықтары мен қаулыларын, Алматы қаласы Мәслихатының өкімдері, қала әкімі және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аталған Ережені басшылыққа ала отырып іске асырады.

3.Бөлім басшысы әкімнің орынбасары ұсынысымен қызметке аудан әкімі өкімімен қабылданады және босатылады.Әкім аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің  бас маманы (арығарай бас маманы) әкімнің орынбасары және бөлім басшысының келісуімен қызметке аудан әкімінің өкімі мен қабылданады және босатылады.

4.Қызметке қабылдау, ауыстыру және қызметтен босатылу жұмыстары әкімнің орынбасары және бөлім бастығының келісуімен аудан әкімінің өкімімен іске асырылады.

5.Бөлім қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттемелерін қызметтік талаптарға сай  бөлім бастығымен белгіленеді.

6.Бөлім өз жұмысын аудан әкімінің орынбасарының бекітілген жоспары бойынша іске асырылады.

7. Бөлімнің атқарылған жұмыстары жөнінде берілетін есептері,  аппарат басшысы және Әуезов ауданы әкімінің орынбасары белгілеген түрлерінде және мерзімде іске асырылады.

                                2.Бөлімнің қызметті және мақсаты     

         8. Бөлімнің негізгі мақсаты:       

Өзінің құзыреті шегіндекәсіпкерліктің және өнеркәсіптің дамуына ықпал ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алдыңғы кезекті жоспарды бекіту туралы» №1039 Қаулысына сәйкес, инвестициялық жобаларды ақпараттық қолдау, аудандық өндірістік мекемелерінің негізгі даму бағыттарын айқындау.

9. Бөлімнің негізгі қызметті:

Кәсіпкерлікті қолдау, заңсыз жерлердерде орналасқан сауда орындарын жою сұрағы бойынша аудандық қызмет және бөлімдермен, құқық қорғау және өзге де осы мәселеге қатысы бар мемлекеттік органдармен өзара қарым қатынас байланысын орнату, жандандыру.

Жетекшілік етілетін банктік мекемелер, ұсақ сауда орындары обьектілері, базарлар мен нарықтар, қоғамдық тамақтану, байланыс, сауда, қызмет көрсету салалары, өнеркәсіп мекемелерінің қызметтерін талдау және болжамдау (жобалау).

Меншіктік негізіне қарамастан жетекшілік етілетін ұйымдар мен мекемелерге  қатысты талдау материалдары мен анықтамаларды дайындау, қажетті мәліметтерді жинау.

Тұрғындар тығыз орналасқан елді мекендердің ерекшелігін ескере отырып, әлеуметтік-мәдени, тұрмыстық бағыттағы обьектілердің қажеттілігін зерттеу, аталған мәселе бойынша ұсыныс енгізу.

Бос жұмыс орындары, бос ғимараттар, шағын және орта бизнес обьектілері бойынша толық деректер қорын жасау, құру.

Жоғарғы тұрған мекемелердің өкімдері мен қаулыларын, сонымен қатар, бақылаушы қызметтер мен өзге де нормативтік актілердің талаптарын  түсіндіру, насихаттау бойынша шағын бизнес өкілдеріне аудандық семинар ұйымдастыру.

Жоғары тұрған мекемелердің құжаттыр негізінде ұсыныстар мен жоспарлар құру, оны шағын және орта бизнес өкілдерінің назарына жеткізу, орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Мерекелік іс-шаралар және қайырымдылық акцияларына бизнес өкілдерін тарту, шақыру.

Жоғары тұрған мекемелерден келіп түскен тапсырмаларды орындау мақсатында аталған сала бойынша жетекшілік жүргізілетін аудан әкімі орынбасарының келісімімен өзге де мекемелер мен ұйымдардың мамандарын жұмылдыру.

Бөлім құзіретіне кіретін сала бойынша аудан тұрғындарының арыздары мен шағымдарын қабылдау, қарау.

3.     Бөлім қызметкерлерінің құқықтары

10. Аудан аумағында ретсіз саудаға жол бермеу жұмыстарын үйлестіру.

Аудан әкімінің қарауына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізу.

Бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және ыңғайлы еңбек жағдайын қалыптастырылуын қамтамасыз ету.

4.     Жауапкершілік

11. Бөлім қызметкерлері қызметтік міндеттемеге сәйкес жүктелген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауға жауапты.

5.     Өзге  бөлімшелермен өзара қарым-қатынас

          12. Бөлім өзінің қызметінде жетекшілік етілетін банктік мекемелер, ұсақ сауда орындары обьектілері, базарлар мен нарықтар, қоғамдық тамақтану, байланыс, сауда, қызмет көрсету салалары, өнеркәсіп мекемелерін тексеру кезінде аудандық бақылаушы қызметтермен өзара қарым-қатынас орнату.