2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы ЖОБА шешімі


Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ: 

1. Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын. 

2. «Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 7 ақпанда № 1524 тіркелген, 2019 жылғы 14 ақпанда «Алматы ақшамы» газетінде, 2019 жылғы 14 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған). 

3. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Әуезов ауданы әкімінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін. 

5. Осы шешім, ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi. 

 Әкім                                                                                                       С. Сайфеденов 

 Келісілді: 

Алматы қаласы аумақтық сайлау 

комиссиясының төрайымы                                                                       Ж. Асанова 

«__» _______ 20__ жыл