Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі


Әуезов ауданы әкімінің

2017 жылғы 06 қарашадағы

№ 29/ө өкімімен бекітілді
                                                                              

Әуезов ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ

Бөлім басшысы - Адамбаева Анджела Адаевна

Тел.: 303-25-60


1. Жалпы ережелер
 Әлеуметтік сала бөлімі (бұдан былай бөлім) «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлім болып табылады.
  Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, Алматы қаласы Мәслихатының, Алматы қаласы әкімінің және өзге де құқықтық-нормативтік актілерін «Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекеме ережесін және осы Ережені басшылыққа ала отырады .
Бөлім басшысы лауазымға аудан әкімінің өкімі бойынша қабылданады және одан босатылады. 
Әлеуметтік сала бөлімнің бас маманы (бұдан әрі - бөлімнің бас маманы) аудан әкімінің өкімі бойынша қабылданады және одан босатылады.
Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану шараларын аудан әкімі жүргізеді.
Бөлім қызметкерлері өз қызметтерін білікітілік талаптарына сәйкес  жүзеге асырады.

2. Қызметі және мақсаты

Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, аудандағы әлеуметтік сала және халықты  әлеуметтік қорғау бағытындағы қызметтер мен құрылымдардың жұмысын үйлестіру мәселелері бойынша тәжірибелік жұмыстарды атқару.
Әлеуметтік мәселелермен шұғылданатын аудан қызметтерімен және ҮЕҰ–мен өзара байланыста, бірлесіп жұмыс істеу.
Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік үдерістерді басқару.
Аудан әкімінің қарауына  шешімдер мен өкімдер әзірлейді және енгізеді, қабылданған шешімдерді іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Әлеуметтік салаға қатысты ұсыныстар мен жобаларды бөлімдермен, аудан қызметтерімен бірлесіп әзірлейді.
Әуезов ауданы әкімі аппаратының басқа да бөлімдерімен, аудан әкімінің Интернет-ресурсымен, қалалық құрылымдық бөлімдерімен ұйымдастыру құжаттамаларының негізінде өзара іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Қала және аудан әкімдерінің, қала және аудан әкімі орынбасарларының Ұлы Отан соғысына қатысушыларымен және мүгедектерімен, Еңбек майданына қатысушыларымен, зейнеткерлермен кездесуін ұйымдастырады, өз құзыретінің шеңберінде әлеуметтік салаға қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Алматы қаласы мен Әуезов ауданы әкімдерінің өкімдерін жүзеге белсенді асыруға бағытталған мәселелерді зерттеу, ұсынымдарды әзірлеу және іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, кәсіпорын басшыларын, қызмет бөлімдерін, коммерциялық құрылымдарын тарта отырып, кездесулер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар баспасөз конференцияларын, акциялар және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының, ауданның емдеу-сауықтыру мекемелерінің (ЕСМ), Алматы қалалық жұмыспен қамту Орталығының Әуезов ауданы бойынша бөлімінің, зейнеткерлік жасқа толған мүгедектер мен қарттарға үйінде қызмет көрсету жөніндегі бөлімдердің жұмыстарына талдау жасайды және оны үйлестіреді.
Әлеуметтік қатерлі аурулар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның; эвакуациялық комиссияның, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізуге арналған учаскелік комиссияның, әскер қатарына шақыру комиссияның, қорғаншылық және қамқоршылық органы комиссияның, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі комиссияның, ҰОС жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 09 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі комиссияның, он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасалардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша комиссияның жұмыстарын үйлестіреді.
Қала әкімінің аппаратына әлеуметтік салаға қатысты реформа бағыттарын, мемлекеттік бағдарламалық түсіндіру және насихаттау шаралары туралы қорытынды ақпараттар әзірлейді.
Бөлім құзыретіне кіретін мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімінің және аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін орындау жұмыстарын іске асырады.


3. Құқығы
Бөлімнің құзырына жататын сұрақтар бойынша аудан әкімі өкімдерінің, шешімдерінің жобаларын әзірлеу.
Бөлім жұмыстарын атқару үшін аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, аудандық бөлімдерден, мемлекеттік емес ұйымдардан және мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттар, мәліметтер, анықтамалар сұрауға;
Бөлімнің және аудан әкімі аппаратының жұмысын жақсатру мақсатында аудан әкіміне ұсыныстар енгізуге;
Аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен, қалалық және аудандық қызметтермен бірлесіп жұмыс істеуге құқы бар.  
 

4.Жауапкершілігі
Бөлімнің басшысы осы Ережеге сәйкес жүктелген міндеттердің, функциялардың және құқықтардың сапалы және уақтылы орындалуына толық жауапты болып табылады.
Бөлім қызметкерлері жүктелген міндеттеріне  сәйкес, мақсаттарын және қызметтік міндеттерін атқару барысында қызметтік құпия немесе жабық ақпараттарды  жариялағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына және қызметтік талаптарға сәйкес дербес жауапты болып табылады.