Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Аудан қызметтері АУДАН ҚЫЗМЕТТЕРІ



Ветеринарлық инспекция


Ветеринарлық инспекция

Басшы

Ермағанбетов Қуаныш Жедебайұлы

 ж.т. 397-77-65        

 қ.б. 397-55-66


Жануарлардың бруцеллезі және бруцеллезбен күресу шаралары 

         Бруцеллез – Brucella атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын созылмалы өтетін адам және жануарладың ауруы.
         Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бруцеллез жөнінде біріктірілген сараптаушы комитеті келесі топтастыруды ұсынады, осыған қарағанда  Brucella туыстастығы алты түрге бөлінеді: Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, Brucella neotome, Brucella ovis, Brucella canis.
         Жануарларда бруцеллездің клиникасы әр түрлі болады. Аурудың негізгі белгісі іш тастау болады, ол кезеңде іш тастаған төлмен, шарана суымен, плацентамен, жыныс органдарының сұйығымен көп уақытқа дейін сыртқы орта ластанады. Бруцеллалар сыртқа ауырған малдың несебімен және сүтімен шығады. Сонымен қатар, малдың терісі, қорадағы мал орны, төсеніш, жем-шөптің қалдықтары, құрал-саймандар, мал қора, жайылым және суаттар ластанады. Жануарларда іш тастаудан басқа орхит, бурсит, эндометрит, мастит байқалады. Індет сонымен қатар жасырын түрде өтеді, тек арнайы зерттеу нәтижесінде ғана анықталуы мүмкін.
         Жануарлардың бруцеллезімен күресу келесі шараларға бағытталған:
         А) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;
         Б) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;
         В) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.
         Бруцеллезге қарсы шаралар ұйымдастару-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады.
         Ұйымдастыру-шаруашылық шараларға малдың өсірілуі, азықтандыру мен өсіру жағдайы, жұмысты ұйымдастыруын қорғау, ветеринариялық және санитариялық білімдерді насихаттау.
         Ветеринариялық-санитариялық шараларға санитариялық режимді және мал шаруашылығы нысандарында шектеу шараларын сақтау, фермаларды қоршау және аумақтарға бөлу, ветсанжібергіш және дезбөгеттер жасау, мал өнімдері мен шикізаттарын залалсыздандыру дезинфекциялау, дезинцекциялау және дератизациялау кіреді. Бұл шаралар жалпы қабылданған нормалар және бруцеллездің ерекшелігіне байланысты туындайтын жеке бөліктері жөнінде осы ереже бойынша жүргізіледі.
         Арнайы шараларға осы нұсқауға сәйкес жүргізілетін иммунопрофилактика және диогностиклық зерттеулер мәселелері кіреді.
         Мал бруцеллезімен күресу жүргізілген індеттанулық талдау нәтижелері бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес пунктерге жатқызылған жануарлар табының (отарының) белгіленген аумағында жүргізіледі. Сонғысының құрамына індет ошағы және қауіп төнген аумаққа кіреді.
         Бруцеллезбен ауырған мал немесе осы аурудан таза емес мал табыны орналасқан мал қорасы, аула, жайылым, немесе басқа да аумақтар бруцеллездің індет ошағы болып табылады.
Бруцеллезбен ауырған мал немесе уақытша оқшаулау мақсатында организимдерінен бруцеллалар белсенді бөлініп жатқан (мысалы шарана суымен, шумен, жыныс жолдарының бөлінулерімен) зақымданған жануарлар тобы орын тепкен қоралар және шектелген аумақ індет ошағының мәйігі болып саналады.
Індет ошағы орналасқан елді мекенінің немесе шаруашылықтын аумағы аурудан таза емес пункт болып есептеледі.
Індет ошағының сыртында орналасқан, аурудан  таза емес пункттің аумағы, қауіп төнген аумақ болып есептеледі.
Жануарлардың бруцеллез ауруының алдын алу үшін уақытында бақылау зерттеулерін жүргізу қажет.
Бруцеллезге бейім жануарларды сатып алғанда, оларды 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстайды және 2 рет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіп, басқа жануарлармен бірге ұстауға зерттеулерден тек 2 рет теріс нәтиже алғаннан кейін барып рұқсат етіледі. Егер зерттеулер кезінде бруцеллезге оң нәтиже берген жануарлар байқалса оларды оқшаулайды және диагнозын анықтайды, бруцеллез анықталған жағдайда ауру және олармен жанасуда болған жануарларды етке союға тапсырады.
Бруцеллез ауруының алдын алу үшін жануарларды басқа адамдарға сату және басқа жаққа әкету, олардың аурудан тазалығын дәлелдегеннен кейін және паспортында қажетті белгілердің болуына байланысты жүзеге асырылады.
Сауықтыру шаралары мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының басшылығымен ветеринариялық мамандар жоспарлайды және жүргізеді.
Тұрғындар бруцеллез ауруының таралуын және ол аурудың салдарын түсіне отырып, ветеринариялық іс-шараларға көңіл бөліп, ауыл шаруашылық жануарларын дер кезінде тексеруден өткізіп отырулары керек.
Топалаң ауруының алдын алу

Топалаң – жануарларды оған қарсы иммундегенде ғана тіркелмегені болмаса, ешқашанда толық қауіптілігін жоймайтын індет. Сол себепті күрестің ең негізгісі жануарларды топалаңға қарсы вакцинамен иммундеу болып табылады. Аталған шараны жүргізбеу топалаң тіркелуінің басты себебі. Соңғы кездерi елiмiздiң түкпiр-түкпiрiне топалаң – сібір жарасы ауруы iшiнара таралды. Оған мысал: 2010 жылдың мамыр, маусым айларында Павлодар облысы, Ақсу ауданының Ребровка, Қарақол елді  мекендерінде болған жағдай. Аталған елді мекендерде топалаң жануарлар арасында ғана тіркеліп қоймай, оның қоздырғышы адамдарды да ауруға шалдықтырған.  Соның кесiрiнен тiптi, кейбiр аймақтарда ет жеуге де тыйым салынды. Пайда болған індет жергiлiктi халықты да, үкiмет органдарын да бiр дүрлiктiрiп өттi. Осындай дертпен емханаға түскен 5 адамның екеуi қазаға ұшырады. Қайғылы жағдайдың басты себебi – тұрғындардың аталмыш ауру туралы мағлұматының жоқтығы немесе тым таяздығы. Топалаң кезінде жүргізілетін ветеринариялық – санитарлық шараларды толық біліп оны сақтағанда қайғылы жағдай болмас па еді. Десе де, сайын далада көшiп-қонған ата-бабаларымыз бүгiнде сiбiр жарасы деп аталып жүрген қатерлi ауруды емдеудiң түрлi жолдарын жақсы бiлген. Халық медицинасының да бүгiнде ұмытылуы осындай жағдайға душар етiп отыр.

Сондықтан біз өз мақаламызда тұрғындарға топалаң туралы мүмкіндігімізше толық мағлұмат беріп қана қоймай, қатерлі індеттің алдын алу, емдеу және басқа да күресу жолдарын ұсынғанды жөн көрдік. 

Ауру қоздырғышының сыртқы орта жағдайында өте ұзақ, тiптен жүз жылдан да астам сақталатындығын, бұл аурумен жануарлардың барлық түрi және адамдардың ауыратындығы және басқа да ерекше қасиеттерi жөнiнде халыққа  жан-жақты, егжей-тегжейлi мағлұмат берiлуi тиiс. 

Топалаң – ауылшаруашылығы жануарлары мен адамдар арасында жиi байқалатын ауру түрi. Жіті өтіп, септицемия, ауыр улану және зақымданған жерінде карбункалар пайда болатын індет. Адамдар ауруды малдардан жұқтыратындықтан iндеттi зооантропонозды дейдi. Бiрақ ауру адамнан адамға жұқпайды.Арнаулы әдебиеттерде топалаңмен үй жануарлары мен адамдардан басқа жабайы аңдар: арқар, бұлан, бұғы, бөкен, елiк, бизон, зебра, керiк, пiл; жыртқыш аңдар: аю, арыстан, жолбарыс, барыс, сiлеусiн, iлбiсiн, қасқыр, ит, мысық; сондай-ақ, құндыз, күзен, бұлғын, сусар, ақ түлкi; атжалмандар мен сарышұнақтардың да ауыратындығы туралы мәлiметтер бар. Бауырмен жорғалаушылар, қосмекендiлер мен балықтар ауру қоздырғышына төзiмдi болғанмен, қоздырғыштың тасымалдаушысы бола алады.

Ағылшынша anthrax, латынша – pustula maligna, немісше – milzdrand немесе anthrax chardon, орысша – сибирская язва. Қазақ тілінің тіл байлығына немесе аурудың қазақ жерінде өте көп кездескендігінен бе, ежелден мал өсірген қазақ халқы ауруға шалдыққан малдың түріне қарай қойда – «топалаң», ешкіде «шекшек», ірі қарада – «қараталақ», «қарасан», түйеде «ақшелек», «қарабез», жылқыда «жамандат» кейде «тегене» деп атайды. Адамда аурудың клиникалық белгісіне қарай «түйнеме» немесе «күйдіргі» деп аталады. Соңғы кездері жануарлар арасындағы аурудың жалпы ортақ атауы ретінде топалаң атауы жиі қолданып жүр.
         
Патологиялық – анатомиялық өзгерістер топалаңның қандай түрде айқындалғанына байланысты әртүрлі болады.

Созылмалы түрi өте сирек кездеседi, тiптен кездеспейдi деуге де болады.

Аурудың өте жіті түрінде жануарлар ентігіп, тыныс алуы қиындайды, температура жоғарылайды, бұлшық еттері дірілдеп, сіресулер пайда болады. Аузы мен мұрнынан, несебі мен нәжісінен көбіктенген қанды сұйық бөлінеді, кейде клиникалық белгiлерi байқалмай, жануарлар бiрден өлiмге душар болуы мүмкiн.

Топалаң ауруы бiр-екi күнге дейiн созылып, жануарлардың денесiнде домбығулар пайда бола бастайды. Жануарлар жем-шөптен қалады, күйiс қайыруы тоқтап, қатты шөлдейдi, iштiң өтуiмен ұласады. Жануарларда алғашқыда тырысып – бүрісу, құрысулар пайда болып, соңынан аяқтары салдана бастайды. 

Клиникалық белгiлерiне қарай жануарлар арасында топалаңның аборттық, карбункулалы, iшектi, өкпенi зақымдайтын және ангинозды түрi байқалады.
 

Топалаңның карбункулалы түрi аурудың жiтi және созылмалы түрiнде жиi кездесiп, ауру қоздырғышының организмге алғашқы енген жерлерiнде пайда болады. Әсiресе, бас, арқа, көкiрек және құрсақ маңында жиiрек кездеседi. Пайда болған домбығулар алғашқыда қатты, ыстық болып, ауру сезiмi өте жоғары келедi. Соңынан босаңсып, салқындап, жұмсара бастайды да өліеттенеді.

Топалаңның ішекті зақымдайтын түрінде септицимиялық белгілермен  қатар,  жануарлардың температурасы көтеріледі. Алғашқыда олардың ішектері түйнеп, бұрап ауырады, іші тоқтап қатып қалады да, соңы қан аралас іш өтуге ұласады. 

Топалаңның өкпенi зақымдайтын түрi өте сирек кездеседi. Байқала қалған жағдайда гемморогиялық пневмония және өкпенiң домбығып, iсiну түрiнде өтедi.
 

Топалаңның тамақты зақымдайтын ангинозды түрі көбінесе шошқаларға тән келеді. Аталған түрде өтетін топалаңда жануарлардың температурасы аздап көтеріліп, фарингит және ларингиттің белгілері байқалады. Жануарлардың мойнында домбығулар пайда болып, олардың тыныс алу және жұтынуы қиындап, жөтел пайда болады. Ауру шошқалардың тамағы қырылдап, кілегейлі қабықтары көгереді. Жұтқыншақ пен тамақ қатты ісінсе жануарларға ауа жетпей, өлімге ұшырайды. Аталған белгілер көп жағдайда әлсіз байқалады.

Адамдардың күйдiргiсi терiнi, өкпенi және iшектi зақымдайтын үш түрде кездеседi. Ең көп кездесетiнi терiнi зақымдайтын түрi (95-97 %). Күйдiргiнiң терiнi зақымдайтын түрiнде көбiнесе адамдардың сырт келбетi: бетi, мойны, қолы және саусақтары жиi зақымданады. Ауру қоздырғышы енген жерде (шиқан) пайда болады.

Ауру қоздырғышының басталу көзi болып ауру малдар саналады. Себебi, олар топалаң қоздырғышын нәжiс, несеп және сiлекейлерi арқылы сыртқа шығарып отырады. Жұқпалы ауру қоздырғышының берiлу факторлары ретiнде залалданған сыртқы орта объектiлерiн жатқызуға болады. Оларға терi, жүн, сүйек, мүйiзбен бiрге топалаңнан өлген малдың өлексесi жатады. Бұлардың iшiнде малдың өлексесi ең қауiптi. Сол себептi, ветеринариялық заңдылықтар бойынша топалаңнан өлген малдың өлексесiн сойып, етiн пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Дер кезiнде залалсыздандырылмаған, жинақталмаған өлекселердi жабайы аңдар мен құстар жан-жаққа таратуы мүмкiн.

Жануарлар ауруды топалаң қоздырғышымен залалданған жайылымда жайыла жүрiп, жем, шөп немесе су арқылы жұқтыруы мүмкiн. Оның жұғуына ауыз қуысы мен өңештiң кiлегейлi қабығының зақымдануы, тiстiң түсуi, гастриттер мен гастроэнтериттер қолайлы жағдай туғызады. Аурудың басқа да жолмен таралуына маса, сона, шыбын-шiркей тәрiздi қан сорғыш жәндiктер септiгiн тигiзедi. Сонымен бiрге, топалаң қоздырғышы аэрогендi жолмен де жұғуы мүмкiн. Яғни, мұндай жолмен жұғу, әсiресе, қойларды бiр жайылымнан екiншi жайылымға шаңдатып айдағанда жиi кездеседi.
 

Көп жағдайларда адамдар күйдiргiге ауру малдарды күтiп-баптағанда, сойғанда, етiн тiлшелеп өңдегенде, сонымен бiрге олардың терiсiн, жүнiн және басқа да шикiзаттарын пайдаланғанда шалдығады.

Топалаң адамдар арасында тарап кетпеуi үшiн мал мамандары, қойшы, түйешi, жылқышылар мен мал дәрiгерлерi топалаңға қарсы вакцинамен егiлiп, үнемi медицина қызметкерлерiнiң бақылауында болуы тиiс. Ауру малдарды бағуға, күтiп-баптауға, өлекселердi жинап, мал қораларын тазалауға вакцина егiлмеген және қолында немесе денесiнiң әртүрлi бөлiктерiнде жарасы бар адамға рұқсат етiлмейдi. Денесi қызарып iсiне бастаған немесе жара пайда бола бастаған адамдар бiрден, көп кешiктiрмей дәрiгерге көрiнуi қажет.

Топалаң шыға қалған жағдайда сол елдi мекенде, шаруашылықта, ферма немесе жайылымда карантинжарияланады. Карантин кезiнде сыртқа мал шығаруға, не сырттан мал әкелуге, малды үйiрден үйiрге ауыстыруға, сатуға, алмастыруға, карантин жарияланған жерде мал базарын ұйымдастыруға, осы жерден малдан алынатын өнiмдердi, сондай-ақ жем-шөптi сыртқа шығаруға, шаруашылықтағы барлық малды бiр суаттан суаруға, ауру малдың етi мен сүтiн пайдалануға, өлексенiң iшiн жаруға қатаң тыйым салынады. Ауру малдан сүт сауылмайды. Карантин жарияланған жердегі барлық мал басының температурасы өлшеніп, тексеріледі. Ауру немесе ауруға күдікті мал оқшауланып, емдік шаралар жұргізіледі. Ауру көп жағдайларда өте жылдам өтетiндiктен емдеу шараларын мүмкiндiгiнше жедел ұйымдастырудың маңыздылығы өте зор. Емдеу топалаңның терiнi зақымдайтын түрiнен басқа түрлерiнде кешендi болғаны жөн. Топалаң қоздырғышының ашылу тарихы тереңде жатқандай, оны емдеу жолдары да өте ертеден басталады.

Iндетке қарсы жүргiзiлетiн көптеген шаралардың iшiнде ең негiзгiсi және ең маңыздысы топалаңға сезiмтал жануарларды вакцинамен иммундеу болып табылады. Профилактикалық мақсатпен ауылшаруашылық жануарларының барлық түріне жылына 1 рет вакцина егілуі тиіс. Қозылар мен лақтарға вакцина бірінші рет 3 айлық мерзімінде, ал соңынан екіншеі рет 9 айлық жасында қайта егіледі. Қойлар мен ешкілер жылына 1 рет төлдері енесінен айырылған кезде егіледі. Бұзаулар алғашқыда 3 айлық болған кезде, екінші рет 6 айдан соң қайта егіледі. Құлындар профилактикалық мақсатпен алғашқы рет 9 айлығында, қажетті жағдайда 3 айлығынан бастап егіледі. Соңынан вакцина егу тәсілі ірі жылқыларға ұқсас келеді. Жылқылар жылына бір рет егіледі. Торайлар алғашқы рет 3 айлығында жазғы лагерге шығардан 14 күн бұрын егіледі. Түйелердің барлық түрі жылына бір рет егіледі, түйелерге вакцина егуді боталар 3 айға толғанда бастайды. Есектер мен қашылар жылына 1 рет 3 айлығынан бастап егіледі. Бұғылардың барлық түрі жасы 3 айлық мерзімнен басталып жылына бір рет егіледі. Бағалы терілі аңдардың барлық түрі жасы 3 айлық мерзімнен басталып жылына бір рет егіледі. Шарасыз болған жағдайда шаруашылықта жұқпалы індет бар немесе жоғына қарамай жануарларға вакцина егіле береді. Дене температурасы жоғарылаған және ауырған жануарларға вакцина егілмейді. Мұндай жануарларға вакцина ауыруынан толық емделгенне кейін егіледі.  Вакцина егiлген жануарлардан сауылған сүт ешқандай шектеусiз қолданыла бередi. Вакцинадан кейiнгi асқыну белгiлерi пайда болған және маститке ұшыраған жануарлар сауылмайды.  Вакцина егiлгеннен соң 2 аптадан кейiн ғанамалдысоюға рұқсат етіледі.
 
Көп елдiмекендерде малды соятын арнаулы қондырғылар жоқ. Сол себептi, мал арнаулы жабдықталмаған жерлерде, аулаларда, мал дәрiгерiне ескертпей, рұқсатсыз сойылады да, оның етi сатуға жөнелтiледi немесе көршiлерге таратылады.

Соңғы кезде елiмiздегi адамдар арасында тiркелген күйдiргi немесе түйнеменiң түгелге жуығы малды мал дәрiгерiнiң бақылауынсыз сойып, базарларға сатуынан немесе көршiлерге таратуынан екендiгi анықталып отыр. Сол себептi, бiрде-бiр малдың, әсiресе ауырған малдың мал дәрiгерiнiң бақылауынсыз сойылуына жол бермеу керек.
 

Топалаңның алдын алу мал фермаларының санитарлық жағдайымен қатар, олар жайылатын жайылымдар мен суаттардың ветеринарлық-санитарлық жағдайын жақсартудан басталады. Әрбiр елдi мекенде жүргiзiлетiн ветеринарлық-санитарлық, ұйымдастыру-шаруашылық жұмыстарының жоспары жасалып, әкiмшiлiкте бекiтiлуi тиiс. Осы шаралардың негiзiнде топалаңның қолайсыз ошақтары, мал корымдары, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын өңдейтiн, сақтайтын кәсiпорындар есепке алынып, онда топалаңмен күресу шараларын жүргiзедi. Топалаңнан өлген жануарлардың өлекселерiн жоюдың маңыздылығы ерекше. Себебi, басқа iндеттердегiдей өлексенi көмiп тастауға рұқсат етiлмейдi. Оны жоюдың бiрден бiр жолы – тек қана өртеп жiберу. Сондықтан, топалаң өлексесiн жағатын арнаулы пештер немесе жылжымалы қондырғылар салу ең маңызды шаралардың бiрi болып саналады.

Топалаңмен күресу шараларының ішінде тұрғындар арасында ветеринариялық- санитариялық оқу – ағарту жұмыстарының маңыздығын атап өткен жөн. Оқу ағарту жұмыстарында топалаңның аса қатерлігін, өте жіті өтетіндігін, соның салдарынан балау және емдеу шараларын жүргізудің қиындығын, ауру қоздырғышының сыртқы орта жағдайында өте ұзақ, тіптен жүз жылдан да астам сақталатындығын, бұл аурумен жануарлардың барлық түрінің және адамдардың ауыратындығы және басқа жа ерекше қасиеттері жөнінде жан-жақты, егжей-тегжейлі мағлұмат берілуі тиіс.
 

Ол үшін радио, теледидар, газет, журналдар арқылы түсіндірмелер айтылуы тиіс Сонымен бірге топалаңмен күресу жөнінде брошюра және ұсыныстар шығарылуы қажет. Топалаңмен күресуді тек вакцина егумен ғана шектеп қоймай, жоғарда келтірілген ұсыныстарды ескере отырып, жан – жақты кешенді түрде жүргізу аталған індетті ауыздықтаудың бірден – бір кепілі.