Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Саясат САЯСАТ



Әкімнің алғы сөзі



                               

 Қадірлі аудан тұрғындары мен қонақтары!
    Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Сіздерді Әуезов ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында қош көрдік!

Біздің мемлекетіміз әлем қауымдастығында беделді орынға ие болып отыр. Соған сәйкес, алға қойған мақсатымыз – еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жетілдіріп, Қазақстанды бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында алматылықтар да өз тараптарынан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосуда. Жыл сайын бюджет жүйесіндегі, коммуналдық шаруашылық,  өнеркәсіп пен кәсіпкерлік салаларындағы мыңдаған жұмысшылар арқасында экономикалық көрсеткіштерінің өсуіне жетіп отырмыз. 
Біздің аудан тұрғындары да еліміздің әлеуметтік-экономикалық үрдісіне белсенді қатысуда. Ресми Web-сайттың құрылуы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру үшін «электронды үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадамы болып табылады. Меніңше, Интернет-ресурс жергілікті мемлекеттік басқару органдарының тұрғындармен қажет ынтымақтастық пен өзара іс-әрекетін сазына келтіруге толық деңгейде ықпал етеді, ақпарат алмасу үрдісін жеделдетіп жақсартады, әрбір Интернет-ресурсқа кірушіге бағыт беріп, аудан мен қала ғана емес, еліміздің дамуына ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Сіздер ауданымыздың тыныс-тіршілігі баяндалған Интернет-ресурсымызға кедергісіз еніп, қажетті ақпарат алып, қызықтырған мәселелер бойынша жауап алып, өз ұсыныстарыңызды енгізе аласыздар. Біздің Интернет-ресурсымыз сіздер үшін пайдалы және қызықты болатынына сенімдімін.

Біздің Интернет-ресурсымызға қош келдіңіздер!  

                                                                                              Аудан әкімі  
                                                                                              Рахимбетов Алтай Ерғазыұлы