Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)


                                                                                       Әуезов ауданы әкімінің

                                                                                       2017 жылғы 06 қарашадағы № 29/ө

                                                                                       өкімімен бекітілген

Әуезов ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы ЕРЕЖЕ 

Бас маман - Тоқтарбаева Айгүл Дуйсенбайқызы

Тел.: 303-42-44

1.     Жалпы ереже

1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының  Конституциясын, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзгеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.

       2.  Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі): персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)  бас маманы  тұрады.

2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі
міндеттері, функцияларымен құқықтары

        3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.                                  

Функциялары:

1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
2) мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
      4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.

                                                         Функциялары:

1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделумен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
2) мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету;
3) конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзгеде комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және  қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды  жүргізуді ұйымдастыру.
       5. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.

                                                        Функциялары:

1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасымен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимімен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзгеде міндеттермен функцияларды іске асырады.

      Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) олардың қызметіне тәнемес қосымша міндеттермен функциялар жүктелмейді.

         7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентімен Үкіметінің актілеріне, өзгеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттерімен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

         8. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):

1) Заңмен және осы Үлгілік  ережемен жүктелген міндеттермен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтермен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;

2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өз ара іс-қимыл жасайды.

3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметін ұйымдастыру 

        9. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) аудан әкіміне және аппарат басшысына, аппарат басшысы лауазымы болмаған жағдайда – мемлекеттік органның басшысына) тікелей бағынады.