Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
  • Негізгі бет
  • Мемлекеттік қызмет
  • «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» КММ-інің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және сипаттамасын бекіту туралы
Мемлекеттік қызмет МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ



«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» КММ-інің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және сипаттамасын бекіту туралы


Жоба

«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің
аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігін беру қағидаларын және
сипаттамасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабы 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметтік куәлігін беру қағидалары және сипаттамасы бекітілсін
2. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлімі осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, тіркелгеннен кейін ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Әуезов ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Оразалинге жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Әуезов ауданының әкімі                                                                                           А. Рақымбетов

Енгізуші:
Персоналды басқару қызметінің
(кадрлық қызмет) бас маманы                                                                                  А. Тоқтарбаева

Келісілді:
Әкімнің орынбасары                                                                                                 Е. Оразалин
Мемлекеттік- құқықтық бөлімінің басшысы                                                          С. Омарова



Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімнің
2017 жылғы 19 маусымдағы № 02
шешімімен бекітілген 

«Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

қызметтік куәлігін беру
ҚАҒИДАЛАРЫ және сипаттамасы

1. Жалпы ережелер

1. Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі аппаратының (аудан әкімінің аппараты) мемлекеттік қызметкерлерінің қызметтік куәлігі (әрі қарай –куәлік) оның мемлекеттік әкімшілік лауазымын және лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.
2. Куәлік төмендегі Қағидалардың 4-тарауында көрсетілген сипаттамаға сәйкес келеді.
3. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (әрі қарай - ПБҚ) аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөліміне куәлікті дайындауға тапсырыс береді. 4. Куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды ПБҚ жүзеге асырады.

2. Куәлікті беру тәртібі және сақталуын қамтамасыз ету

5. Куәлік Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің (әрі қарай – аудан әкімі) қолымен – аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне беріледі.
6. Куәліктер қызметкерлерге қызметке тағайындалған, қызметі өзгерген, бұрын берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда беріледі. Қызметке бірінші рет тағайындалған адамға куәлікті табыс етуді ПБҚ осы Қағидаларды түсіндіре отырып, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналына қол қойдырумен жүзеге асырады. Жаңа қызметіне тағайындалу кезінде бұрын берілген куәліктер міндетті тәртіпте ПБҚ-ға қайтарылады. Екі жыл өткеннен кейін тиісті мемлекеттік қызметші куәлігінің қолданылу мерзімі оның атқаратын қызметі сақталған жағдайда ұзартылу керек. Қолданылу мерзімі аяқталған куәліктер жарамсыз деп саналады.
7. Куәлік жоғалған, бүлінген, басқа тұлғаларға берілген жағдайда, оның иесі Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына болған оқиға туралы аудан әкімі аппаратының басшысына жазбаша нысанда баяндайды. Куәлік жоғалған, бүлінген, басқа тұлғаларға берілген, оны қызметтен тыс мақсаттарға пайдаланған жағдайда ПБҚ аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша бір апта мерзімде қызметтік тергеу жүргізеді.
8. Мемлекеттік қызметкердің кінәсі бойынша жоғалған немесе бүлінген куәлік өз қаражатының есебінен қалпына келтіріледі.
9. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері атқаратын қызметінен босатылған жағдайда куәліктерін, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналына қол қойдырумен ПБҚ-ға тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде жұмыстан шығу парағына куәлікті беруге жауапты тұлға қолын қояды. Жоғалған куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп танылып, ол жайында ПБҚ-ға хабарланады.
10. Жыл сайын, 15 қаңтардағы жағдай бойынша, ПБҚ куәліктердің олардың есептік деректерге сәйкес келуі тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.

3. Куәліктерді есепке алу, сақтау және жою тәртібі

11. Қызметкерлер куәлікті алғаны үшін, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне қызметтік куәлігін беру және қайтаруды есепке алу журналына қол қояды.
12. Куәліктер және есепке алу журналы ПБҚ сейфінде сақталады. Куәліктердің дұрыс ресімделуі мен сақталуы үшін жауапкерлік ПБҚ-ға жүктеледі.
13. Жұмыстан шығу немесе бүлдіріп алған кезде қызметкерлер ПБҚ-ға тыпсырған куәліктер жылына бір рет жою туралы тиісті актісін жасап, еркін нысанда, жойылуға жатады

4. «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметкердің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

1. Куәліктердің мұқабалары ашық көк түсті жоғары сапалы былғарыдан немесе қара көк түсті «балакрон» материалынан жасалады. Ашылған күйінде қызметтік куәліктің өлшемі 6,5х19 см болады.
2. Куәліктің беткі жағының ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, одан төмен«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» деген типографиялық қәріппен жазба жазылған.
3. Куәліктің ішкі жағы екі жартыдан тұрады – сол және оң, олардың әрқайсысы ақшыл сары түстес күрделі құрылған тангир торы түрінде жасалған, ішкі жағының орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік нышаны белгіленген. Куәліктің сол жағының жоғары бөлігінде «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» сөзі негізгі тангирден «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ» микроәріпімен ажыратылған. Микроқәріптің астында «№___КУӘЛІК» жазуы жазылған. Куәліктің оң жағының жоғары бөлігінде «АППАРАТ АКИМА АУЭЗОВСКОГО РАЙОНА ГОРОДА АЛМАТЫ» сөзі негізгі тангирден «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ» микроқәріпімен ажыратылған. Микроқәріптің астында «УДОСТОВЕРЕНИЕ №___» жазуы жазылған. Сол жағында қызметкердің өлшемі 3х4 сантиметр болатын суреті (анфас, түрлі-түсті) орналастырылған, әр жол сайын тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мемлекеттік тілдегі лауазымы көрсетілген. Куәлік Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің қолымен куәландырылған және елтаңбалы мөрдің таңбасымен бекітілген. Оң жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, әр жол сайын тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), орыс тілдегі лауазымы көрсетіледі. Төменгі бөлігінде куәліктің қолдану мерзімі көрсетіледі.
4. Куәліктің үш дәрежелі қорғанышы бар: жиектелген жолақ (микроқәріппен терілген «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ» мәтіні), арнайы тангир және мөлдір қабықша.