Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Президентінің жолдауы ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ



Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті депутаттар!

 Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттіңқатарынақосылуы. Ол – «МәңгілікҚазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудыңөзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.

Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтыңұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғанаұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалықөсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын жәнеүздіксізөсудіқамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатынүлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!

 

Құрметті отандастар!

ХХІ ғасырдыңҚазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетінұлы туындымыз!

Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нықұстауыүшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркияұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау еңөзектіқағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.

Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардыңөмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағығанақазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін.

Бүгін мен дамыған 30 елдіңқатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады. Осы Жолдаудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұлқұжатты жалпы алғандақолдадым. Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаныңқолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз.

Біз 2050-дің мақсатынақарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдіңөзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріпөту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен «дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкесөзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңаөмір сапасы пайда болуда.

Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оғанәлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбекөнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халықөмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақұзақмерзімдіқарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетініңқатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.

Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатарқағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. Олар Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан.

Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғыөсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемінқазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканыңғылымиқамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттықәлеуетіндегі шикізаттық емес өнімніңүлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.

Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құруғылымдықаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылғақарайҚазақстанның ішкі жалпы өнімініңқазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбекөнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.

Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халыққұрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандықүрдісіне орай қалалық тұрғындарүлесі барлық халықтыңқазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанныңқалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.

Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардыңөмір сүруұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекегеқабілеттіұлттық білім беру жүйесінқұру аяқталады.

Қазақстанәлемде адамдар үшінқауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі.

 

Құрметті отандастар!

Қазақстанныңәлемдегі ең дамыған 30 елдіңқатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстыңұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналғанҮдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек.

Бізге дәстүрліөндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттықәлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектердіөңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардыңғылымиқамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымынұлғайтуқажет.

Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларғақатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолғақойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек.

Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардыңәрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдіңқатарына кіру мәселесін шешеді.

Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано жәнеғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігіҚазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылымиқамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарынақосыла алмаймыз. Мұны дамығанғылым арқылы шешуге болады.

Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытшаәрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістіңөсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығыөндірісінде бәсекеөсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділіктіүздіксіз арттыратындар, жұмысынәлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.

Бірінші кезекте, әсіресе бағақалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығынқұру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.

Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңаөңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылықолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімдіқаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерініңқарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесінқұру да өзекті мәселе.

Қазақстан ет және сүтөнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көпқажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемінқысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтықөнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдікөңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет.

«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегіқабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылғақарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлықғылымды дамытып, сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құруымызқажет. Уақыт көшіненқалмай, табиғи азық-түлікөндіруменқатарқұрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланғанөнімдерөндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын.

Үшінші. Ғылымиқамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстанғылымыныңәлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақғылымиәзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттіңқарауына енгізуді тапсырамын. Ғылымдықаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет.

Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтарқұруқажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өзқажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшінөндірістерқұруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселеніқайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұлүшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтардыөз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудыңқажеті жоқ.

Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру маңызды. Олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдерінеқолдау көрсетуге бағыттаған жөн. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе Астана мен Алматыдағы технологиялық парктердің жұмысын жандандыру керек. Алғашқы зияткерлік-инновациялық кластер қазір Астанадағы Назарбаев университетінің арқауында табысты жұмыс істеуде. Ал Алматыда мұндай кластер – «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі. Технопарктерде қазақстандық ірі компаниялардыңқосалқыөндірістерін орналастыру үдерісін ынталандыру шараларын ойластыру маңызды.

Төртінші. Инфрақұрылымдықүштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканыңқарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. Агломерациялар – Қазақстанныңғылымиқамтымды экономикасыныңұстыны. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, агломерациялар қалыптастыру мен дамыту – маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдениқызметтер көрсетеді.

Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұғанқоса, Қазақстанныңқатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдіңөзінде екі есе жылдам жүріп жатыр.

Логистикалыққызмет көрсету секторын дамыту қажет.

Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізініңқұрылысы да аяқталуға таяу, Парсы шығанағына шығуүшін Түрікменстан мен Иранға теміржол тартылды. Келешекте Қазақстан теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистика орталықтарынқұруға инвестиция салуға тиіс. Жүктерді кедендік өңдеу мерзімдерін қысқартып, шекара өткелдерініңөткізу мүмкіндігін арттырып, Ақтау портыныңқуаттылығын күшейтіп, экспорт-импорт операцияларының ресімдерін жеңілдету керек.

Біз ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Шалқар – Бейнеу жаңа теміржолын салып жатырмыз. Ол орталықтың көптеген аудандарына жан бітіріп, елдің шығысы мен батысын тікелей байланыстырады. Бұл орасан құрылыс 2015 жылы аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік береді. Ал шығыста Тынық мұхиттағы Ляньюньган порты арқылы шығамыз,бұл жөніндеҚХР-мен келісім бар.

Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатынқалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеугеқолдау көрсетуқажет. Таяуда Еуроодақтың ірі компанияларының алғашқы ондығы Еуроодақтыңәйгілі жасыл экономика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Еуроодақ оны жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек.

Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озықәлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығынқұруүшін пайдалану керек. Мамандар тобы Назарбаев университетініңқолдауымен осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылымқалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өндірудіқажет етіп отыр. Жаңа мұнайөңдеу зауыттарын салу қажет.

Сонымен қатар, ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілікөсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндірудеәлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төлөндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз.

Бесінші. шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағыҚазақстанды индустриялық жәнеәлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы меніңұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестіңүлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағыөнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгеніқұрап отыр.

Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге еңқолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұлүрдістіөрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбекқоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.

Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс. Мен Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. ҮкіметҰлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керек.

Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардыңәлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұлүшін біз не істеуіміз керек?

Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылғақарайҚазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқытуәдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектеріқазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуінқарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудіңұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшірудіқарастыруқажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақтыұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушылардықолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызғаөсірілуінқамтамасыз етуді тапсырамын.

Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің жәнеқызметкердің денсаулықүшін ортақ жауапкершілігі – медициналыққызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.

Үшіншіден, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттыңұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеуқажет. Онда қазақстандықтардың бәсекегеқабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек.

Қазақ тілі бүгіндеғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғығақарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлтөкілдерінің саны 10 пайызғаөскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттыңұйытқысы ете білгеніміз жөн.

Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтікқорғауқызметкерлерініңәлеуметтік пакеттерін қайтақарастырған жөн. Үкіметке азаматтыққызметшілер еңбекақысының жаңаүлгісінәзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтікқорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшінҚазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарғақамқорлық көрсетілуге тиіс – бұлөзіміздің жәнеқоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіләлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстыққызмет көрсету, тағамөнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігінқарастыруға болады.

Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қанақоймайды, сонымен бірге, өздерінқоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлықәлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмыстықолға алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайдаҮкімет бұл мәселені барлық компаниялармен бірлесе пысықтап, тиісті шешім қабылдауы керек. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемінҮкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырамын. Мүгедектер бірлестіктері қызметініңқұқықтық базасын жетілдірген жөн.

Үкіметтен бастап жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтыңөсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдыңөрістеуіне жол бермеу маңызды.

Мемлекеттік көмек алушылардың барлығыүшін жұмыспенқамту жәнеәлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек.

Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елініңқатарынаұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңныңүстемдігі және жоғарықұқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттіңүкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдікқұқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.

Сот жүйесі іс жүзінде ашық жәнеқолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлыққұқыққорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.

Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққақарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.Әкімшілік реформа қажетсізқағазбастылық пен құжат айналымыныңқолайсызүдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін осы айтылған барлық мәселелер жөнінде кешенді ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыруқажет. Үкіметке «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – 15 пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрғанәлемнің дамыған 30 елініңқатарынақосылу жолындағы нақты міндеттер осындай. Біздің алдымызда оларды заң жүзіне және нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр.

 

Құрметті депутаттар жәнеҮкімет мүшелері!

Әлемнің дамыған 30 елініңқатарынақосылуғаұмтылысымызды біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет.

Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңдіқамтиды. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердіңөткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруғаәбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларыныңқарқындыөсімінқамтамасыз етіп, қуатты индустриялықөңдеуші сектор құрамыз.

Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздіңғылымиқамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуаттыөңдеушіөнеркәсіпқалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғарыөңделгенөнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылымиқамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды.

Көп нәрсеқалай бастауға байланысты екенін ескере отырып, енді биыл атқарылуға тиіс шараларға тоқталайын.

Үкімет пен Ұлттық банкке осы жылға арналған нақты тапсырмалар беремін.

Бірінші. Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейіндеқамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс.

Екінші. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.

Үшінші. ҮкіметҰлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасынәзірлеуіқажет.

Төртінші. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, мемлекеттіңқатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтауы керек. Тура осындай жұмыстықалған мемлекеттік секторларда да жүргізуқажет. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасықабылдануға тиіс.

Бесінші. Үкімет жылдың соңына дейін Астана және Алматы қалаларында агломерациялар қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы жобасын әзірлеуі керек.

Алтыншы. Үкімет халықаралық сауданы іске асыру кезіндегі кедергілерді алып тастау мәселелерінқарастыра отырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлесін.

Жетінші. Төртінші мұнайөңдеу зауыты мен атом электрстансасының орны, инвестициялар көзі мен құрылыс мерзіміне қатысты мәселелердіҮкімет биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін шешкені жөн.

 

Құрметті қазақстандықтар!

Менің серіктестерім!

Біздің Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақтықағидаттарға негізделуге тиіс.

Біріншіден, қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығықағидаты.

Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағыәлемқалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс.

Екіншіден, өзара тиімді ашықтыққағидаты.

Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқақолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздыңөңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одаққалыптастыруғақатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты.

Үшіншіден, бұл – қазақстандықтардыңәл-ауқатын арттыру қағидаты. Қарапайым адамдардыңәлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс.

Төртіншіден, бүкілхалықтыққолдауқағидаты маңызды мәнге ие.

Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбірқазақстандық хабардар болуы қажет. Бұл «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп сенемін.

Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердіңөздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін тереңұғуға тиіс.

Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің бүкілқұрамының, барлық деңгейдегіәкімдердің жұмысы барлық осы міндеттерді орындауға бағытталуға тиіс. Жалпы, мемлекеттік органдардыңқұрылымы алдағы міндеттердің шешімімен үйлесім тауып, 2050 Стратегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек.

 

Қымбатты отандастар!

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықтыәріұлыҚазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздыңұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұлқұндылықтар – уақыт сынынан өткенҚазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалықөсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ ЕңбекҚоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздіңұлттыққауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыданқатысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

ЖаңаҚазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттыққұндылықтарда жатыр.

Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттыққозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдаудыұйымдастыруды тапсырамын.

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алғақоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!

Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.

Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқаәрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

 

Қадірлі халқым!

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі теңқатынасқұрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзуұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елініңұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлттыұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарынақол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың МәңгілікҒұмырыұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – МәңгілікҚазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ ЕлініңҰлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымынұлтымыздыңұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы етіп алдым.

Тәуелсіздіккеқол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұруәлдеқайдақиын.

Бұл – әлем кеңістігіндеғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырынқұрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгеніңқателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздіңөзқолымызда. Бұлүшінөзіміздіүнеміқамшылап, ұдайы алғаұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздіңқарашығындай сақтай білуіміз керек.

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күлліәлемді таңқылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар