Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
  • Негізгі бет
  • Ауданда құқық бұзушылық пен қылмыстықтың алдын алуы туралы
  • "Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға қоғамда "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған Ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар Жоспарыны ң " 2016 жылдың 1 жартыжылдығында Алматы қаласы Әуезов ауданында орындалуы туралы АҚПАРАТ
Ауданда құқық бұзушылық пен қылмыстықтың алдын алуы туралы АУДАНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫ ТУРАЛЫ



"Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға қоғамда "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған Ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар Жоспарыны ң " 2016 жылдың 1 жартыжылдығында Алматы қаласы Әуезов ауданында орындалуы туралы АҚПАРАТ


"Тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықтарға қоғамда "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған

Ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар Жоспарыны ң "

2016 жылдың 1 жартыжылдығында Алматы қаласы

Әуезов ауданында орындалуы туралы

АҚПАРАТ

5-тармақ.

2015 жылдың наурыз айында Әуезов ауданы әкімі "Әуезов ауданы "Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар Жоспарын" орындауға арналған іс-шара жоспарын бекітті. Аудан қызметтеріне және аудан әкімі аппаратына тиісті тапсырмалар беріліп, іс-шараның орындалу мерзімі мен оған жауапты тұлғалар анықталды.

6-тармақ.

Құқықбұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын іске асыру мәселесі бойынша Интернет-конференция Әуезов ауданында ұйымдастырылған жоқ.

9-тармақ.

Қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңдылықты сақтау және қоғамда құқықбұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңестер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізілген жоқ. Осы іс-шаралардың кестесі уәкілетті тұлғалар тарапынан (ІІМ, ОМО) әзірленген жағдайда әкім аппараты белсенді қатысуға дайын.

10-тармақ.

Құқықтық тәртіпті, жол қауіпсіздігі және құқықбұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мақсатында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге ұдайы мониторинг жүргізу Әуезов ауданы әкімі аппаратының құзыретіне кірмейді.

11-тармақ.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоарарлық комиссия Әуезов ауданы әкімі аппаратында құрылған жоқ.

12- тармақ.

19.01.2016ж. және 07.06.2016ж. аудан әкімінің төрағалығымен «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіру бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді. Мәжіліске Алматы қаласы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аудандық бөлімінің бастығы, ПИК төрағалары, аудан әкімінің жауапты қыметкерлері және аудандық қызмет басшылары қатысты. Мәжіліс нәтижесі бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Ағымды жылдың басынан аудан әкімі аппарытымен 356 үйде 245 жиналыс өткізілді. Әуезов ауданы ІІБ учаскелік испекторлары, ПИК қызметкерлері мен тұрғындарға Қазақстан Республикасының заңнамаларын, оның ішінде қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Ағымдағы жылдың қаңтары мен маусым айына дейін жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен Таугүл, Достық, Ақсай, Жетісу, Алтын бесік, Сайран, Тастақ, Мамыр, № 2,3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 12 шағынаудандарында ақсақалдар және «Нур Отан» партиясы өкілдерімен жиналыстар өткізілді. Жиналыстарда аудандық ІІБ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру жұмысын жүргізді.

14- тармақ.

Әуезов ауданы әкiмi аппаратында "Разбитые окна", "Соседский надзор" және тағы басқа бағдарламалары әзірленген жоқ. Ауданда "Қауіпсіз аудан" бағдарламасы іске асырылуда және бағдарлама аясында бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары ұйымдастырылған. Есептік кезеңде барлығы – 5787 бейне бақылау камерасы орнатылды, оның 2332-і сыртқы, 3455-і ішкі. Көпқабатты тұрғын үй аулаларында, жалпы саны 392 ауланы қамтитын – 2988 бейне бақылау орнатылды, соның ішінде сыртқы – 1434 қондырғы.

15- тармақ.

Мәдениетсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру бойынша жұмысқа тікелей қатысатын полиция қызметкерлері туралы бейнероликтер мен сюжеттер (жол-патрульдік полиция, участкелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандар істері бойынша және т.б.) аудан бойынша есептi мерзiмде болған жоқ.

16- тармақ.

20.04.2016ж. аудан әкімінің төрағалығымен аудандық ІІБ-ның жергілікті полицияның қызметі туралы кеңейтілген жиналыс өткізілді. Аудандық ІІБ жергілікті полицияның жеке құрамының арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа және қылмысқа жол бермеуге, "нөлдік төзімділік" қағидатының қоғамда қалыптасуына ерекше назар аударылды.

Жиналысқа аудан прокурорының орынбасары, Алматы қаласы ІІД өкілі, "Тұрғын үй" бірлескен заңды тұлғалардың ассоциациясы, Әуезов аудандық "Нұр Отан" партия филиалының өкілдері, учаскелік инспекторлар, ІІД аудандық қоршаған ортаны қорғау бөлімінің полициялары, экология инспекциясы және білім бөлімі қатысты. Мәжіліс нәтижесі бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Ақпарат аудандық Интернет-ресурына жарияланып отырады.

17- тармақ.

Аудан әкімінің аппараты аудандық ІІБ-мен және азаматтар жаппай жиналатын орындардың басшылырымен бірігіп, құқық бұзушылықтардың барлық түрлері бойынша бұзушылық жасаған адамдарды жауапкершілікке тарту үшін, бейне қадағалау камераларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Азаматтар жаппай жиналатын орындарында (театр, кинотеатр, Фэмели саябағы) бейне қадағалау камерасы орнатылған. Аудандык ІІБ күзет ұйымдарымен тығыз байланыста, тиісті ақпаратпен алмасады.

19-тармақ.

Мүдделі мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамды тарта отырып "Ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" туралы кең ауқымды республикалық акция өткізілген кезде аудан әкімі аппараты белсенді қатысады.

20.02.2016ж. - 28.02.2016ж. аралығында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссиясы ІІБ-мен, білім бөлімімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, ауданда тұрақты түрде "түнгі қаладағы балалар" рейді жүргізіледі.

Есептік мерзімде 55 рейдтік іс-шарасы орындалып, оның ішінде қолайсыз отбасыларында-4, жертөледегі-3, қоғамдық көліктерде-2, көңіл көтеру орындарында-3, компьютер клубында-2, шағынаудандарда-1 анықталды. кәмелеттік жасқа толмаған 150 адам анықталды, оның ішінде толыққанды емес отбасында тәрбиеленуші - 15, толыққанды отбасында - 135 жасөспірім. Қайыр сұраған және қаңғыбас мүмкіндігі шектеулі балалар (инвалид балалар) анықталған жоқ.

20-тармақ.

Құрылыс және басқа да ұйымдардың санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу аудан әкімі аппаратының құзырына кірмейді.

21-тармақ.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ұсақ құқық бұзушылықтарды тудыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша белгілі жұмыстар атқарылуда. Сабақтан тыс уақытта оқушылар спорттық үйірмелерге қатысуы қамтылған. Әуезов ауданындағы мектептерде 16 100 оқушыны қамтитын 965 спорт секциялары жұмыс iстейдi. Көктем мезгілінде "Ұлан" әскери-спорттық ойындары ұйымдастырылады. Белгіленген кесте бойынша №9 мектептiң негiзiнде полицияның жәрдемдесуiнiң топтарымен құқық қорғау бағыттылықты қоғамдық қалалық штабтың қатысуымен семинарлар жүргiзiледi.

Сонымен катар, аудан әкімі аппараты ІІБ қызметкерлерімен және аудандық білім бөлімімен келесідей іс-шараларды жиі өткізіп отырады:"Отбасы, жасөспiрiм, көше", "Жұмыспен қамту", "Балаларғақуаныш сыйла", "Демалыс". Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде 2015 жылдың 1 жартыжылдығында Алматы қаласы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді бейiмдеу орталығына 4 жасөспiрiм орналастырылған.

22-тармақ.

Құқықтық мәдениеттi жоғарылату және оқушылар арасында тәртіпті орнату үшiн аудан әкімі аппараты, полицияның қоғамдық жәрдемдесу штабы және аудандық ІІБ келесідей жұмыстар атқарылуда.

Оқу-тәрбиелiк процесс шеңберiнде "Қазақстан-2050" стратегиясы аясында әртүрлі жарыстар, сынып сағаты өткізілуде. Кітапханаларда әртүрлі көрмелер, ақпаратты стендтар ұйымдастырылған. Мектептерде "ҚР Конститутциясы - біздің өміріміздің басты заңы", "Өзіңе тілемегенді басқаға тiлеме", "Сұрақтарды шешудің жолы", "Заң және жасөспiрiм", "Назар аударыңыз - балаларлар!" атты сынып сағаттары өткізілді.

23-тармақ.

Есептік кезеңде түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарда және басқа да көңіл көтеру орындарында болмау тыйым салу заңнама талаптарының орындалуына бақылау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольді және шылым өнімдерін сатуын анықтауына бірлескен рейдтер өткізген кезде Әуезов ауданы бойынша ешқандай құқық бұзушылық анықталмады.

24-тармақ.

Аудан әкімі қызметкерлерімен ЖӨӨБ төрағалары, ІІБ қызметкерлері және ПИК күшімен пәтерлерді аралап тексеру жұмыстары жүргізілуде.Қазіргі уақытта Әуезов ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасында 203 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген.

Есептік кезең бойынша "ТКШ жаңғырту" бағдарламасын іске асыруда, бейне қадағалау камераларын орнату, тұлғаларды анықтау бойынша 359 үйді қамтитын 235 жиналыс өткізілді.

ІІБ басқармасы кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау комиссиясымен және аудандық білім бөлімімен бірлесіп аудан бойынша отбасылық жағдай нашар, толыққанды емес отбасыларды аралап, құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

25-тармақ.

28.03.16ж. комиссия отырысында, барлық мүдделі мемлекеттік органдармен Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар бойынша заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар семинар өткізілді. Сонымен қатар,«Әуезов ауданының ЮП ЖПҚ ІІБ-ның 2016 жылдың 1 тоқсанда және 2 тоқсандағы міндеттері», «Былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғандағы кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын алудағы орта білім беру мекемелерінде атқарылған профилактикалық жұмыстар жөнінде», «2015 жылда Әуезов ауданындағы кәмелетке толмағандарды «Тәртібі девиантты балаларға арналған арнайы оқу ұйымы» мемлекеттік ұйымында күтіп-бағу, оқыту және тәрбиелеу жағдайын тексеру туралы», «Әуезов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің кәмелетке толмаған балаларды жұмыспен қамту» жөніндегі есебі тындалды. Қарау нәтижелері бойынша комиссияның тиісті қаулысы қабылданды.

29-тармақ.

Жол жүрісі қауіпсіздігі аспектілері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жұмыс жүргізу және жол-көлік оқиғаларын ескерту жұмыстары Әуезов ауданы әкімінің аппаратында өткізілген жок.

30-тармақ.

"Қауiпсiз жол", "Жаяу жүрушiнiң қауiпсiздiгi күні", "Автобус", "Транзит", "Назар аударыңыз, балаларлар!", "Мас күйдегі жүргiзушi" жәрдемдесу профилактикалық шаралары жүргiзілген уақытта Әуезов ауданы әкімі аппараты ықпалдастық танытуға дайын.

31-тармақ.

2015 жылы аудан әкімі аппаратымен «Таза мектеп», «Үздік колледж» аудандық байқау өткізілген жоқ.

32-тармақ.

Казіргі уақытта ауданда «2016 жылдың ең үздік аула тазалаушысы» байқауы ұйымдастырылып жатыр. Байқауға қатысу үшін аудандағы ПИК-і толығымен жұмылдырылды. Байқау ПИК жұмысын анықтауда және тұрғындардың қолдауымен қауыпсіз өмірсүру, қылмыс пен құқық бұзушылықтын алдын алу, көріктендіру, аулаларға жасыл желектер отырғызу және т.б. сұрақтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған. Байқау нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

33-тармақ.

30.06.2016ж. Әуезов ауданы құқық қорғау ісі бойынша әр түрлі жастағы топтарды құрайтын өз қатарында 795 азаматы бар - 59 қалыптастыру қоғамы қатысады. Соның ішінде 418 адамнан тұратын -9 студенттер отряды, 98 адамы бар - 11 ПИК қарасты тәртіпті құқық қорғау күзеті, және 279 адамы бар - 31 жас көмекшілер отряды қатысады.

Әуезов ауданы әкімі аппаратында құқық бұзушылыққа жол бергендерді кешіру жөнінде комиссиясы жоқ.

34-тармақ.

Еліміздің одан әрі дамуына әлеуметтік жауапкершілік, құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" сезімін қалыптастыруға бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы бағдарламалар, медиялық жобалар (ток-шоу) шығарылымы 2015 жылдың өткен кезеңінде аудан әкiмiнің аппаратымен БАҚ-та жарияланған жоқ.

35-тармақ.

Әуезов ауданы әкiмiнің аппаратында ұсақ құқық бұзушылық жасаған қызметкер болған жок. Егер аталған ахуал болған кезде талқылау бойынша жиналыстар өткізіледі.

36-тармақ.

Әуезов ауданы әкімінің кызметкерлерінің қызметтік міндетін үлгілі атқару мысалдары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болған жоқ

Мемлекеттiк-құқықтық

бөлiмнің басшысы С. Омарова