Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Сұрақ - Жауап


1.     Сұрақ:  жоғалған куәліктің қалпына келтіру жолдары?

Жауап: Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттың №3 қосымшасына сәйкеснәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық);

 2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қайталама куәлік алу үшін 1 АОЕ 100% (2269 теңге) төленеді.

 

2.     Сұрақ: Мұрағаттық анықтаманы алу жолдары?

 

Жауап: мұрағаттық анықтамалар Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттың №3 қосымшасына сәйкес:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық);

2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мұрағаттық анықтама алу үшін 1 АОЕ 30% (680,7 теңге) төленеді.

 

3.     Сұрақ: Ортақ балалары жоқ, өз-ара келісім бойынша  неке бұзу жолдары қандай?

 

Жауап:. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі кезінде жүргізіледі.Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) 2008 жылдан бері қарай тіркелген жағдайда өтінішті «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беруге мүмкін.

 

4.     Сұрақ:  Жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегін жүзге асыру жолдары қандай?

 

Жауап: Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 257 б., 3 т . сәйкестегін ауыстыру туралы өтініштіркеуші органға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша беріледі сонымен қатар «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беруге мүмкін.

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін 1 АОЕ 200% (4538 теңге) төленеді.

Тегін өзгерту үшін жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, 2 фото, баж сомасы төленгені туралы түбіртек талап етіледі.

 

5.     Сұрақ: Тууды қалай және қай жерде тіркеуге болады?

 

Жауап.       Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады не ол «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-анасыныңтұрғылықтыжерiолардыңзаңдымекенжайынасәйкесайқындалады.   Баланың тууы туралы тіркеу өтінішті оның ата-анасы не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш күннен кешіктірмей беруге тиіс. Тууды тіркеуге туу туралы медициналық анықтама, ата-аналарының жеке куәліктері, неке қию туралы куәлік талап етіледі.Баланың тууын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.

 

6.     Сұрақ: 1 жастан асқан балаға  туу туралы куәлік алу жолдары?

 

          Жауап: Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша беріледі.
      Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-анасы емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынуы тиіс.      Екі ай мерзім өткеннен кейін баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

 

7.     Сұрақ: Ата-анасының заңды некесі тіркелмеген жағдайда балаға туу туралы куәлік алу жолдары қандай?

 

Жауап:  Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу

1. баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші;

2. әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі негізінде тіркеуші органдарда жүргізіледі.

Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар баланың туған жері бойынша, баланың әкесінің немесе анасының тұрғылықты жері бойынша не әке болуды анықтау туралы немесе әкелікті тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша жүргізеді.
(Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 204-205 б.б. сәйкес).



8.     Сұрақ: Сот шешімі негізінде неке бұзуға  өтініш беру жолдары?

 

Жауап:  Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеуді некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші орган жүргізеді. Өтінішті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы тапсыруға болады.
          Қазақстан Республикасы азаматының некесін (ерлі-зайыптылығын) бұзуды мемлекеттік тіркеу шет мемлекеттің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы күшіне енген сот шешімінің негізінде азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.

 

 

 

9.     Сұрақ . Некеге тұруға өтініш берудін жолдары?

 

Жауап:       Тіркеуші органдар неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен жазбаша өтініштің негізінде жүргізеді,«электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі.

 

10.                      Сұрақ.  Басқа аумақтардан қайталама куәлік пен анықтамалардың алу жолдары?

 

          Жауап:Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттың №3 қосымшасына сәйкес  нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – Орталық);

 2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қайталама куәлік алу үшін 1 АОЕ 100% (2269 теңге) төленеді, анықтама алу үшін - 1 АОЕ 30% (680,7 теңге) төленеді.