Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Аудан басшылығы



          Оразалин Еркебұлан Нұрланұлы
                 (әкімнің орынбасары)

Оразалин Еркебұлан Нұрланұлы 2002 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен дүниежүзілік тілдер университетін тәмәмдаған.

2006 жылы, экономист мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін аяқтады.

Оразалин Еркебұлан Нұрланұлы өзінің еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласы ақпараттық-сараптама орталығының ақпараттық-коммуникативті бөлімінің сарапшысы ретінде бастаған. 2004 жылдың сәуір айында осы бөлімнің басшысы болып тағайындалды. Кейін, 2005 жылдың мамыр айынан 2007 жылдың қыркүйек айына дейін «Дүниежүзілік экономика және саяси институты» ҚҚ-нда қызмет атқарған. 2010-2012 жылдар аралығында «СПК Алматы» АҚ-ның инвестициялар бойынша департамент директоры болды.

Е. Н. Оразалин – политология ғылымдарының кандидаты.




Рақымбеков Бақытжан Нұржанұлы

(әкімнің орынбасары)

Рақымбеков Бакытжан Нұржанұлы 2009 жылы «халықаралық құқық» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді.

Еңбек жолын мемлекеттік қызметінен бастаған.  2011 жылдың 12 тамызынан бастап 2012 жылдың 29 мамырына дейін, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, кейін сол бөлімнің бас маманы болды.

2012  жылдың 29 мамырынан бастап 2013 жылдың 8 қаңтарына дейін, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы  болды.

2012 жылдың 8 қаңтарынан бастап 2014 жылдың 25 тамызына дейін, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

2014 жылдың 25 тамызынан бастап 2015 жылдың 29 маусымға дейін, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің басшысы.

2015 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 22 қазанына дейін, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бас маманының міндетін атқарушысы, кейін бас маманы.

2015 жылдың 22 қазанынан бастап 2016 жылдың 17 қарашасына дейін, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы болды.

2016 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Қызметі бойынша ауданның қаржылық саласын, кәсіпкерлік мәселесін және тағы басқы мәселелерді басқарады. 



 

Қайратұлы Дастан 

(әкімнің орынбасары) 

Қайратұлы Дастан 2013 жылы экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмәмдады. 2015 жылы осы университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірді. 

2014 жылдың маусым-қазан айларында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман міндетін атқарушысы болды. 

2014 жылдың қазанынан бастап, 2015 жылдың қарашасына дейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болды. 

2015 жылдың қарашасынан 2017 жылдың тамызына дейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. 

2017 жылдың тамыз-қазан айлары – Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары. 

2017 жылдың қарашасында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Идеологияны және әлеуметтік саланы басқарады.




                                                         Садвакасова Жанар Сейтжанқызы
                                                                           (аппарат басшысы)

Садвакасова Жанар Сейтжанқызы 1994 жылы, экономист лауазымы бойынша, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдаған. 

Еңбек жолын статистика жөніндегі Қазақ ССР Госкомитетінің БЕО ЕСЭВМ техникалық қызмет көрсету және пайдалану бөлімінің технигі ретінде бастаған. 

1990-2000 жылдар аралығында Алматы АЕО-ның Ленин ордені темір жолы ЕСЭВМ операторы болып істеді. 

2003 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Алматы қаласы, өнеркәсіп және сауда Департаменті, Жетісу ауданы бойынша өнеркәсіп бөлімінің жетекші маманы м.а. болды. 2003 жылдың қазан айында осы Басқарманың жетекші маманы атанып, екі жыл қызмет атқарды. 2005 жылдың қазан айы мен 2006 жылдың наурыз айына дейін аталған Басқарма бөлімінің бас маманы болып, бөлім бастығына дейін өсті. 

2008 жылдың қыркүйек айынан 2017 жылдың маусымына дейін Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының басшысы болды. 

2017 жылдың 25 маусымы – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратының басшысы. 

Жұмыс істеген уақытында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалдерімен марапатталды. 

Бөлінген міндеттеріне сәйкес, аппараттың ұйымдастыру жұмыстарын, оның бөлімшелерін, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен бұйрықтарының, директивті (Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы өкіметінің қаулылары) құжаттардың орындалуын, іс-әрекеттер мен іс-шаралар жоспарын іске асырады. 

Хаттардың орындалуын, азаматтардың өтініштерін, жауаптың сапасын, қызметтік қатынас қағаздарын бақылауды іске асырады. 

Аудан әкімінің кадрлық  саясатының іске асырылуына ықпалын тигізеді, қызметкерлерді қабылдау, шығару, мадақтау және жазалау жөніндегі құжаттарды дайындайды.