Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Әуезов ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының және әкім аппараты басшысының арасындағы міндеттерінің
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Әуезов ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының және әкім аппараты басшысының арасындағы міндеттерінің


     Әуезов ауданы әкімінің

2016 жылғы 15 сәуірдегі № 09/ө

  өкімімен бекітілген

 

 

Әуезов ауданы әкімінің, әкім орынбасарларының  және әкім аппараты басшысының арасындағы міндеттерінің

бөлінісі

            Аудан әкімі аудан аумағындағы атқарушы биліктің мемлекеттік-қоғамдық саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасы Президентінің, Алматы қаласы әкімінің тікелей өкілі болып табылады. Аудан әкімі бірыңғай бастама қағидасымен әрекет етеді және мемлекеттік басқару қызметін іске асырады.

            Әкім ауданның экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын, заңдардың сақталуын және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, еркіндігінің және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясының, сондай-ақ, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының негізінде іске асырады.

22.04.2009ж. № 793 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты тікелей міндет жүктелді.

Аудан әкімі

 

І. Мына төмендегі:

            1.1. Әкім орынбасарларының

            1.2. Аппарат басшысының

            1.3. Әкімнің көмекшісінің

            1.4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) бас маманының жұмыстарын тікелей басқарады.

ІІ. Мына қызметтердің:

2.1. Әуезов ауданы  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  

2.2. Аудандық ішкі істер басқармасының

2.3. Әуезов ауданы ІІБ  жергілікті полиция қызметінің

2.4. Әуезов аудандық  тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының  

2.5. Аудандық әділет басқармасының жұмыстарын үйлестіреді және бағыттайды.

ІІІ. Мына төмендегі:

3.1. Аудандық сотпен

3.2. Аудандық прокуратурамен

3.3. ҰҚКД Әуезов аудандық бөлімімен өзара байланыста жұмыс істейді.

ІV.Мына мекемелерде:

4.1. Алматы қаласы әкімінің аппаратында

4.2. Қалалық Мәслихатта

4.3. Басқа да мемлекеттік мекемелерде

4.4. Республиканың ішінде және шет елдерде мүдделерді ұсынады.

 

 

 

 

 

       Әкімнің орынбасары

 

Ауданның  әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, байланыс, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті дамыту, салық жинау, сауда, тұрмыстық қызмет және қызмет көрсету саласының мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімінің қаулылары мен өкімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

          Бюджеттің уақтылы орындалуын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың өткізілуін, оның ішінде,«Бизнес жол картасы-2020», «Өнімділік-2020», «Жібек жолы», «Кәсіпкерлерді  қолдау картасы» және дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылауды іске асырады.

Салық бойынша болжамданған көрсеткіштердің түсуін және сапалы орындалуын тұрақты бақылауға алуды қамтамасыз етеді. Бөліммен бірлесіп, өндірілген, оның ішінде, қазақстандық сипаттағы өнеркәсіп өнімдерінің көлеміне талдау жасайды, экономика салалары бойынша инфляция үрдістерін бақылап отырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы жергілікті қаржыландыру жөніндегі есептің уақтылы берілуін бақылау.

І. Мына төмендегі:

1.1. Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімін

1.2. Қаржы-шаруашылық  бөлімін тікелей басқарады.

ІІ. Мына қызметтердің:

2.1. Меншік нысанына қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарының

2.2. Меншік нысанына қарамастан байланыс кәсіпорнының

2.3. Шағын және орта бизнес, оның ішінде ТҚС, дөңлегек жөндеу, автожуу нысандарының

2.4. Меншік нысанына қарамастан сауда, қоғамдық тамақтандыру және    қызмет көрсету 

       нысандарының

2.5.Банктердің

2.6. Базарлардың жұмыстарын басқарады.

ІІІ. Мына төмендегі:

3.1. Әуезов ауданы  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен

3.2. Стандарттау және сертификация орталығымен

3.3. Әуезов ауданының Азаматтық полициясымен

3.4. Әуезов ауданы бойынша ауылшаруашылық басқармасымен

3.5. Аудан бойынша статистикалық мәліметтер мен халық санағын жүргізу мәселелері

       бойынша Алматы қаласының Статистика басқармасымен

      3.6.Әуезов аудандық  тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасымен

3.7. Аудандық ішкі істер басқармасымен өзара байланыста жұмыс істейді.

ІV.Мына комиссияларды:

4.1. Халық санағына жәрдемдесу комиссиясын

4.2. Мемлекеттік қызмет өтілін тағайындау жөніндегі комиссиясын

4.3. Конкурстық комиссиясын (бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға)  

4.4. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі  комиссиясын басқарады.

4.5. Аттестаттау комиссияның мүшесі болып табылады.

Аудан әкімі болмаған уақыттарда, оның міндеттерін атқарады.

Әкімнің орынбасары

 

      Сәулет және қалақұрылысы, энергетика кешенін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту, көлік, жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі Алматы қаласы әкімінің қаулылары мен өкімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастырады, тұрғын үй бағдарламасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформаларын іске асыру, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен шұғылданады.

Аудан шаруашылықтарын күзгі-қысқы маусымға әзірлеу және өткізу Штабының жұмысын басқарады және ұйымдастырады (тұрғын үй қорын, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. мекемелерді пайдалану және күтіп-ұстау).

Тұрғын үй қорын, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерін пайдалануға беруге, инженерлік коммуникацияларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты мәселелерге келісім береді.

Заңсыз құрылыстардың жолын кесу (бұзып алу) үшін шұғыл шаралар қабылдау; құрылысшылармен қаланың сәулеттік келбетін бұзатын құрылыс жұмыстары жүргізілмеген құрылыстардағы қоршауларды, авариялық ғимараттарды бұзып алу жұмыстарын іске асырады.

І. Мына төмендегі:

1.1. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің

1.2. Көріктендіру бөлімінің жұмыстарын тікелей басқарады.

ІІ. Мына қызметтердің:

2.1. Қоқыс шығарушы ұйымдардың

2.2. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

2.3. Бюджет қаржысының есебінен аудандағы жолдар мен аудан аумағын тазалау және                            

       күтіп-ұстау жұмыстарын іске  асыратын кәсіпорындардың

2.4.Бюджет қаржысының есебінен көріктендіру жұмыстарын іске  асыратын            

      кәсіпорындардың

2.5. Электр желілерін пайдалану жөніндегі аудандық учаскенің

2.6. Су жүйесін пайдалану жөніндегі аудандық учаскенің

2.7. Кәріз жүйелерін пайдалану жөніндегі аудандық учаскенің

2.8. Жылу жүйесін пайдалану жөніндегі аудандық учаскенің

2.9. «Медеу» мемлекеттік табиғат паркі» мемлекеттік мекемесі экологиялық инспекция  

        бөлімінің

2.10.Аудан сәулетшісінің жұмысын үйлестіреді және бағдар береді.

ІІІ. Мына төмендегі:

3.1.Пәтер иелері кооперативтері ассоциациясымен

3.2. Пәтер және үй иелері кооперативтерімен

3.3.Құрылыс, көріктендіру, энергетика және коммуналдық-шаруашылық мәселелері

      бойынша заңды тұлғалармен

3.4.Көріктендіру  және коммуналдық-шаруашылық мәселелері бойынша аудандық ішкі істер басқармасымен

3.5. Жеке және заңды тұлғалардың санитрлық  нормалар мен ережелерді сақтау мәселелері бойынша  Әуезов аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасымен   өзара байланыста жұмыс істейді.

ІV. Мына комиссияларды:

4.1. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияны

4.2. Тәртіптік комиссияны басқарады;

4.3. Аттестациялау, конкурстық комиссиялардың мүшесі болып табылады;

4.4. Әуезов ауданының террористік тұрғыдан осал объектілерді зерделеу жұмыс тобының мүшесі.

      

 

Әкімнің орынбасары

 

Ішкі саясат, білім беру, мәдениет, жастар, туризм, спорт, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімінің қаулылары мен өкімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастырады, ауданның  мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тілді енгізуге жауапты болып табылады.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері жүйесін дамыту жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу кестесінің; санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың сақталуын, алдын алу шараларының жүргізілуін; «Жол картасы» бағдарламасының аясындағы шаралардың іске асырылуын бақылауды іске асырады; аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларды бағалауға қатысты кешенді тәсілдерді қамтамасыз етеді. Жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен, сондай-ақ, ұлттық-мәдени орталықтармен, үкіметтік емес ұйымдармен, емдеу-сауықтыру мекемелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және т.б. өзара байланысты қамтамасыз етеді.

І. Мына төмендегі:

1.1. Әлеуметтік сала бөлімін

1.2. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерін тікелей басқарады.

ІІ. Мына қызметтердің:

2.1. Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының ішкі саясат бөлімінің

2.2. Аудандық білім бөлімінің

2.3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

2.4. Мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының

2.5. Аудандық әділет басқармасының

2.6. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының

2.7. Кітапхана жүйелерінің

2.8. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының

2.9. Әуезов аудандық  тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының

2.10. Сот алқа билерінің негізгі және қосалқы тізімін жасау жөніндегі комиссияның

         жұмыстарын үйлестіреді.

ІІІ. Мына төмендегі:

3.1. Меншік нысанына қарамастан жоғары, орта арнаулы, орта оқу мекемелерімен

3.2. Меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелермен

3.3. Денсаулық сақтау мекемелерімен

3.4. Шығармашылық одақтарымен

3.5. Саяси партиялармен

3.6. Қоғамдық бірлестіктермен

3.7. Қайырымдылық қорларымен және бірлестіктермен

3.8. Ұлттық- мәдени орталықтарымен

3.9. Діни бірлестіктермен

3.10.Дәріхана мекемелерімен

3.11.Театрлармен, кинотеатрлармен, клубтармен, мұражайлармен, музыка мектептерімен

3.12. Спорт және туризм  мекемелерімен өзара байланыста жұмыс істейді.

ІV.Мына комиссиялар мен кеңестерді:

4.1. Әуезов ауданы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқын қорғау жөніндегі ведомстоаралық комиссиясын

4.2. Әскери қызметке шақыру комиссиясын

4.3. Әлеуметтік маңызы бар аурулар жөніндегі комиссиялармен

4.4.Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссиясын

4.5. Эвакокомиясын

4.6. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасалардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу үшін Алматы қаласы Әуезов ауданының учаскелік комиссиясын

4.7. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға өтініш берген тұлғалардың (отбасалардың) материалдық жағдайын тексеруді жүргізу бойынша Әуезов аудандық учаскелік комиссиясын

4.8.Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі Әуезов аудандық комиссиясы

4.9. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы 

4.10. Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кем дегенде 6 ай еңбек еткен тұлғалардың жұмыс өтілін анықтау жөніндегі комиссиясы

4.11Нашақорлық  және есірткіге қарсы штабты басқарады

4.12. Қамқоршылық және қорғаншылық органының комиссиясы

4.13. Конкурстық, аттестациялау комиссияларының, мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның (аудан әкімінің шешімі бойынша) мүшесі болып табылады.

4.14. Спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру жөнінде комиссиясын.

             

             

Аппарат басшысы

 

   Аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен қызметтерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді, Алматы қаласы әкімінің қаулылары мен өкімдерінің, аудан әкімінің, аппарат бөлімдері мен қызметтерінің жоғары тұрған органдарының шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жұмысын ұйымдастыруды іске асырады. Аппарат бөлімдері мен аудан қызметтерінің азаматтардың хаттарын, шағымдарын, қызметтік хат-хабарларды орындауын бақылауды іске асырады. Аудан әкімінің кадр саясатын іске асыруға жәрдемдеседі, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау комиссияның төрайымы, конкурстық және тәртіптік комиссиясының, мемлекеттік қызмет өтілін тағайындау комиссиясының мүшесі болып табылады. Аппарат қазметкерлерін көтермелеу, марапаттау және жаза қолдану шаралары туралы ұсыныстар енгізеді, қызметтік куәліктер беру мәселесімен шұғылданады.

         Қала әкімінің аппаратымен, қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен және қалалық Мәслихатпен тұрақты байланыста жұмыс істейді. Сайлау мәселелерімен, құпия құжаттамалармен шұғылданады.

І. Мына төмендегі:

            1.1. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің

            1.2. Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің

            1.3. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің

            1.4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) бас маманының жұмыстарын тікелей басқарады.

ІІ.

2.1.  Аппараттың барлық бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіреді және бағдар береді.

ІІІ. Мына төмендегі:

3.1. Аудандық мұрағатпен;

3.2. Ауданның барлық қызметтерімен.

ІV.Мына:

4.1. Аттестациялау комиссиясы басқарады.

ІV.Мына комиссиялардың:

5.1. Тәртіптік комиссияның;

5.2. Конкурстық комиссияның;

5.3. Мемлекеттік қызмет өтілін тағайындау жөніндегі комиссияның құрамына кіреді.