Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Ауданда құқық бұзушылық пен қылмыстықтың алдын алуы туралы АУДАНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ҚЫЛМЫСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУЫ ТУРАЛЫ



«Iшкi iстер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртiптi сақтаудағы және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi рөлін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсан № 1598 Қаулысы (2005.10.08. берілген өзгерістермен)


«Iшкi iстер органдарының учаскелік полиция инспекторларының
қоғамдық тәртiптi сақтаудағы және қоғамдық қауiпсiздiктi
қамтамасыз етудегi рөлін арттыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсан № 1598 Қаулысы
(2005.10.08. берілген өзгерістермен)

ҚР Үкіметінің 2005.10.08. № 826 қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)

Республика аумағында қоғамдық тәртiптi одан әрi нығайту, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мен профилактикасы жөнiндегi жұмыстарды жақсарту, iшкi iстер органдарының учаскелiк полиция инспекторларын мәртебесiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. ҚР Үкіметінің 2005.10.08. № 826 қаулысымен 1-тармақ алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.10.08 № 826 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi учаскелiк полиция инспекторларын оларға бекітіліп берілген әкiмшiлiк учаскелердегi олардың негiзгi қызметiмен байланысты емес мiндеттердi орындау үшiн тартуға жол бермесiн.
3. ҚР Үкіметінің 2005.10.08. № 826 қаулысымен 3-тармақ алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.10.08 № 826 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне заңнамалық кесiмдерде белгiленген тәртіппен жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен:
1) мынадай есеппен айқындалған учаскелiк полиция инспекторларының штат санын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған шығыстарды қаржыландыруды көздеу:
қалаларда:
учаскелiк полиция инспекторы тұрғындар саны үш мыңнан аспайтын аумаққа бекiтiледi;
учаскелiк полиция пунктiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн жауапты учаскелiк полиция инспекторы тұрғындар саны бiр мыңнан аспайтын аумаққа бекiтiледi;
ауылдық жерде - учаскелiк полиция инспекторы тұрғындар саны екi мыңнан аспайтын аумаққа бекiтiледi;
2) учаскелiк полиция инспекторларын автокөлiкпен және оларды мынадай есеппен пайдалану үшiн жағдай жасауды:
қалаларда және аудан орталықтарында - әрбiр учаскелiк полиция пунктiн кемiнде бiр бiрлiк автокөлiкпен;
ауылдық жерде - әрбiр учаскелiк полиция инспекторын бiр бiрлiк автокөлiкпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. "Милицияның учаскелiк инспекторларының жұмысын жетiлдiру, олардың материалдық жағдайын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" СССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 3 ақпандағы № 136 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 2 наурыздағы № 88 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Қажыгелдин



ҚР Үкіметінің 2005.10.08. № 826 қаулысымен ереже алып тасталды (бұр.ред.қара)